Жаңалықтар

Білім күні

Бүгін білім күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі. Бүгінгі білім күні елімізде 77 жаңа мектеп өзінің алғашқы шәкірттерін қабылдайды. Желтоқса айына дейін бұл мектептердің қатары 159 мектеппен толыға түспек. Мектеп бағдарламасына «Абайтану» мен «Алаштану» курстары енгізілді. 2 мыңға жуық жас маман өзінің ұстаздық қызметіне, қасиетті борышына кіріседі. Мектеп оқушыларының ана тілімен қатар, әлемдік өркениет көшінде бәсекеге қабілетті маман болуы үшін Астана қаласының мектептерінде алғаш рет ағылшын тілі 1 сыныптан бастап жаппай оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Қазір біз көптілді білімді дамытуды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы елімізді дамытудың басты бағыттарының бірі үш тілді меңгеру деген болатын. Биылғы жылдан бастап ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап енгізбекшіміз. Сонымен қатар, мұғалімдер қауымдастықтарымен, ата-аналармен бірлесіп, бұл бағыттағы жұмыстар қай деңгейде жүріп жатқанын бақылауда ұстауымыз, білім беру процесін жетілдіру үшін қажетті шараларды қолдануымыз қажет. Оқу процесін дер кезінде түзетіп отыруымыз керек», - деген болатын. Жуырдағы бес жыл ішінде арнайы дайындықтан елдегі педагогтардың жартысын, яғни, 120 мыңға жуық ұстазды арнайы дайындықтан өткізу жоспарланып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім беретін мекемелердің басшыларына да қатысты. Мектеп директорлары мен меңгерушілері келесі жылдан бастап біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Осылайша, мұғалімдерді ынталандыра отырып, заман талабына сай мамандарды даярлаймыз.Білім күні қарсаңында мектепке аз қамтылған балаларды дайындау үшін еліміз бойынша "Мектепке жол" атты республикалық акциясы өтті. Акция аясында аймақтардағы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың білім алуына мүмкіндігінше материалдық көмек көрсетілді.  Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq.kz
01.09.2013 06:16 4439

Бүгін білім күні.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі. Бүгінгі білім күні елімізде 77 жаңа мектеп өзінің алғашқы шәкірттерін қабылдайды. Желтоқса айына дейін бұл мектептердің қатары 159 мектеппен толыға түспек. Мектеп бағдарламасына «Абайтану» мен «Алаштану» курстары енгізілді. 2 мыңға жуық жас маман өзінің ұстаздық қызметіне, қасиетті борышына кіріседі. Мектеп оқушыларының ана тілімен қатар, әлемдік өркениет көшінде бәсекеге қабілетті маман болуы үшін Астана қаласының мектептерінде алғаш рет ағылшын тілі 1 сыныптан бастап жаппай оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Қазір біз көптілді білімді дамытуды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы елімізді дамытудың басты бағыттарының бірі үш тілді меңгеру деген болатын. Биылғы жылдан бастап ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап енгізбекшіміз.
Сонымен қатар, мұғалімдер қауымдастықтарымен, ата-аналармен бірлесіп, бұл бағыттағы жұмыстар қай деңгейде жүріп жатқанын бақылауда ұстауымыз, білім беру процесін жетілдіру үшін қажетті шараларды қолдануымыз қажет. Оқу процесін дер кезінде түзетіп отыруымыз керек», - деген болатын.
Жуырдағы бес жыл ішінде арнайы дайындықтан елдегі педагогтардың жартысын, яғни, 120 мыңға жуық ұстазды арнайы дайындықтан өткізу жоспарланып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім беретін мекемелердің басшыларына да қатысты. Мектеп директорлары мен меңгерушілері келесі жылдан бастап біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Осылайша, мұғалімдерді ынталандыра отырып, заман талабына сай мамандарды даярлаймыз.Білім күні қарсаңында мектепке аз қамтылған балаларды дайындау үшін еліміз бойынша "Мектепке жол" атты республикалық акциясы өтті. Акция аясында аймақтардағы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың білім алуына мүмкіндігінше материалдық көмек көрсетілді.

 Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға