Жаңалықтар

Н.Назарбаев оқушыларды ана тілін ардақтауға шақырды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен «Жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында өткізген сабақ барысында өскелең ұрпақты ана тіліміз - қазақ тілін қастерлеп, ардақтауға шақырды, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бірақ біз көп ұлтты елміз, өзгелерді де кемсітпеуіміз керек. Олармен де бірдей сөйлесуіміз керек. Осы жылдардың ішінде көп жұмыс жасап жатырмыз. Қазір мектепте бірінші сыныптан бастап барлығы қазақ тілін оқиды. 2020 жылдан бастап қазақ тіліне түгел көшеміз», - деді Елбасы. «Мен Президент ретінде барлық жерде қазақша сөйлеуіме болады. Бірақ халқымның қырық пайызы басқа ұлт болғаннан кейін, олар мені түсінбесе қалай болады? «Неге қазақша сөйлемейді?» деп мені сынап жүретін адамдар көп. «Менімен сөйлесші, көрейік кім (ана тілін – автор ескертп.) жақсы біледі екен» деймін мен. Сондықтан кеңірдекті керіп, көкіректі ұрмай нақты жұмыс істеу керек», - деді Президент. Айымгүл ӘБІЛЕВА BNews.kz
03.09.2013 09:20 2769

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен «Жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында өткізген сабақ барысында өскелең ұрпақты ана тіліміз - қазақ тілін қастерлеп, ардақтауға шақырды, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бірақ біз көп ұлтты елміз, өзгелерді де кемсітпеуіміз керек. Олармен де бірдей сөйлесуіміз керек. Осы жылдардың ішінде көп жұмыс жасап жатырмыз. Қазір мектепте бірінші сыныптан бастап барлығы қазақ тілін оқиды. 2020 жылдан бастап қазақ тіліне түгел көшеміз», - деді Елбасы.

«Мен Президент ретінде барлық жерде қазақша сөйлеуіме болады. Бірақ халқымның қырық пайызы басқа ұлт болғаннан кейін, олар мені түсінбесе қалай болады? «Неге қазақша сөйлемейді?» деп мені сынап жүретін адамдар көп. «Менімен сөйлесші, көрейік кім (ана тілін – автор ескертп.) жақсы біледі екен» деймін мен. Сондықтан кеңірдекті керіп, көкіректі ұрмай нақты жұмыс істеу керек», - деді Президент.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
BNews.kz
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға