Жаңалықтар

Жамал Манкеева Айтқалиқызы

Жамал Манкеева Айтқалиқызы - ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология  бөлімінің меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы: 10.02.06 –түркі тілдері (1997 ж.),профессор  (2002 ж.). Ж.А.Манкеева 1950 жылы  26 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған. 1972 жылыС.М.Киров  атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін  үздік дипломмен бітіріп, осы университеттің аспирантурасына  (күндізгі бөліміне) қалдырылған. 1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді. 2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдіснемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды. ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланыстыҚазтест жобасына, басқа да оқулықтар менсөзіктерге сарапшы ретінде қатысады. Қазіргі қазақ тіл білімін дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді. 1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы. «Реконструкция “мертвых” корней глагольных основ казахского языка» тақырыбында кандидаттық (1987 ж.), «Қазақ тіліндегі мәдени лексика» (1997 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі айналысатын проблемалары түркітану; тарихи морфология; тарихи лексикология; этнолингвистика; лингвомәдениеттану; когнитивтік лингвистика; көркем мәтін лингвистикасы; лексикография. Басты еңбектері Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка (1991 ж.), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты (1997 ж.), Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (2002 ж., авторлардың бірі), Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008 ж.), Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту (2010 ж.), Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) 2010 ж., Қазақ әдеби тілі сөздігі (2006 ж., Т.І; 2007 ж., Т.IV; 2008 ж., Т.ХІ, авторлардың бірі), 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (2011 ж., авторлардың бірі). Ғалымның жетекшілігімен 22 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.
06.09.2013 12:08 7635

Жамал Манкеева Айтқалиқызы - ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология  бөлімінің меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы: 10.02.06 –түркі тілдері (1997 ж.),профессор  (2002 ж.). Ж.А.Манкеева 1950 жылы  26 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған.

1972 жылыС.М.Киров  атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін  үздік дипломмен бітіріп, осы университеттің аспирантурасына  (күндізгі бөліміне) қалдырылған. 1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді.

2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдіснемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды.

ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланыстыҚазтест жобасына, басқа да оқулықтар менсөзіктерге сарапшы ретінде қатысады. Қазіргі қазақ тіл білімін дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді.

1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы.

«Реконструкция “мертвых” корней глагольных основ казахского языка» тақырыбында кандидаттық (1987 ж.), «Қазақ тіліндегі мәдени лексика» (1997 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Негізгі айналысатын проблемалары

  • түркітану;
  • тарихи морфология;
  • тарихи лексикология;
  • этнолингвистика;
  • лингвомәдениеттану;
  • когнитивтік лингвистика;
  • көркем мәтін лингвистикасы;
  • лексикография.

Басты еңбектері

Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка (1991 ж.), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты (1997 ж.), Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (2002 ж., авторлардың бірі), Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008 ж.), Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту (2010 ж.), Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) 2010 ж., Қазақ әдеби тілі сөздігі (2006 ж., Т.І; 2007 ж., Т.IV; 2008 ж., Т.ХІ, авторлардың бірі), 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (2011 ж., авторлардың бірі). Ғалымның жетекшілігімен 22 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға