Жаңалықтар

Оспан Батыр

Оспан батыр Сіләмұлы бүгінгі ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туған. Оспанның батыр атағының шығуы – (1940-1951) жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда, сол топқа қосылып шыққан. Бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, қос басқарып, көзге түсе бастайды. 1941 жылы Құбының құмын жалаңаш қоспен қыстап шыққан Оспан тобы небәрі жеті-ақ адам еді. 1942 жылы жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай үкіметінен қорлық-зорлық көріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны көбейе берді. 1944 жылы 12 қарашада Шыңжаңда Шығыс Түркістан республикасы өз тәуелсіздігін жариялайды. Бұл жаңа үкіметті Оспан батыр алғашында жан-тәнімен қорғауға бел байлады. Осы рухпен 1945 жылы 6 қыркүйекке дейін ол бүкіл Алтай аймағын Гоминдаң басқыншыларынан толық азат етеді. Бірте-бірте Шығыс Түркістан республикасы КСРО және Қытай сынды екі үлкен мемлекеттің қыспағына түседі. Бірі олай атып, бірі былай қағып, қақпақылға салып жүріп, ақыры 1946 жылға келгенде барлық іс Қытайдың пайдасына шешіледі. 1946 жылы 1 шілдеде Шыңжаң өлкелік бірлескен үкіметі құрылады. Бұған бұрынғы батыс солтүстік Қытай әкімшілік мекемесінің бастығы Жаң Жыжұң төраға болып тағайындалады да, бұрынғы Шығыс Түркістан республикасының басшысы Ахметжан Қасыми енді сол өлкелік үкіметтің бастығының орынбасары болып белгіленеді. Ал, әйгілі Оспан батыр өлкелік үкіметтің мүшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалады. Оспан батыр 1945 жылы қыста Сарсүмбе қаласына көшіп барып, сол жерде губернаторлық міндетін өтейді. 1946 жылдың жазғы тұрымында Көктоғай ауданының Қуүй деген жеріндегі өзінің байырғы мекеніне қайта көшеді. Сарсүмбеде тұрған осы бір жыл ішінде ол өзі басқарып тұрған үкіметтің қандай үкімет екенін толық танып біледі. Сондықтан ол бұл үкіметтен бас тартып, өзінің бұрынғы ұлт-азаттығына қол жеткізу мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа майдан ұйымдастыруға көшеді. Міне, осылайша Ресейдегі, мейлі Қытайдағы болсын, мейлі орыс яки қытай немесе қазақ болсын, қызыл үкімет десе, коммунист десе, төбе шашы тік тұратын Оспан батыр 1946 жылдан бастап коммунистердің, ашығын айтқанда, Кеңес Одағының тікелей басқаруындағы Шығыс Түркістан армиясымен соғысуға бел байлайды. Алғашында Қытай қолымен, кейін КСРО, Моңғол, Қытай қатарлы үш мемлекеттегі коммунистік қызыл армиямен он жыл соғысқан, олардың жиырма мыңнан астам адамын қырып, дүниені дүр сілкіндірген Оспан батыр ақыры 1951 жылы ақпан айында Қанамбал тауының Мақа деген жерінде қапыда қолға түседі. 1951 жылы 23 сәуірде өзінің ата жауы, қас дұшпаны коммунистік Қытай үкіметі қолынан Үрімжіде атылады. Д.Мәсімхан
29.08.2013 12:22 4073

Оспан батыр Сіләмұлы бүгінгі ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туған.

Оспанның батыр атағының шығуы – (1940-1951) жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда, сол топқа қосылып шыққан. Бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, қос басқарып, көзге түсе бастайды. 1941 жылы Құбының құмын жалаңаш қоспен қыстап шыққан Оспан тобы небәрі жеті-ақ адам еді. 1942 жылы жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай үкіметінен қорлық-зорлық көріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны көбейе берді. 1944 жылы 12 қарашада Шыңжаңда Шығыс Түркістан республикасы өз тәуелсіздігін жариялайды. Бұл жаңа үкіметті Оспан батыр алғашында жан-тәнімен қорғауға бел байлады. Осы рухпен 1945 жылы 6 қыркүйекке дейін ол бүкіл Алтай аймағын Гоминдаң басқыншыларынан толық азат етеді.

Бірте-бірте Шығыс Түркістан республикасы КСРО және Қытай сынды екі үлкен мемлекеттің қыспағына түседі. Бірі олай атып, бірі былай қағып, қақпақылға салып жүріп, ақыры 1946 жылға келгенде барлық іс Қытайдың пайдасына шешіледі. 1946 жылы 1 шілдеде Шыңжаң өлкелік бірлескен үкіметі құрылады. Бұған бұрынғы батыс солтүстік Қытай әкімшілік мекемесінің бастығы Жаң Жыжұң төраға болып тағайындалады да, бұрынғы Шығыс Түркістан республикасының басшысы Ахметжан Қасыми енді сол өлкелік үкіметтің бастығының орынбасары болып белгіленеді. Ал, әйгілі Оспан батыр өлкелік үкіметтің мүшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалады.

Оспан батыр 1945 жылы қыста Сарсүмбе қаласына көшіп барып, сол жерде губернаторлық міндетін өтейді. 1946 жылдың жазғы тұрымында Көктоғай ауданының Қуүй деген жеріндегі өзінің байырғы мекеніне қайта көшеді. Сарсүмбеде тұрған осы бір жыл ішінде ол өзі басқарып тұрған үкіметтің қандай үкімет екенін толық танып біледі. Сондықтан ол бұл үкіметтен бас тартып, өзінің бұрынғы ұлт-азаттығына қол жеткізу мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа майдан ұйымдастыруға көшеді.

Міне, осылайша Ресейдегі, мейлі Қытайдағы болсын, мейлі орыс яки қытай немесе қазақ болсын, қызыл үкімет десе, коммунист десе, төбе шашы тік тұратын Оспан батыр 1946 жылдан бастап коммунистердің, ашығын айтқанда, Кеңес Одағының тікелей басқаруындағы Шығыс Түркістан армиясымен соғысуға бел байлайды.

Алғашында Қытай қолымен, кейін КСРО, Моңғол, Қытай қатарлы үш мемлекеттегі коммунистік қызыл армиямен он жыл соғысқан, олардың жиырма мыңнан астам адамын қырып, дүниені дүр сілкіндірген Оспан батыр ақыры 1951 жылы ақпан айында Қанамбал тауының Мақа деген жерінде қапыда қолға түседі. 1951 жылы 23 сәуірде өзінің ата жауы, қас дұшпаны коммунистік Қытай үкіметі қолынан Үрімжіде атылады.

Д.Мәсімхан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға