Жаңалықтар

Семіздікпен күрес мектептен басталды

Американдықтар семіздікпен күресудің жаңа тәсіліне көшті. Олар алдын алу шараларын мектептен бастамақшы. Турасын айтсақ, ұстаздар салмағы артық оқушылардың ата-аналарына ескерту хабарламаларын жіберіп отыратын болады деп жазады CBS Лос-Анджелес.  Ал, оқушы балалардың өздері болса бұл шараны әзілдеп "семіз хаттар" деп атап кеткен. Диетолог Лорен Шиттің айтуынша, 2-5 жас аралығындағы 900 баланың 200-і семіріп кеткен. "Біз ата-аналарды бұл мәселеге ерте бастан мән беруге шақырамыз. Тек ескертіп қана қоймаймыз, семіздікпен күресудің жолдарын да үйретеміз" дейді ол. Бұл шараның мақсаты - ересектердің өз балаларын салауатты өмір саотына үйретуі. Baq.kz
06.09.2013 12:10 3068

Американдықтар семіздікпен күресудің жаңа тәсіліне көшті. Олар алдын алу шараларын мектептен бастамақшы. Турасын айтсақ, ұстаздар салмағы артық оқушылардың ата-аналарына ескерту хабарламаларын жіберіп отыратын болады деп жазады CBS Лос-Анджелес. 

Ал, оқушы балалардың өздері болса бұл шараны әзілдеп "семіз хаттар" деп атап кеткен.
Диетолог Лорен Шиттің айтуынша, 2-5 жас аралығындағы 900 баланың 200-і семіріп кеткен. "Біз ата-аналарды бұл мәселеге ерте бастан мән беруге шақырамыз. Тек ескертіп қана қоймаймыз, семіздікпен күресудің жолдарын да үйретеміз" дейді ол.
Бұл шараның мақсаты - ересектердің өз балаларын салауатты өмір саотына үйретуі.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға