Эмир Байғазин шеберлік сыныбын өткізді
Сараево қаласында 18 бен 24 тамыз аралағында өткен ХІХ халықаралық кинофестивальдің Sarajevo Talent Campus аясында қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз орталығы.
«Стиль іздеу: эстетикадан кино тілінің этикасына дейін» деп аталатын шеберлік сыныбы режиссердің осы жылы ең үздік операторлық жұмысы Берлин ХКФ-де «Күміс аю», Сиэтл кинофестивалінде бас жүлдесін жеңіп алған «Үндестік сабақтары» атты алғашқы туындысының дүниеге келу тарихына арналды.
Бұл жылы Sarajevo Talent Campus танымал киноматография сарапшыларының дәріс, дискуссия және тәжірибелік воркшоптарды сегізінші рет бағдарламасына қосып отыр. Кампустың қатысушылары негізінен оңтүстік-шығыс Еуропа, Армения, Әзірбайжан, Грузия және Молдова сынды елдердің жас киноматографистері болды. Шеберлік сыныптарын сондай-ақ франциялық танымал режиссер Леос Каракс, продюсер Филипп Бобер, американдық актер Дэнни Гловер, румынялық кинорежиссер Кристи Пую, боснялық режиссер Данис Танович және тағыда басқалар өткізген.
Осыдан біраз уақыт бұрын американдық «Film Comment» баспасы қазақстандық режиссер Эмир Байғазинді «63-ші Берлин кинофестивалінің жаңа жұлдызы» және «авторлық киноның жаңа сенсациясы» деген баға берсе, «The Hollywood Reporter», «Variaty», «Screen Daily», «Los Angeles Times», «Le Monde», «La Croix», «Der Tagesspiegel» сынды көптеген әлемдік алдыңғы қатардағы баспасөздері «Үндестік сабақтарына» тамсана рецензия жазды.
Осы жылдың тамыз айында Байғазин Локарнода өткен ХКФ-дің Pardi di domani бағдарламасында әділ-қазылар мүшесі болған. Сондай-ақ ол қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қазылық етеді.
BAQ.KZ