Кентау қаласы
Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан болысында құрылды. Қаланы бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістанқаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.
Қала экономикасы
Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: "Трансформатыр зауыты" ААҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт,"Экскаватр" ААҚ – металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін "Оңтүстік түстіметалл" ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. "Табыс" акционерлік қоғамы, "Табыс" акционерлік қоғамы, "Эластополимет" ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, "Ерден-нан" ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды.
Мәдениет пен қала көрінісі
Қалада Мәдениет сарайы, орт. кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», "Кентау" атты қалалық газеттері, жергілікті "Икар" теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.АҚонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «’’Тәуелсіздік монументі’’» бар. ‘’Л. Алиева’’. Мұнда тіпті дарынды балалар тәрбиелейтін қазақ-түрік лицейі де бар. Мұнда келген балалар білімдерімен елді таң қалдырып, халықаралық байқаулардан елімізге жеңіс туын көтеріп оралуда. Бұл жағдайлар Кентау қаласының өсіп, дамуына үлкен септігін тигізуде.