Астанада Конституция күніне орай «Қазақ өнері» мерекелік концерті өтеді
Бүгін мемлекеттік мереке - Конституция күні қарсаңында Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақ өнері» мерекелік концерті өтеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі astana.kz сайтына хабарлағандай, сахнада би және фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер, ҚР еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетеді.
Майра Мұхамедқызы, Медеу Арынбаев, «Ұлытау» тобы, Мақпал Исабекова, МузАрт тобы, Маржан Арапбаева, Рустем Нұржігітов, Айқын Төлепберген, және қазақ эстрадасының басқа да жұлдыздары елорда тұрғындары мен қонақтарын мереке күнімен құттықтайды.
Концерт сағат 16.00 басталады.
Еске салайық, 30-31 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өту аясында елордада бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, халықтық серуен, мерекелік концерттер, көрмелер, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, фестивальдар мен ғылыми-практикалық конференциялар.