"Бургер кинг" компаниясы жаңа екі тағам ұсынды
Әлемге әйгілі "Бургер кинг" компаниясы фаст фуд өнімдерін жақсы көретіндерге жаңа екі тағамын ұсынады. Тауық және сиыр етінен жасалған сэндвичтер өте жеңіл әрі тойымды, деп хабарлайды 31 арна.
Аты әлемге танымал брэнд "Бургер кинг" компаниясы өзінің сүйікті тұтынушыларына тосын сый әзірледі. Фаст фуд өнімдеріне тәбеті тартып тұратын жандар енді сэндвичтің екі түрінің дәмін татып көруіне болады. "Тауық пен сиыр етін отқа қақтап пісіретін тағамның дәмі өте ерекше" - дейді аспазшылар. Өйткені, грильге піскен ет пен көкөністен жасалған салат бидайдан әзірленген дәмді күлшенің ішіне салынады. Қызанақпен әрленген сэндвичтің дәмін йогурт пен томаттан жасалған соус келтірмек. Тағам арнайы технологиямен әзірленеді, сондықтан бүкіл дәрумендерін жоғалтпайды...
Baq.kz