Он жылдық тарихы бар киноклуб
05.09.2013 11:12
3020
«Олег Борецкидің киноклубына» 10 жыл толды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Киноклуб 2003 жылы «Цезарь» кинотетрының жанынан ашылған болатын. Көпшілікке арналмаған киноның көрермендерін көбейтуді алдарына мақсат етіп қойған кинокулубта бүгінгі күнге дейін 500-ден астам кино қарастырылған. Соның ішінде өзіміздің отандық кинолардан Сергей Дворцорвтың «Тюльпан», Ермек Тұрсыновтың «Келін» және «Шал», Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмдері де көрсетілген.
«Клубта Ермек Тұрсынов, Жәния Әубәкіровамен қатар Ким Ки Дук, Кшииштоф Занусси (Krzysztof Zanussi), Андрей Звягинцев сынды режиссерлер, жазушылар Януш Вишневский, Андрей Битов, актер Венсан Перес қонақта болған», - дейді Борецский.
Киноклубтың ХІ жаңа маусымын 5 қыркүйек күні Джузеппе Торнаторенің « «Парадизо» жаңа кинотеатр» атты фильмімен ашылады.
Ал қыркүйек айында Канн кинофестивалінің «Алтын палма бұтағы», «Оскар» және Венеция кинофестивалінің «Күміс арыстан» жүлделерінің иегері Джейн Кэмпионмен кездесу өтеді деп күтілуде.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пугачёва откровенно рассказала о "разводе с Галкиным"
Келесі жаңалық
Биыл жол апатынан зардап шеккендер саны екі есеге өсті