Жаңалықтар

Радиоақпарат

Радиоақпарат - маңызды саяси мәнге ие, мазмұнында жаңашылдық элементі бар, кең ауқымды, тыңдарман аудиториясына ұсынылатын оперативті жанр түрі. Радиоақпаратта негізінен, ел өміріндегі маңызды оқиғалар, қаулы - қарарлар мен бұйрық - жарлықтар бірінші кезекке шығады. Келесі кезекте әлеуметтік – экономикалық мәселелер, іскерлік байланыстар орын алады. Содан соң ғылыми, мәдени, спорт жаңалықтары беріледі. Қай жерден қандай айғақты алып қарасақ та, радио ақпаратты жедел тарататындығымен басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшеленеді. Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесінде қалың бұқараны болып жатқан оқиғалардан хабардар етеді. Дәл осындай ақпараттар басылым беттерінен де, көгілдір экраннан да орын алады. Ал радиоақпараттың ерекшелігі оның дыбыстық сипатынан келіп шығады. М.К. Барманқұлов радиоақпаратты дыбыстық табиғатына қарай былайша топтастырады: а) диктордың оқуындағы хабарлама; ә) оқиға кейіпкерінің сөзі. Бұл қоғам қайраткерінің, көрнекті ғалымның, т.с.с. маңызды оқиғаға деген көзқарасы немесе оқиғаны, құбылысты көзімен көрген адамның сол туралы пікірі болуы мүмкін. Радиоақпарат ретінде маңызды мәселеге қатысы бар адамның микрофон алдында сөйлеген сөзі түпнұсқа жанды құжат болып табылады. Өйткені, ол сөйлеп тұрған кісінің дауыс ырғағын, сөз саптауын, тіл қату мәнерін, шынайы ықыласы мен көңіл күйін түгел қамти алады. Ал газет ақпаратында мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан да, радиоақпарат тындарманды иландырады. б) тілшінің баяндауы, ол студиядан болып өткен іс-шара туралы, соның куәгері ретінде ақпарат таратады немесе оқиға ортасынан тікелей хабар береді; в) музыкамен көркемделген ақпарат. Қазіргі уақытта соңғы топты бөле-жара қарастырудың қисыны келе қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда музыкасыз берілетін ақпарат өте сирек ұшырасады. Ал жоғарыда аталып өткен үш топқа тән нәрсе – бәрінің де эфир арқылы таратылатындығы. Бұл тұрғыда микрофондағы журналист жаңалықтарды хабарлап, қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндау арқылы тыңдарман аудиториясына ақпарат береді, яғни, коммуникативтік актіні жүзеге асырады. Осыған орай, радиоақпаратты әуе толқыны арқылы тыңдарманға жеткізе білудің де өзіндік заңдылықтары қалыптасқан. Әуелі, радиоақпараттың жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. 1. Деректілігі. Радиоақпараттың мазмұнына нақты бір құбылыс, оқиға, шын мәніндегі факт негіз болады. 2. Дәйектілігі. Онда айтылатын дерек нақты куәландырылған және анық тексерілген болуы тиіс. 3. Жедеғабыл сипаты. Ең жоғары деңгейдегі оперативтілігі. Тыңдарман жаңа болған оқиға жайлы ізін суытпай естуге ұмтылады. Сондықтан да, радиоақпарат “бүгін”, “дәл қазір”, “осы сәтте” деген сөздермен басталуы – шарт. 4. Толыққандылығы. Не болды? Қашан болды? Қайда өтті? Неліктен болды? Кімдер қатысты? Қалай өтті? Оқиғаның мәнісі неде? Егер осы сұрақтардың бәрінің жауабы табылып тұрса, онда ақпараттың жазылып біткендігі. Ақпараттың алғашқы жолы айқын, әрі нақты болуы – шарт. Тыңдарманның соны естігенде әрі қарай біле түскісі келіп, аяғына дейін тыңдауға ықыласы ауып, мәселенің не туралы екенін түсініп алуға қабілетті болуын қамтамасыз ету қажет. Ақпарат жеке бір тұлғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға көзқарасын қалыптастыруға елеулі ықпалын тигізеді. Жаңалық логикалық жүйеге құрылады. Оның да басы, ортасы, соңы болады. Әлбетте, бастапқы сөйлем аудиторияның назарын аударып алса, екінші сөйлем сөз болған оқиғаның мәнісін айқындап, фактіні айғақтайтын қосымша мәліметтерді жинақтайды. Ал үшінші, әрі соңғы сөйлем сол оқиғаның салдары туралы айтып, немесе оған қорытынды жасай отырып жаңалықты аяқтайды. Әуе толқынындағы белгіленген уақыт мөлшерінде маңыздылығына қарай ақпаратты тізбектеп ұсыну осылайша жүзеге асады. Ақпараттың жанрлық элементі тек қана факті болып табылады. Сондықтан да ақпаратта тілші тарапынан пікір білдіруге, баға беруге болмайды. Радиоақпарат жанрының функциясы көпшілікті күнделікті жаңалықтармен құлақтандыру, болып өткен оқиғаларды ізін суытпай жеткізу, болып жатқан маңызды оқиғаларды қолма- қол баяндау, енді болатын оқиғаларды алдын – ала хабарлау. Радиоақпарат көзбен көретін көрерменге емес, құлақпен еститін тыңдарманға бағытталады. Соған байланысты әуе толқынындағы ақпаратқа мынадай талаптар қойылады: 1. Дәлдік. Радиоақпараттарға әрбір фактіні, мерзімін, адамдардың аты – жөнін, қызметтерінің атауын міндетті түрде эфирге дейін тексеріп, анықтап алу қажет. 2. Хабарламалық. Жаңалыққа талдау жасалмайды. Онда факті қысқа – нұсқа, нақты хабарлануы тиіс. 3. Мәнерлілік. Дұрыс қойылған дауыс ырғағының сақталуы, артық демнің, қажетсіз дыбыстың естілмеуі қамтамасыз етілуі керек. 4. Ізеттілік. Кез – келген ақпаратты ұсынғанда аудиторияға құрметпен тіл қату – парыз. 5.  Айтылудағы анықтық. Жаңалықтар легіндегі сөздер эфирге шықпас бұрын екпін сөздігі арқылы екшелуі – шарт. Сонымен, радиоақпаратқа күнделікті эфирден мысал келтіріп көрейік. / Қазақ радиосының 2004 – жылдың 14 – қазанында сағат 18.00 – де берілген жаңалықтар топтамасынан / - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Еуропалық сарапшылар Федерациясына қабылданды. Бұл ұйымға мүше болу қауымдастыққа беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарға сәйкес қаржы сарапшыларының халықаралық үлгідегі сертификатына ие болмақ. Кәдімгі күнделікті радиодан беріліп жүрген ресми ақпарат мәтіні. Жоғарыда айтылған талаптарға сай келеді. Қазақ радиосының мұрағатынан алынған тағы да бір ақпаратқа назар аударалық. /1990-жылдың 15-наурызында эфирден өткен ақпарат/. - Англиядан қуанышты хабар! Қазақ халқының белгілі жазушысы , Ұлы Отан соғысының ардагері Әди Шәріповтің есімі “Әлемнің әйгілі азаматтары” деген анықтамалыққа енгізілді. Осыған орай құрмет иесіне естелік – сыйлық есебінде пергаментті сертификат тапсырылды. Әрі ықшамды, әрі әсерлі жаңалық. Дәл осындай тап-тұйнақтай түсінікті тілмен жазылған жаңалықтарды мұрағатта сақталған микрофондық материалдар арасынан көптеп келтіруге болады. Мәселе келтірілген мысалдарда емес, істің мәні - соған қарап, радиоақпаратты тікелей эфирге тән етіп жаза білудің және оны микрофон алдында мәнерлеп айта білудің қисындарын меңгеруде. Н.Омашев "Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі"
06.09.2013 06:19 6670

Радиоақпарат - маңызды саяси мәнге ие, мазмұнында жаңашылдық элементі бар, кең ауқымды, тыңдарман аудиториясына ұсынылатын оперативті жанр түрі. Радиоақпаратта негізінен, ел өміріндегі маңызды оқиғалар, қаулы - қарарлар мен бұйрық - жарлықтар бірінші кезекке шығады. Келесі кезекте әлеуметтік – экономикалық мәселелер, іскерлік байланыстар орын алады. Содан соң ғылыми, мәдени, спорт жаңалықтары беріледі.
Қай жерден қандай айғақты алып қарасақ та, радио ақпаратты жедел тарататындығымен басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшеленеді. Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесінде қалың бұқараны болып жатқан оқиғалардан хабардар етеді.
Дәл осындай ақпараттар басылым беттерінен де, көгілдір экраннан да орын алады. Ал радиоақпараттың ерекшелігі оның дыбыстық сипатынан келіп шығады. М.К. Барманқұлов радиоақпаратты дыбыстық табиғатына қарай былайша топтастырады:
а) диктордың оқуындағы хабарлама;
ә) оқиға кейіпкерінің сөзі. Бұл қоғам қайраткерінің, көрнекті ғалымның, т.с.с. маңызды оқиғаға деген көзқарасы немесе оқиғаны, құбылысты көзімен көрген адамның сол туралы пікірі болуы мүмкін. Радиоақпарат ретінде маңызды мәселеге қатысы бар адамның микрофон алдында сөйлеген сөзі түпнұсқа жанды құжат болып табылады. Өйткені, ол сөйлеп тұрған кісінің дауыс ырғағын, сөз саптауын, тіл қату мәнерін, шынайы ықыласы мен көңіл күйін түгел қамти алады. Ал газет ақпаратында мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан да, радиоақпарат тындарманды иландырады.
б) тілшінің баяндауы, ол студиядан болып өткен іс-шара туралы, соның куәгері ретінде ақпарат таратады немесе оқиға ортасынан тікелей хабар береді;
в) музыкамен көркемделген ақпарат.
Қазіргі уақытта соңғы топты бөле-жара қарастырудың қисыны келе қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда музыкасыз берілетін ақпарат өте сирек ұшырасады. Ал жоғарыда аталып өткен үш топқа тән нәрсе – бәрінің де эфир арқылы таратылатындығы. Бұл тұрғыда микрофондағы журналист жаңалықтарды хабарлап, қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндау арқылы тыңдарман аудиториясына ақпарат береді, яғни, коммуникативтік актіні жүзеге асырады. Осыған орай, радиоақпаратты әуе толқыны арқылы тыңдарманға жеткізе білудің де өзіндік заңдылықтары қалыптасқан.
Әуелі, радиоақпараттың жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
1. Деректілігі. Радиоақпараттың мазмұнына нақты бір құбылыс, оқиға, шын мәніндегі факт негіз болады.
2. Дәйектілігі. Онда айтылатын дерек нақты куәландырылған және анық тексерілген болуы тиіс.
3. Жедеғабыл сипаты. Ең жоғары деңгейдегі оперативтілігі. Тыңдарман жаңа болған оқиға жайлы ізін суытпай естуге ұмтылады. Сондықтан да, радиоақпарат “бүгін”, “дәл қазір”, “осы сәтте” деген сөздермен басталуы – шарт.

4. Толыққандылығы. Не болды? Қашан болды? Қайда өтті? Неліктен болды? Кімдер қатысты? Қалай өтті? Оқиғаның мәнісі неде? Егер осы сұрақтардың бәрінің жауабы табылып тұрса, онда ақпараттың жазылып біткендігі.
