Жаңалықтар

Әлібек Дінішев

Әлібек Мұсаұлы Дінішев 1951 жылдың 7 шілдесінде Алматыда туды. Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары. Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болған, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастаған. Мұса Бөкенбайұлы «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты. Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты. Әлібек Дінішев камералық бағдарлармалармен Еуропаның ірі концерттік залдарында өнер көрсетіп, Үлкен театр қойылымдарына қатысты. 1997 жылы жезтаңдай әнші «Әлібек Дінішев атындағы вокал академиясын» ашты. Әнші репертуарында — камералық циклдер, халық әндері мен романстары, Е.Брусиловскийдің «Дударай», Е.Рахмадиевтің «Песнь о целине», Н.Римский-Корсаковтың «Майская ночь» операларындағы партиялар бар. Еуропаның ірі залдарында камералық бағдарламалармен шықты, Мәскеудегі Үлкен театрдың қойылымдарына қатысты. Академиялық музыкамен қатар Дінішев қазақтың халық әндері мен кеңестік сазгерлердің әндерін де орындайды — атап айтсақ, ол Матвей Блантердің «В лесу прифронтовом», «Лучше нету того цвету», «Грустные ивы», «Незабытая песня», «Колыбельная», «В городском саду», «Московские окна», «Песенка влюбленного» және т.б. танымал әндерін жаздырған.
29.08.2013 04:30 6851

Әлібек Мұсаұлы Дінішев 1951 жылдың 7 шілдесінде Алматыда туды. Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары. Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болған, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастаған. Мұса Бөкенбайұлы «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті.

Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова.

1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты. Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды.

1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.

Әлібек Дінішев камералық бағдарлармалармен Еуропаның ірі концерттік залдарында өнер көрсетіп, Үлкен театр қойылымдарына қатысты.

1997 жылы жезтаңдай әнші «Әлібек Дінішев атындағы вокал академиясын» ашты.

Әнші репертуарында — камералық циклдер, халық әндері мен романстары, Е.Брусиловскийдің «Дударай», Е.Рахмадиевтің «Песнь о целине», Н.Римский-Корсаковтың «Майская ночь» операларындағы партиялар бар. Еуропаның ірі залдарында камералық бағдарламалармен шықты, Мәскеудегі Үлкен театрдың қойылымдарына қатысты.

Академиялық музыкамен қатар Дінішев қазақтың халық әндері мен кеңестік сазгерлердің әндерін де орындайды — атап айтсақ, ол Матвей Блантердің «В лесу прифронтовом», «Лучше нету того цвету», «Грустные ивы», «Незабытая песня», «Колыбельная», «В городском саду», «Московские окна», «Песенка влюбленного» және т.б. танымал әндерін жаздырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға