Жаңалықтар

Астанадағы Балалар үйі Отбасы күнін атап өтті

Бұл күндері республикамызда алғаш рет Отбасы күні мерекеленіп жатыр. Астана қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері де тыс қалған жоқ. Өйткені отбасы - бұл бірге тұратын туған-туыстарың ғана емес, сондай-ақ, өмірге деген қарым-қатынасымен, қызығушылықтарымен, сезімдермен біріккен адамдар. «Отбасы - әр адам үшін өмірдегі ең басты құндылық. Отбасы - бұл туған-туыстарың, жақындарың, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық ететін адамдар. Махаббат, жауапкершілік, қамқорлық пен құрмет қасиеттерін нақ осы отбасыдан үйренеміз…», - қалалық Балалар үйінде мереке осындай жылы сөздерден басталды. «Біздің балалар отбасыларын осы балалар үйінен тапты. Мереке Балалар үйінің ескі достары - ҚР ҰҚК жетекшілерінің қатысуымен спорт-ойын-сауық түрінде өтті. Мұндай жылы әрі берік достық 15 жыл бойы жалғасып келеді. Офицерлер балалар үшін жай бастықтар емес, ең жақын әрі адал достарға айналды»,- дейді ұйымдастырушылар. Мереке жетекшілер балаларға арнап дайындаған жарқын және қызықты номерлермен басталып, «Бақытты отбасы» спорт жарысымен жалғасты. Тәрбиеленушілер мен тәрбиеші аналардан және жетекшілерден құралған 2 команда күш сынасып, спорт алаңында отбасы, достық, бақыт туралы мақал-мәтелдер айтып, жарысты. Отбасы күніне орай мерекелік дастархан жайылды. Балалар үйінің түлектері, қалалық оқу орындарын тәмамдаған және оқып жүрген балалар қонаққа келді. http://astana.kz
06.09.2013 08:31 3756

Бұл күндері республикамызда алғаш рет Отбасы күні мерекеленіп жатыр. Астана қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері де тыс қалған жоқ. Өйткені отбасы - бұл бірге тұратын туған-туыстарың ғана емес, сондай-ақ, өмірге деген қарым-қатынасымен, қызығушылықтарымен, сезімдермен біріккен адамдар.

«Отбасы - әр адам үшін өмірдегі ең басты құндылық. Отбасы - бұл туған-туыстарың, жақындарың, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық ететін адамдар. Махаббат, жауапкершілік, қамқорлық пен құрмет қасиеттерін нақ осы отбасыдан үйренеміз…», - қалалық Балалар үйінде мереке осындай жылы сөздерден басталды.

«Біздің балалар отбасыларын осы балалар үйінен тапты. Мереке Балалар үйінің ескі достары - ҚР ҰҚК жетекшілерінің қатысуымен спорт-ойын-сауық түрінде өтті. Мұндай жылы әрі берік достық 15 жыл бойы жалғасып келеді. Офицерлер балалар үшін жай бастықтар емес, ең жақын әрі адал достарға айналды»,- дейді ұйымдастырушылар.

Мереке жетекшілер балаларға арнап дайындаған жарқын және қызықты номерлермен басталып, «Бақытты отбасы» спорт жарысымен жалғасты. Тәрбиеленушілер мен тәрбиеші аналардан және жетекшілерден құралған 2 команда күш сынасып, спорт алаңында отбасы, достық, бақыт туралы мақал-мәтелдер айтып, жарысты.

Отбасы күніне орай мерекелік дастархан жайылды. Балалар үйінің түлектері, қалалық оқу орындарын тәмамдаған және оқып жүрген балалар қонаққа келді.

http://astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға