Еларна телеарнасы
Тарихи анықтама
Қазақстан респубикасының 75 % аумағын қамтып, 10 миллионға жуық талғампаз көрерменіне әртүрлі жанрдағы бағдарламалары мен фильмдерін тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отыр.
2000 жыл. Ұлыстың ұлы күнінде жаңа үмітпен жаңа арнаның ашылу салтанаты өтті. 5 жыл ішінде ақпараттың алып күшіне айналған «Хабар» арнасынан айқын мақсаттарын алдыға қойып «Хабар-2» бөлініп шықты. Арнаның жұмысы бірінші кезекте қазақ халқының тарихы мен мәдени жәдігерлерін ұлықтап, еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көңіл бөліп, жастар саясатын дамытуды көздеді. 22 наурыз күні Дана Нұржігіт пен Ақылбек Сансызбайұлы аспалы жолмен алаңға түсіп «Хабар-2» арнасының салтанатты ашылу кешін жүргізді. Сол күні ең алғаш жаңа арнаның тікелей эфирінен «Тарих пен таным» бағдарламасы көрерменімен қауышты. Бұдан кейін арнаның эфирі мемлекеттік тілдегі жобалармен толыға түсті. Қазақ тілді бағдарламаларға сусап отырған халық арнаның алғашқы қадамдарын ыстық ықыласымен қабылдады.
«Ел арнаның» ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында. «Ошақтың отын өшірмей», «Қара өлең», «Заң мен заман» «Дін мен діл», «Мың бір мақал», «Қазақтар», «Ой көкпар», «Қарапайым қағидалар» сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін насихаттаған «Саз сандық», «Кертолғау», «Ұлы дала сазы», «Ауылдың алты ауызы» сияқты бағдарламалар көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды.
Қазақ қай жерде жүрсе де қазақтығын сақтап қалған. Соны айқындайтын ауқымды тележобалардың бірі – «Қазақтар». Тұңғиық терең тарихымызды парақтап, салт-дәстүрімізбен сабақтастырып қазақты өзгеге де, өзіне де таныта білген бұл бағдарлама көрерменнің санасын дүр сілкіндірді. Тек Қазақстандағы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі қандастарымыздың өмірінен де сыр шертті.
Ал 2002 жылдың 22 наурызында «Хабар-2» «Ел Арна» деген атаумен алмастырылды. Арнаның жаңа атқа ие болуы оның «Хабардың» көлеңкесі ғана емес, өзіндік ерекшелігі бар жеке арна екенін тағы бір дәлелдей түсті.
Осы жылы «Ел Арнада» «Алтыбақан», «Біздің көшенің тұрғындары», «Бірінші байлық», «Таразы», «Шекара», «Жәдігер», «Әзілің жарасса», «Теңбіл доп», «Өлең сөздің патшасы» сияқты жаңа жобалардың тұсауы кесілді. Қайнап жатқан шығармашылық қазанында шыңдап шыныққан тәжірбиелі мамандар ең қызықты кейіпкерлерді жинап, ең көркем видеоларды таңдап, қайталанбас бағдарламалар тудырды.
2008 жылы «Ел Арнаға» Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назар аударып, мәдениет, спорт және жастар арнасы етіп қайта құруды тапсырады. Осы сәттен кейін «Ел Арна» эфиріне елеулі өзгерістер енеді. Отбасының әрбір мүшесіне қызықты, әр түрлі әлеуметтік топтарды қамтыған жаңа жобалар телевизия айдынында шалқи түсті.
Спорт әлеміндегі айтулы оқиғалар, Олимпиада ойындары, бокстан әлем чемпионаты, футбол жанкүйерлері үшін үздік матчтар арнамыздың тікелей эфирінен көрсетіледі. Сонымен қатар апта сайын спорт әлеміндегі жаңалықтар жайлы журналдар дайындалады.
Әлемге әйгілі киностудиялар мен телекомпаниялардың ең үздік фильмдері талғампаз көрерменге ұсынылады. Әсіресе «Би-би-Си» телекомпаниясының «Біз таңдаған жолдар», «Ақсүйектер», «Дэвид Копперфильд», «Суық үй» фильмдері киносүйер қауымның көңілінен шықты. Сонымен қатар деректі фильмдерден «Ақиқатқа көз жеткізу», «Жоғалған әлемдер», «Әйгілі композиторлар», «Археология жұмбақтары» да өз көрерменін тапты. Ал кішкентай бүлдіршіндерімізді «Мерлин - сиқырлы күшік», «Галактика шабандозы», «Бүргенді қамалы» мультфильмдерімен әрдайым қуантпақпыз. «Жөке ағашының саясында», «Шексіз махаббат», «Жігіттің сабаздары», «Дэрикпен өткен өмір», «Шетелдік күйеубала» сияқты әрбір жанұя тағатсыздана күтіп көретін кешкі телехикаялар да «Ел Арнадан» ғана көрсетілетінін ел анық біледі. Ар намысы бар жастар «Азамат» бағдарламасында азаматтық ұстанымын дәлелдейді. /«Азаматтан» үзінді/ Ел рухын асқақтатар әдемі әңгімеге куә болғыңыз келсе, «Рухани әңгімеге» құлақ түріңіз./ «Рухани әңгіме»/ Өмірді сүйетін жандардың тағдыры «Өмірге құштарлық» бағдарламасында.
Қазақ тілінде сайрайтын «Тапқыр достар» талайды тамсандырады. /»Тапқыр достар»/ Ғажайып әлемде болғыңыз келсе, «Сиқырлы әріптерден» сиқырлы сөз құраңыз. /«Сиқырлы әріптер»/ «Топ малыш» бағдарламасы да балдырған көрермендеріміздің назарында. Көш бастаймын десеңіз «ХХI ғасыр көшбасшысына» көңіл аударыңыз. «Начистоту» бағдарламасы – келелі мәселелер қозғалатын шынайы әңгіме алаңы. «Қызықстан» бағдарламасымен бірге Қазақстанның қызықты жерлеріне сапар шегіңіз. Өлеңнің құдіретін «Ақындар аллеясынан» іздеңіз. Ел үмітін ақтайтын тұлғалар «Ел мен Ердің» кейіпкерлеріне айналады. Әрбір қаланың тарихынан сыр шерткіңіз келсе, «Қош келдіңіздер...» деп қарсы аламыз. Жайсаң жастықтың қызықты сәттері «Фрешмены» бағдарламасында. Жүз жасаймын десеңіз, «Жүз жасаңыз»! Сан қырлы адам жанын түсіну үшін ең алдымен «Өзін-өзі тану» қажет. Қызықты әрі күрделі тағдырлар «Линия судьбы» бағдарламасында. Әлемді құтқарар тек «Мейірім» ғана.
Жаңаша формат
2009 жылы Ел арнаның жаңа форматы қарқынды дами бастады, арна осы уақыттан бастап спорт және жастар жағына қарай басымдық берді. Жалпы айтқанда, арнаның негізгі міндеті – тұрақты жастар аудиториясын қалыптастыру және де отбасы аудиториясына да негізделген.
2009 жылы Ел арнаның спорттық және жастар арнасы ретінде атқарған басты жетістіктері:
- Тұрақты аудиторияның қалыптасуы.
- Әйгілі бренд ретінде танылу.
- Жастардың санасында патриоттық, салауатты өмірге құштарлық сезімін ұялату.
- Қазақстандық телекөрерменнің эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында - мәдениеттілік, рухани-адамгершілік құндылықтарын интерактивті жанрда қалыптастыру.
- Жаңа да жеңіл жанр негізінде жастар аудиториясын кеңейту.
- Экранның жаңа, танымал Қазақстан болашағына зор еңбек атқаратын образдарын және қаһармандарын жасау.
- Жалпылама спортты дамыту.
Арнаның жаңа стандарттарына сай бағдарламалар шыға бастады, ол – отбасылық-танымдық «Формула семьи» бағдарламасы, «Спокойствие, только спокойствие» ток-шоуы, балалар-танымдық «Хочу быть» бағдарламасы. Танымал Қазақстандық КВН командасының қатысуымен «Қызықстан» жобасы, адамгершілік тақырыбында «Самопознание», «Өзін өзі тану» бағдарламалары. Деректі топтама «Линия судьбы», жас аналарға арналған Аружан Сайынның «Мамина школа» бағдарламасы және тағы басқалары.
Сонымен қатар Ел арнада көрермендердің жүрегін жаулаған танымал Корея, Түркия сериалдары таратыла бастады.
2010 жылдың басталуымен хабар тарату мақсат-мүдделеріміз өзгерген жоқ:
- Жаңашыл ұсыным, юмор, көз тартарлық динамика.
- Отбасы, әдет-ғұрып қарым-қатынасының заманауи салауатты өмір сүруге үгіт-насихат жүргізу.
- Түсінікті тілде тілдесу.
- Жүргізушілер – Қазақстан эстрадасы жұлдыздары.
- Әр түрлі бағыттағы музыкалық бағдарламалар.
2010 жыл көп жаңа жобаларға толы жыл болды, олар – таңғы жастар бағдарламасы «Ашық пошта», танымал әнші Мақпал Исабекованың жүргізуімен музыкалы-сауықтық бағдарлама «Сүйінші», екі тілде жүргізілетін аспаздық бағдарлама «Берекелі дастархан», толық циклдық бағдарлама «Что наша жизнь » - «Өмірде болған», арнайы жоба «Телевизиялық Лига КВН», «Бәрі есімде », реалити-шоу «Шіркін, life!».
Жақында телеарна өзінің корермендеріне көптеген жаңаша тосын сый дайындауда: Бұл бұрын-соңды қайталанбаған реалити-шоу болмақ, телекөрермендеімізге танымал «Шіркін, life!» - тың жалғасы. Телеарна «Ел арна» өзінің телекөрермендері секілді, қазіргі заманға лайықты алға қадам басып келеді, арнамызда күле де білеміз, біреудің қайғысына да ортақтасамыз.
Басты мақсатымыз - телекөрермендерімізге қуаныш пен қызықты сәттер сыйлау. Ұранымыз – БІЗ СІЗБЕН БІРГЕМІЗ!