"Заң" газеті
15 жыл бұрын жас та болса Егемен Қазақстан қалыптаса бастағанда «Заң газеті» мен «Юридическая газета» бірден елде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға үлкен ақпараттық қолдау көрсеткен алғашқы басылымдар болды.
Тәуелсіз құқықтық мемлекеттің дамуымен бірге газеттер де дамып нығайды. Басылымның бүгінде мұрағатқа айналған биіктері – бұл елдегі реформа тарихының бір бөлшегі. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заң актілерін қабылдағаннан бастап осы уақытқа дейін «Заң газеті» мен «Юридическая газета» мемлекеттің құқықтық өмірінде болып жатқан барлық оқиғаларды анық әрі дәйекті түрде жазып келеді. Басылым беттерінде барлық жастағы және лауазымдағы заңгерлер, заң факультетінің және жоғарғы оқу орындарының түлектерінен бастап елге танымал заңгерлерге, теоретиктер мен тәжірибелі мамандарға дейін ойларын бөлісіп отырады. Түрлі жанрлар мен айдарлардағы материалдар арқылы оқырмандар талғамына қажет материалдарды тауып отырады, пікірлер саналуандығынан бастап, басылымда өткір пікірталасқа құрылған түрлі жанрдағы суреттемелер мен очерктерге дейін басылады. Газеттер ақпараттық кеңістікте өздерінің аса қажет басылым екендігін дәлелдеді. Міне, 15 жыл бойы олар қазақстандық заңгерлердің сенімді көмекшісі болып келеді.
Алғашқы саны 1994 жылы жарық көрді. Бұл Қазақстандағы құқықтық реформаның алғашқы бастаушысы, білікті заңгер, «құқықтанудың аристократы» (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың берген бағасы) Нағашыбай Шәйкеновтің тікелей қатысуымен мүмкін болды. Осы білікті ғалымның еңбек сіңіруінің арқасында құқықтық тақырыпта бұрын-соңды болмаған республикадағы тұңғыш басылым осылай өмірге келген еді.
1996 жылы «Заң газеті» мен «Юридическая газета» «Заң газеті – Юридическая газета» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сәл кейінірек ол өз атауын тағы өзгертіп, «Заң» акционерлік компаниясы ААҚ болып аталды. Бүгінде «ЗАҢ» Медиа-корпорация» ЖШС өзінің негізгі қызмет бағытына толық сәйкес жұмыс істеуде. Оның бұл қызметі құқықтық білімді насихаттауға, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық саласындағы ақпаратты қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіруге, отандық және шетелдік озық технологияны тартуға, басқару тәжірибесін өркендетуге жұмылдырылған. Қоғамды әр кездері әр түрлі мамандар басқарды. Олардың барлығы компания алдындағы стратегиялық міндетті жүзеге асырып отырды.
Кез келген субъектінің 15 жыл жұмыс істеуі – бұл шынында да тиісті қорытындылар шығарып, айналаңа қарайтын уақыт. «Заң газеті» мен «Юридическая газетаның» қызмет кеңістігі анық та айқын, ол негізінен «үздіксіз еңбек етіп, жұмысты барлық жерлерде ешқандай кемшіліксіз атқару» деген қағидаға саяды. Редакторлар, тілшілер, техникалық қызметкерлер осы ұстанымды әрқашан басшылыққа алып, жүзеге асыруға жұмылған. Біліктілік пен әділдік қағидатын ұстана отырып, басылым өзінің алғашқы баспалдақтарынан сүрінбей өтіп, заң және құқық саласындағы отандық жүйенің қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қосып келеді.
«Заң газеті» мен «Юридическая газета» бүгінде алдағы уақытқа сеніммен қарайды, болашаққа өзінің мақсатты жоспарларын белгілеген. Ал, мұндай бағыт-бағдарды жүзеге асыру ұжымның бірлігін, оның ырғақты жұмысын қажет етеді. Сонда ғана біз ірі жетістіктерге қадам баса алатынымызды білеміз. 2009 жылдан бастап серіктестік қызметінің негізгі түрі – редакциялық-баспалық қызметке жаңа серпін берілді. Газеттердің қазіргі заманғы үлгі дизайны қабылданды, оны дамытудың корпоративті саясаты белгіленіп, негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Ұжымның алдында тұрған бұл міндеттер басылым қызметінің жаңа бағыт-бағдарын қамтамасыз етеді. Құрамында іскер, қабілетті, білімді жастар мен кәсіби шебер мамандар жұмыс істейтін біздің ұжымға осындай іргелі міндеттерді шешу абыройлы іс. Республикадағы алдыңғы қатарлы заң басылымдарының алдына бүгінде осындай міндеттер қойылған.