Жаңалықтар

2020 жылғы жазғы Олимпиаданы Токио өткізеді

2020 жылы Олимпиаданы Токио өткізеді. Жапония астанасы екінші дауыс беру кезеңінде Ыстамбұлдан көп дауысқа ие болды. Осындай шешім Буэнос-Айрестегі Халықаралық олимпиада комитетінің  125-ші сессиясында қабылданды. Бірінші дауыс беру кезеңінде Мадрид айналымнан шығып қалған болатын, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі. ХОК-нің жиналысында 103 мүше мемлекеттің 98-і дауыс берді. Тек олимпиада өткізуге ұсыныс берген елдер мен комитет президенті Жак Рогге ғана дауыс бермеді. Алғашқы дауыс беру кезеңінде үш қаланың ешқайсысы да мүше елдердің тең жарымының дауысына ие бола алмаған. Бір қызығы Стамбул мен Мадрид тең ұпайға ие болған еді. Екі үміткер қала тағы да дауысқа салынып, Мадрид кем дауыс жинады. Токио өте жинақы инфрақұрылым ұсынды, сонымен бірге олимпиада нысандарының арасының жақын болғаны да көпшіліктің көңілінен шықты. Жапондықтан ХОК мүшелеріне «Фукусима-1» АЭС-ның астанаға әсері жоқ, Токиодағы радиация деңгейі қалыпты деп сендірді. Сонымен бірге, Токио қауіпсіздігі жоғары қалалардың бірі. Естеріңізге сала кетсек, Токио 1964 жылы Олимпиада өткізген болатын. bnews.kz
08.09.2013 09:04 3226

2020 жылы Олимпиаданы Токио өткізеді. Жапония астанасы екінші дауыс беру кезеңінде Ыстамбұлдан көп дауысқа ие болды. Осындай шешім Буэнос-Айрестегі Халықаралық олимпиада комитетінің  125-ші сессиясында қабылданды. Бірінші дауыс беру кезеңінде Мадрид айналымнан шығып қалған болатын, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

ХОК-нің жиналысында 103 мүше мемлекеттің 98-і дауыс берді. Тек олимпиада өткізуге ұсыныс берген елдер мен комитет президенті Жак Рогге ғана дауыс бермеді.

Алғашқы дауыс беру кезеңінде үш қаланың ешқайсысы да мүше елдердің тең жарымының дауысына ие бола алмаған. Бір қызығы Стамбул мен Мадрид тең ұпайға ие болған еді. Екі үміткер қала тағы да дауысқа салынып, Мадрид кем дауыс жинады.

Токио өте жинақы инфрақұрылым ұсынды, сонымен бірге олимпиада нысандарының арасының жақын болғаны да көпшіліктің көңілінен шықты. Жапондықтан ХОК мүшелеріне «Фукусима-1» АЭС-ның астанаға әсері жоқ, Токиодағы радиация деңгейі қалыпты деп сендірді. Сонымен бірге, Токио қауіпсіздігі жоғары қалалардың бірі.

Естеріңізге сала кетсек, Токио 1964 жылы Олимпиада өткізген болатын.

bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға