ШҚО-да Б. Александров атындағы хоккей турнирі өтіп жатыр
Өскемен қаласындағы Спорт сарайында 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Борис Александров атындағы ІІІ халықаралық турнир өттіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
«Бұл турнирде Новосибирскінің «Новосибирск ХК», Барнаулдың «Алтай», Новокузнецкінің «Металлург», Рудныйдың «Горняк», Павлодардың «Ертіс» командалары және Қазақстанның құрама командасы бақ сынасты», деп көрсетілген жазбада.
Борис Александровтың алғашқы жаттықтырушысы Юрий Тархов балғын хоккейшімен бірге және кезінде Борис Александровтың командалас серіктері болған, осы турнирдің құрметті қонақтары, Қазақстан хоккейінің ардагерлері Игорь Кузнецов, Андрей Соловьев, Виктор Набоков, Алексей Межебицкий, Алексей Грищенко мұз айдынына шыққанда, көрермен қауым – мектеп оқушылары қол соғып, құрмет көрсетті.
– Адам үшін ең негізгісі – денсаулық. Сондықтан әрбір адам, әсіресе, жас-тар өзінің денсаулығын, болашағын ойласа, спортпен айналысуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Борис Александров – біздің облыстан шыққан олимпиада чемпионы. Біздің хоккейді, Шығысты, Қазақстанды дүниежүзіне танытты. Сондықтан оны ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осыдан екі жыл бұрын Борис Александровты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Спортпен, соның ішінде хоккей-
мен неғұрлым көбірек айналыссаңыздар, Борис Александров сияқты Қазақстанға, дүниежүзіне танымал боласыздар, – деп облыс басшысы Б. Сапарбаев жарысқа қатысушы хоккейшілер мен жиналған қауымды турнирдің ашылуымен құттықтады.