Жаңалықтар

Күрес Олимпиада бағдарламасында қалдырылды

Халықаралық олимпиадалық комитет жексенбі күні спорттық күрес түрлерін 2020 және 2024 жылдары өтетін Олимпиада қатарына қайта қосу туралы шешімді қолдады. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.  Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиада комитеті күрес түрлерін олимпиада бағдарламасынан алып тастау керек деген ұсынысты көтерген болатын. Мұның себебін олар күрестің қызықсыздығымен және келушілердің аздығымен түсіндірген. Дегенмен, мәселе көтерілісімен-ақ бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы шулай шықты. Әлемнің бірнеше елінің палуандары наразылық танытып, Олимпиада комитетімен әліге дейін дауласып келеді. Ал, Халықаралық күрес федерациясы шұғыл басшысын ауыстырып, күрес түрлерін жаңа ережелермен толықтырды.
09.09.2013 07:49 2858

Халықаралық олимпиадалық комитет жексенбі күні спорттық күрес түрлерін 2020 және 2024 жылдары өтетін Олимпиада қатарына қайта қосу туралы шешімді қолдады. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды. 

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиада комитеті күрес түрлерін олимпиада бағдарламасынан алып тастау керек деген ұсынысты көтерген болатын. Мұның себебін олар күрестің қызықсыздығымен және келушілердің аздығымен түсіндірген.
Дегенмен, мәселе көтерілісімен-ақ бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы шулай шықты. Әлемнің бірнеше елінің палуандары наразылық танытып, Олимпиада комитетімен әліге дейін дауласып келеді. Ал, Халықаралық күрес федерациясы шұғыл басшысын ауыстырып, күрес түрлерін жаңа ережелермен толықтырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға