Жаңалықтар

«Экономика» газеті

«Экономика» газеті 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстандағы тұңғыш апталық экономикалық басылым ретінде қазақ және орыс тілінде жарық көріп келеді. Ол басқа да қажеттіліктермен бірге негізінен қазақ тілді оқырмандардың экономикалық сипаттағы ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Еліміздің ақпарат кеңістігінде бұл тұс іс жүзінде осы күнге дейін бос тұрған еді. Сол себепті де газет уақыттың өзі қойған талапқа сай өмірге келді. Мемлекеттік тәуелсіздіктің өткен 18 жылы реформалар кезеңі, бәрінен бұрын экономикалық реформалар кезеңі болды. Оның негізгі стратегиялық міндеті еліміздің жоспарлы экономикасын нарықтық негіздерге ауыстыру болатын. Тиістісінше барлық саяси және әлеуметтік жүйе, сондай-ақ қоғамдық құрылыс тұтас күйінде түпкілікті өзгеруі қажет еді. Осылай барлық өзгерістердің локомотивіне айналған экономикалық реформалар өткен 18 жыл ішінде материалдық өмірдің қалыптасқан бейнесін толық өзгертті. Соған байланысты қоғамның өмірге деген көзқарасы да айтарлықтай өзгерді. Мұның бәрі көз алдымызда өтіп жатты. Көп нәрсе көз ілеспес жылдамдықпен өзгерді. Тіпті олардың кейбіреуін қоғамдық пікір қабылдап, түсінуге де үлгермеді. Әсіресе бұл экономикалық реформаға қатысты өзгерістерге байланысты еді. Сондықтан бұл өзгерістердің нәтижесі қоғам мүшелерінің бір бөлігін қанағаттандырмайтын тұстар да болмай қалмады. Осы кезге дейін ақпарат құралдарында еліміздің экономикалық өмірі қазақ тілінде мақсатқа сай және ізбе-із сәулеленбегендіктен де осылай болды. Әрине телеарналар мен радио жекелеген бағдарламалар шеңберінде бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысып, газеттер мен журналдарда жекелеген жарияланымдар басылды. Бірақ күні бүгінге дейін толығымен осы тақырыпты көтеретін қазақ тіліндегі жеке ақпарат құралы болған жоқ. Міне, енді ол «Экономика» газеті болып «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамында дүниеге келді. Тіркеу құжаттарына сәйкес ол – А3 пішіміндегі 16 беттік газет. Бірақ 2008 жылдың шілдесіне дейін газеттің 42 нөмірі 12 бетпен екі аптада бір рет жарық көрді. Тек шілде айынан бастап қана апта сайын толық көлемде шыға бастады. Ал 2009 жылдың 20 наурызынан А2 пішімінде 10 бет болып басылатын болды. Газет алғаш жарық көрген күннен бастап оның бас редакторы қызметін белгілі журналист, бірнеше шет тілдің маманы Ақас Тажутов атқарып келеді. Күн өткен сайын қалыптасып, қазақ тіліндегі экономикалық басылым ретінде еліміздің ақпарат кеңістігінен өз орнын табуға ұмтылып келе жатқан «Экономика» газетіне келешекте оның қоғамдық-мемлекеттік маңызын ескере отырып, еліміздің әкімшілік-саяси және кәсіпкерлік ортасында қолдау күшейеді деген сенім мол.
05.09.2013 12:00 6833

«Экономика» газеті 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстандағы тұңғыш апталық экономикалық басылым ретінде қазақ және орыс тілінде жарық көріп келеді. Ол басқа да қажеттіліктермен бірге негізінен қазақ тілді оқырмандардың экономикалық сипаттағы ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Еліміздің ақпарат кеңістігінде бұл тұс іс жүзінде осы күнге дейін бос тұрған еді. Сол себепті де газет уақыттың өзі қойған талапқа сай өмірге келді.

Мемлекеттік тәуелсіздіктің өткен 18 жылы реформалар кезеңі, бәрінен бұрын экономикалық реформалар кезеңі болды. Оның негізгі стратегиялық міндеті еліміздің жоспарлы экономикасын нарықтық негіздерге ауыстыру болатын. Тиістісінше барлық саяси және әлеуметтік жүйе, сондай-ақ қоғамдық құрылыс тұтас күйінде түпкілікті өзгеруі қажет еді. Осылай барлық өзгерістердің локомотивіне айналған экономикалық реформалар өткен 18 жыл ішінде материалдық өмірдің қалыптасқан бейнесін толық өзгертті. Соған байланысты қоғамның өмірге деген көзқарасы да айтарлықтай өзгерді. Мұның бәрі көз алдымызда өтіп жатты. Көп нәрсе көз ілеспес жылдамдықпен өзгерді. Тіпті олардың кейбіреуін қоғамдық пікір қабылдап, түсінуге де үлгермеді. Әсіресе бұл экономикалық реформаға қатысты өзгерістерге байланысты еді. Сондықтан бұл өзгерістердің нәтижесі қоғам мүшелерінің бір бөлігін қанағаттандырмайтын тұстар да болмай қалмады. Осы кезге дейін ақпарат құралдарында еліміздің экономикалық өмірі қазақ тілінде мақсатқа сай және ізбе-із сәулеленбегендіктен де осылай болды. Әрине телеарналар мен радио жекелеген бағдарламалар шеңберінде бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысып, газеттер мен журналдарда жекелеген жарияланымдар басылды. Бірақ күні бүгінге дейін толығымен осы тақырыпты көтеретін қазақ тіліндегі жеке ақпарат құралы болған жоқ.

Міне, енді ол «Экономика» газеті болып «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамында дүниеге келді. Тіркеу құжаттарына сәйкес ол – А3 пішіміндегі 16 беттік газет. Бірақ 2008 жылдың шілдесіне дейін газеттің 42 нөмірі 12 бетпен екі аптада бір рет жарық көрді. Тек шілде айынан бастап қана апта сайын толық көлемде шыға бастады. Ал 2009 жылдың 20 наурызынан А2 пішімінде 10 бет болып басылатын болды. Газет алғаш жарық көрген күннен бастап оның бас редакторы қызметін белгілі журналист, бірнеше шет тілдің маманы Ақас Тажутов атқарып келеді. Күн өткен сайын қалыптасып, қазақ тіліндегі экономикалық басылым ретінде еліміздің ақпарат кеңістігінен өз орнын табуға ұмтылып келе жатқан «Экономика» газетіне келешекте оның қоғамдық-мемлекеттік маңызын ескере отырып, еліміздің әкімшілік-саяси және кәсіпкерлік ортасында қолдау күшейеді деген сенім мол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға