Жаңалықтар

Қазақстанның археологтары ежелгі қобызды тауып алды

Қазақстанның археологтары ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Бұл туралы «Назарбаев Орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының басшысы, тарихшы Ерлан Сайлаубай BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. «Тарихты зерделеу жұмыстарын біз Президенттің бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргіздік. Біздің мемлекеттің даму кезеңдері туралы әр түрлі дереккөздерден материалдар, архив деректерін жинадық. Бүгінде біздің алдымызда отандық тарихты қайта жазу, талдап түсіндіру сияқты өте ауқымды міндеттер тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Елдің жетекші жоғары оқу орындарының тарихшылары, ғылым қайраткерлері, шығыстанушылар қажетті материалдарды әлемнің 20-ға тарта елінен іздестіріп жатыр», - дейді «Назарбаев Орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының басшысы.  Оның сөзіне қарағанда, бұл деректер Қазақстан тарихын байытып қана қоймай, әлі де күдік туғызатын кезеңдерді ашуға көмектеседі. «Еліміздің археологтарының алдында үлкен міндет тұр», - дейді Е.Сайлаубай. – 1995 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында археологиялық қазба жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өткен жылы зерттеушілер ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Биыл да соған ұқсас олжа алынды. Біз зираттың тоналмағанына таң қалдық. Музыкалық аспап ара-тұра болмаса қолға түсе бермейді. Бұл әлемдік археология үшін сенсация болды». BNews.kz
02.09.2013 10:30 3094

Қазақстанның археологтары ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Бұл туралы «Назарбаев Орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының басшысы, тарихшы Ерлан Сайлаубай BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

«Тарихты зерделеу жұмыстарын біз Президенттің бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргіздік. Біздің мемлекеттің даму кезеңдері туралы әр түрлі дереккөздерден материалдар, архив деректерін жинадық. Бүгінде біздің алдымызда отандық тарихты қайта жазу, талдап түсіндіру сияқты өте ауқымды міндеттер тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Елдің жетекші жоғары оқу орындарының тарихшылары, ғылым қайраткерлері, шығыстанушылар қажетті материалдарды әлемнің 20-ға тарта елінен іздестіріп жатыр», - дейді «Назарбаев Орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының басшысы. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл деректер Қазақстан тарихын байытып қана қоймай, әлі де күдік туғызатын кезеңдерді ашуға көмектеседі.

«Еліміздің археологтарының алдында үлкен міндет тұр», - дейді Е.Сайлаубай. – 1995 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында археологиялық қазба жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өткен жылы зерттеушілер ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Биыл да соған ұқсас олжа алынды. Біз зираттың тоналмағанына таң қалдық. Музыкалық аспап ара-тұра болмаса қолға түсе бермейді. Бұл әлемдік археология үшін сенсация болды».

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға