Жаңалықтар

Салт айтыс

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады. Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады. "Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді. О м а р қ ұ л: ...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін, Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін. Сергелдең сенің үшін болдым талай, Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін... Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін. Т ә б и я: Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің, Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін. Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын, Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім, Арасын екі ауылдың болжал етіп, Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім. Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ, Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім... Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады. Қысқасы, жігіт пен қыздың шын мәніндегі айтыстары, ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтиды. Тақырып, мазмұны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында. Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек қою да қиын. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
29.08.2013 06:01 21531

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.
Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады.
"Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.

О м а р қ ұ л:
...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін,
Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.
Сергелдең сенің үшін болдым талай,
Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...
Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін.

Т ә б и я:
Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің,
Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін.
Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,
Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім,
Арасын екі ауылдың болжал етіп,
Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.
Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,
Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім...

Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады.
Қысқасы, жігіт пен қыздың шын мәніндегі айтыстары, ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтиды. Тақырып, мазмұны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында.
Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек қою да қиын.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға