Жаңалықтар

КТК телеарнасы

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.  2002 жылы тамыз айында апталық-сараптамалық «Ел-жұрт» шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды. «Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.  «Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.  2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.  Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.  КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол.  «Күндерек» ақпараттық бағдарлама 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды.  Қазір «Жаңалықтарда» журналист Ақмарал Әбжани бастаған құрамында жас әрі талапты жастары бар ұжым жұмыс істейді. Ресми Астананың жаңалықтарын бейресми сарынмен шебер жеткізе білген тілшілердің еңбегі көрерменнің жоғары бағасына ие болып жатса, алматылық тілшілердің есімдері де тұрақты көрерменімізге жақсы таныс.  Еліміздің рухани дамуына, саяси тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік жағынан жетілуіне, ұлтаралық ынтымақтастықтың бекуіне ықпал ететін факторлардың бірі – басқа елдердің мәдениетінен хабардар бола отырып, ұлт мәдениетінің өркендеуіне жол ашу. Аударма ісі қазақ даласында ертеден жанданып, қарқынды жүргені белгілі.  Бүгінгі таңда КТК телеарнасындағы аударма бөлімінің жұмысы елеулі нәтижелерге ие болды. Бұл бөлім 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 40 адамнан құралған ұжымда өз ісінің шеберлері, шебер аудармашылар мен майталман актерлар қызмет етеді. Ұжымның жұмысы бірнеше бағытта өрбіген: онда көрерменнің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған «Ғаламат теориясы» сияқты танымдық материалдар да, жас бүлдіршіндерге арналған мультфильмдер де, әлемнің атақты кинокомпаниялары түсірген Түркия, Латын Америка, Үнді, Ресей сериалдары да бар.  Арна бірқатар жаңа жобалар шығарды. Солардың бірі – еліміздің танымал тұлғаларын көрермен қауымға жаңа қырынан таныстыру мақсатымен дайындалған «Жүрекжарды». Бағдарламаны қарымды журналист Жадыра Сейдеш жүргізеді, ал идея авторы Ақмарал Әбжани жобаға жетекшілік етеді.Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміздің еңбегі еленіп, Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің Республикалық байқауында 1 орынды қанжығасына байлады.Танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Жадыраға ақжол тілеп, бірінші орынның жүлдесін өз қолымен табыстады.Жадыра Сейдеш төл мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы да үлкен жүлдеге ие болды. Әріптесіміз ҚР Тұңғыш президенті қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығымен марапатталып, журналистика номинациясы бойынша лауреаттық атаққа ие болды.  Адам баласының алмайтын қамалы, жеңбейтін қиындығы мен шықпайтын белесі жоқ. Әр заманның өз батыры бар, олар арамызда жүр. Журналист Гүлмира Әбіқайдың тұрақты зерттеулерінен құралған «Кейіпкер» бағдарламасы да қысқа уақыт аралығында өзінің тұрақты көрермендерін жинап алды.  Жүрекке жылу беретін, жаныңа шуақ құятын - «Кейіпкер» сіздің жаныңызда жүр. Олардың есімі, тағдыры, тұрмысы әрқилы болғанымен, ұстанымы ортақ - өмір сүруге деген құштарлық.  Ал "Қыз қылығы" бағдарламасында байлықты жаны сүйетін, жігіт десе ат-тонын ала қашатын, онша-мұншаны менсінбей, талғаммен ғана жүретін еркетотай қыздардың қылығына куә боласыздар.  «Мәссаған» атты әзіл-сықақ жобасы дағдарысқа қарсы шоу-бағдарлама. Жобаның теленұсқасы да жоғары рейтингке ие. Ұйымдастырылған «Көктебе - 2009» атты жаңа фестиваль да халық көңiлiнен шығып, мерейлерi үстем болды. Неге десеңiз, бұл бағдарламада театр тарландары мен КВН ойыншылары, сондай-ақ, эстрада әншiлерi мен әртүрлi би ұйымдары бiр сахнада қауышады.  Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға жол ашатын "Алтын белбеу" жобасы Сыр өңірінде соңғы уақытта ұйымдастырылған ірі сайыс. Іріктеу кезінде боз кілемге шыққан 30 мыңнан астам балуан жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп белдесті. Соның ішінен жауырыны жерге тимеген 100 шақтысы ғана ақтық сынға жолдама алды."Алтын белбеу" ұлттық идея төңірегінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған.  Ал "Жаңалықтар: Астарлы ақиқат" - апталық ақпарат алаңы. Бағдарламада бүгінгі болмыс бұқпасыз, боямасыз баяндалады. Түйіткілді тіршілік, қайшыкес көзқарас, айшықты апта – астары ақтарылады деген сөз. Бағдарламаның жүргізуші–редакторы - Дина Төлепбергенова.  Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiндегі бояуы қанық, шоқтығы биiк Қаражорға биін ең алғашқы болып КТК арнасы халық арасында кеңінен насихаттауды қолға алды. Алатау баурайында КТК журналистерімен бірге кино, театр жұлдыздары, спорт саңлақтары мен басқа да танымал азаматтар ән шырқап, буын биін биледі. Қатарымызға 300-ден астам студенттер де қосылды.  КТК арнасы болашақта да ұлттық бағдарламаларға әсерлі реңк беріп, өз көрермендерін қуанта бермек. КТК телеарнасы  
05.09.2013 12:16 7830

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды. 

2002 жылы тамыз айында апталық-сараптамалық «Ел-жұрт» шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. 

«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды. 

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты. 

Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. 

КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. 
«Күндерек» ақпараттық бағдарлама 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды. 

Қазір «Жаңалықтарда» журналист Ақмарал Әбжани бастаған құрамында жас әрі талапты жастары бар ұжым жұмыс істейді. Ресми Астананың жаңалықтарын бейресми сарынмен шебер жеткізе білген тілшілердің еңбегі көрерменнің жоғары бағасына ие болып жатса, алматылық тілшілердің есімдері де тұрақты көрерменімізге жақсы таныс. 

Еліміздің рухани дамуына, саяси тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік жағынан жетілуіне, ұлтаралық ынтымақтастықтың бекуіне ықпал ететін факторлардың бірі – басқа елдердің мәдениетінен хабардар бола отырып, ұлт мәдениетінің өркендеуіне жол ашу. Аударма ісі қазақ даласында ертеден жанданып, қарқынды жүргені белгілі. 

Бүгінгі таңда КТК телеарнасындағы аударма бөлімінің жұмысы елеулі нәтижелерге ие болды. Бұл бөлім 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 40 адамнан құралған ұжымда өз ісінің шеберлері, шебер аудармашылар мен майталман актерлар қызмет етеді. Ұжымның жұмысы бірнеше бағытта өрбіген: онда көрерменнің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған «Ғаламат теориясы» сияқты танымдық материалдар да, жас бүлдіршіндерге арналған мультфильмдер де, әлемнің атақты кинокомпаниялары түсірген Түркия, Латын Америка, Үнді, Ресей сериалдары да бар. 

Арна бірқатар жаңа жобалар шығарды. Солардың бірі – еліміздің танымал тұлғаларын көрермен қауымға жаңа қырынан таныстыру мақсатымен дайындалған «Жүрекжарды». Бағдарламаны қарымды журналист Жадыра Сейдеш жүргізеді, ал идея авторы Ақмарал Әбжани жобаға жетекшілік етеді.Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміздің еңбегі еленіп, Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің Республикалық байқауында 1 орынды қанжығасына байлады.Танымал журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Жадыраға ақжол тілеп, бірінші орынның жүлдесін өз қолымен табыстады.Жадыра Сейдеш төл мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы да үлкен жүлдеге ие болды. Әріптесіміз ҚР Тұңғыш президенті қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығымен марапатталып, журналистика номинациясы бойынша лауреаттық атаққа ие болды. 

Адам баласының алмайтын қамалы, жеңбейтін қиындығы мен шықпайтын белесі жоқ. Әр заманның өз батыры бар, олар арамызда жүр. Журналист Гүлмира Әбіқайдың тұрақты зерттеулерінен құралған «Кейіпкер» бағдарламасы да қысқа уақыт аралығында өзінің тұрақты көрермендерін жинап алды. 

Жүрекке жылу беретін, жаныңа шуақ құятын - «Кейіпкер» сіздің жаныңызда жүр. Олардың есімі, тағдыры, тұрмысы әрқилы болғанымен, ұстанымы ортақ - өмір сүруге деген құштарлық. 

Ал "Қыз қылығы" бағдарламасында байлықты жаны сүйетін, жігіт десе ат-тонын ала қашатын, онша-мұншаны менсінбей, талғаммен ғана жүретін еркетотай қыздардың қылығына куә боласыздар. 

«Мәссаған» атты әзіл-сықақ жобасы дағдарысқа қарсы шоу-бағдарлама. Жобаның теленұсқасы да жоғары рейтингке ие. Ұйымдастырылған «Көктебе - 2009» атты жаңа фестиваль да халық көңiлiнен шығып, мерейлерi үстем болды. Неге десеңiз, бұл бағдарламада театр тарландары мен КВН ойыншылары, сондай-ақ, эстрада әншiлерi мен әртүрлi би ұйымдары бiр сахнада қауышады. 

Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға жол ашатын "Алтын белбеу" жобасы Сыр өңірінде соңғы уақытта ұйымдастырылған ірі сайыс. Іріктеу кезінде боз кілемге шыққан 30 мыңнан астам балуан жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп белдесті. Соның ішінен жауырыны жерге тимеген 100 шақтысы ғана ақтық сынға жолдама алды."Алтын белбеу" ұлттық идея төңірегінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. 

Ал "Жаңалықтар: Астарлы ақиқат" - апталық ақпарат алаңы. Бағдарламада бүгінгі болмыс бұқпасыз, боямасыз баяндалады. Түйіткілді тіршілік, қайшыкес көзқарас, айшықты апта – астары ақтарылады деген сөз. Бағдарламаның жүргізуші–редакторы - Дина Төлепбергенова. 

Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiндегі бояуы қанық, шоқтығы биiк Қаражорға биін ең алғашқы болып КТК арнасы халық арасында кеңінен насихаттауды қолға алды. Алатау баурайында КТК журналистерімен бірге кино, театр жұлдыздары, спорт саңлақтары мен басқа да танымал азаматтар ән шырқап, буын биін биледі. Қатарымызға 300-ден астам студенттер де қосылды. 

КТК арнасы болашақта да ұлттық бағдарламаларға әсерлі реңк беріп, өз көрермендерін қуанта бермек.

КТК телеарнасы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға