«Ата мұра – асыл қазына!» конкурсы
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірі мен тұрмысы бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолдана біледі. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар өнер. Сол өнерді жаңғырту жолында «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Ата мұра – асыл қазына!» атты байқау жариялап отыр.
Сайыс Ұлттық өнерді насихаттау арқылы, қолөнершілердің арасынан талантыларды іздеу, жастардың патриоттық сезімін ояту және Қазақстан Республикасының позитивтік имиджін бекіту мақсатында өткізіліп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тарихи жәдігерлері мен қатар бай мәдениетін жастарға таныту болмақ.
Байқауға екі номинация бойынша өткізіледі:
1) Ең үздік видеосюжет;
2) Ең үздік фоторепортаж.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 қыркүйек пен 31 қазанға дейін қабылданады.
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекенжайға жіберуі тиіс:
elkz@inbox.ru
Байқауға 16-25 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары – телефон және электронды мекенжай.
Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.
Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.