Ақпараттың алғашқы жолы айқын, әрі нақты болуы – шарт. Тыңдарманның соны естігенде әрі қарай біле түскісі келіп, аяғына дейін тыңдауға ықыласы ауып, мәселенің не туралы екенін түсініп алуға қабілетті болуын қамтамасыз ету қажет. Ақпарат жеке бір тұлғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға көзқарасын қалыптастыруға елеулі ықпалын тигізеді. Жаңалық логикалық жүйеге құрылады. Оның да басы, ортасы, соңы болады. Әлбетте, бастапқы сөйлем аудиторияның назарын аударып алса, екінші сөйлем сөз болған оқиғаның мәнісін айқындап, фактіні айғақтайтын қосымша мәліметтерді жинақтайды. Ал үшінші, әрі соңғы сөйлем сол оқиғаның салдары туралы айтып, немесе оған қорытынды жасай отырып жаңалықты аяқтайды. Әуе толқынындағы белгіленген уақыт мөлшерінде маңыздылығына қарай ақпаратты тізбектеп ұсыну осылайша жүзеге асады.
Ақпараттың жанрлық элементі тек қана факті болып табылады. Сондықтан да ақпаратта тілші тарапынан пікір білдіруге, баға беруге болмайды. Радиоақпарат жанрының функциясы көпшілікті күнделікті жаңалықтармен құлақтандыру, болып өткен оқиғаларды ізін суытпай жеткізу, болып жатқан маңызды оқиғаларды қолма- қол баяндау, енді болатын оқиғаларды алдын – ала хабарлау. Радиоақпарат көзбен көретін көрерменге емес, құлақпен еститін тыңдарманға бағытталады. Соған байланысты әуе толқынындағы ақпаратқа мынадай талаптар қойылады:
1. Дәлдік. Радиоақпараттарға әрбір фактіні, мерзімін, адамдардың аты – жөнін, қызметтерінің атауын міндетті түрде эфирге дейін тексеріп, анықтап алу қажет.
2. Хабарламалық. Жаңалыққа талдау жасалмайды. Онда факті қысқа – нұсқа, нақты хабарлануы тиіс.
3. Мәнерлілік. Дұрыс қойылған дауыс ырғағының сақталуы, артық демнің, қажетсіз дыбыстың естілмеуі қамтамасыз етілуі керек.
4. Ізеттілік. Кез – келген ақпаратты ұсынғанда аудиторияға құрметпен тіл қату – парыз.
5.  Айтылудағы анықтық. Жаңалықтар легіндегі сөздер эфирге шықпас бұрын екпін сөздігі арқылы екшелуі – шарт.
Сонымен, радиоақпаратқа күнделікті эфирден мысал келтіріп көрейік. / Қазақ радиосының 2004 – жылдың 14 – қазанында сағат 18.00 – де берілген жаңалықтар топтамасынан /
- Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Еуропалық сарапшылар Федерациясына қабылданды. Бұл ұйымға мүше болу қауымдастыққа беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарға сәйкес қаржы сарапшыларының халықаралық үлгідегі сертификатына ие болмақ.
Кәдімгі күнделікті радиодан беріліп жүрген ресми ақпарат мәтіні. Жоғарыда айтылған талаптарға сай келеді. Қазақ радиосының мұрағатынан алынған тағы да бір ақпаратқа назар аударалық. /1990-жылдың 15-наурызында эфирден өткен ақпарат/.
- Англиядан қуанышты хабар! Қазақ халқының белгілі жазушысы , Ұлы Отан соғысының ардагері Әди Шәріповтің есімі “Әлемнің әйгілі азаматтары” деген анықтамалыққа енгізілді. Осыған орай құрмет иесіне естелік – сыйлық есебінде пергаментті сертификат тапсырылды.
Әрі ықшамды, әрі әсерлі жаңалық. Дәл осындай тап-тұйнақтай түсінікті тілмен жазылған жаңалықтарды мұрағатта сақталған микрофондық материалдар арасынан көптеп келтіруге болады. Мәселе келтірілген мысалдарда емес, істің мәні - соған қарап, радиоақпаратты тікелей эфирге тән етіп жаза білудің және оны микрофон алдында мәнерлеп айта білудің қисындарын меңгеруде.

Н.Омашев "Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға