Жаңалықтар

Қазақ радиосы

Қазақ радиосы –Қазақстан  тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан  берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық “Шалқар” бағдарламасы жұмыс істейді. Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003). Тарихы Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегіндеРеспубликалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады. Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады. Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр. Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады. Радио Қазақстан халқының достығын нығайту мақсатында қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады. Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция. Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді. Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы  қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия  және радиохабар  жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди , Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді.
05.09.2013 06:21 6920

Қазақ радиосы –Қазақстан  тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан  берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық “Шалқар” бағдарламасы жұмыс істейді.

Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003).

Тарихы

Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегіндеРеспубликалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.

Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.

Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады. Радио Қазақстан халқының достығын нығайту мақсатында қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.

Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция.

Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.

Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы  қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия  және радиохабар  жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди , Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға