Жаңалықтар

Елімізде екі күннен соң аңшылық маусымы басталады

Аң аулау ережелерінің талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағында 7 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарға күзгі аңшылық маусымы басталады. Қазақстан аумағында аңшылық нысандарына құстардың 59 және сүтқоректілердің 34 түрі жатқызылады. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, аңшылық жүргізу тек аңшылық шаруашылықтар аумақтарында ғана рұқсат етіледі. Қазақстанның аңшылық алқаптарының жалпы ауданы 228 млн. га құрап, оның 120,4 млн. га (53,0%) аңшылық шаруашылықтарына қарасты, - деп хабарлайды Қоршаған ортан қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  Бүгінгі күні республикамызда 634 аңшылық шаруашылықтары тіркелген. Қорықшылар саны 2 447 адамды құрайды. Жануарлар дүниесін қорғау шараларына 2103 автокөлік және басқа да техника жұмылдырылған. Ел бойынша 130 мыңнан астам аңшы тіркелген. Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс: 1) аңшы куәлігі; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында бекітілген аңшы куәлігін жыл сайынғы тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек; 3) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат; 4) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары; 5) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты; 5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген тіркеу туралы құжаттар. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізілуі тиіс. Осы жануарлардың олжаланғаны туралы белгіні осы адамдар жасайды. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға тапсырылу үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық бөлімшелеріне беріледі. Аңшылық жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етіп, аңшылық алқаптардың тұрмыстық, кәсіптік қалдықтармен ластануына жол берілмеуі тиіс. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы мен Қазақстан аумағында аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық және әкімшіліктік заң бұзушылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады. Baq.kz  
04.09.2013 09:01 3922

Аң аулау ережелерінің талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағында 7 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарға күзгі аңшылық маусымы басталады. Қазақстан аумағында аңшылық нысандарына құстардың 59 және сүтқоректілердің 34 түрі жатқызылады. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, аңшылық жүргізу тек аңшылық шаруашылықтар аумақтарында ғана рұқсат етіледі. Қазақстанның аңшылық алқаптарының жалпы ауданы 228 млн. га құрап, оның 120,4 млн. га (53,0%) аңшылық шаруашылықтарына қарасты, - деп хабарлайды Қоршаған ортан қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бүгінгі күні республикамызда 634 аңшылық шаруашылықтары тіркелген. Қорықшылар саны 2 447 адамды құрайды. Жануарлар дүниесін қорғау шараларына 2103 автокөлік және басқа да техника жұмылдырылған. Ел бойынша 130 мыңнан астам аңшы тіркелген.
Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) аңшы куәлігі;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында бекітілген аңшы куәлігін жыл сайынғы тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек;
3) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
4) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
5) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген тіркеу туралы құжаттар.
Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізілуі тиіс. Осы жануарлардың олжаланғаны туралы белгіні осы адамдар жасайды.
Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға тапсырылу үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық бөлімшелеріне беріледі.
Аңшылық жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етіп, аңшылық алқаптардың тұрмыстық, кәсіптік қалдықтармен ластануына жол берілмеуі тиіс.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы мен Қазақстан аумағында аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық және әкімшіліктік заң бұзушылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады.

Baq.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға