Жаңалықтар

Х бөлім

Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы көрсетуi жаңаша көркемдiк әдiс деуге болады. Екi ақын бетпе-бет келiп айтысқанда шындықтың түп – тереңiне дейiн ашылатыны белгiлi. Сондай-ақ Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елiнiң сан ғасырлдық өмiр, күрестерiнiң сыры мен сипатын екшеп көрсетуге болатын жайлардан хабар айту тәсiлiн жазушы қазақ әдебиетiнде алғашқы қолданушылардың бiрi. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидiң бала кезiн көрсеткен тұста оның келешектегi мансабы мен атағын да қоса ескертiп қою шығармаға оқушы ықыласын өсiре түседi. Мұның өзi “Алмас қылыш” өз жанрында елеулi туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенiн дәлелдейдi. Осындай көп ұнамды сипаттары бар шығармадан iздеген кiсi жекелеген кемшiлiктi көруi мүмкiн. Солардың кейбiреуiн бiз де байқадық. Кейде автор тарихи деректердi үйiп-төгiп берудi мақсат тұтып, негiзгi идеяны ашуға, не толықтыруға дiлгiрлiгi жоқ қосалқы деректердi, адам аттарын көбiрек тiзедi. Осыған байланысты қайталау ұшырып отырады. Мәселен, кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде Әбiлхайырдың 17 жасында таққа отырғаны үш рет қайталанады. Бағзы бiр тұстарда нанымсыз, жасанды оқиғалар ұшырайды. Бұған Тараз әкiмiнiң тойында Бұрындық ханның тұрпайы, ерсi шарт қоюын айтуды алсақ та болады. Шығарманың тiлi жөнiнде бiрер сөз. Жалпы алғанда, роман тiлi тартымды, табиғи, жатық. Әңгiме тек жекелеген қонымсыз сөздер мен тiркестер (“Мадақтау о да бiр паш өнеге”, “сыймай бастаған соң”, “жан аямас қас-тын”, “ғажайып қан төгiспен” т.б.) жөнiнде болса бiр сәрi… Әрi жазушының тiл кестесi, жазу мәнерi, сөз талғамы басқа-басқа. Оның үстiне тiлдiң ағыны мен ажары әрдайым нақтылы оқиғаға, идеяға байланысты өзгерiп отырмақ. Оңды тiл – айтылмақ ойды неғұрлым дәл, табиғи, үйлесiмдi бере бiлген тiл. I.Есенберлиннiң “Алмас қылыш” романы – оның қазақ халқының ХV-ХVIII ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бiр бөлiгi. Архив тереңiнде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректi ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежiре, тартымды роман Ұсынған автордың азаматтық еңбегi қалың оқырманын – шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшiн бұдан артық мәртебе жоқ /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 114-120 беттер/. Шығарманың жанр ерекшелiгiн материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секiлдi шарттар белгiлейтiнi аян. Сол үшiн қандай да болсын көркем туындыны сөз еткенде оның өзiнен бұрынғы шығармаларға ұқсастығын емес, қайталанбас ерекшелiгiн алдымен iздеген абзал. Мұнсыз ондай туындының әдебиеттегi орны мен салмаған ажыратыптану қиын.  
18.06.2013 04:46 2826

Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы көрсетуi жаңаша көркемдiк әдiс деуге болады. Екi ақын бетпе-бет келiп айтысқанда шындықтың түп – тереңiне дейiн ашылатыны белгiлi. Сондай-ақ Қотан мен Қазтуған айтысы қазақ елiнiң сан ғасырлдық өмiр, күрестерiнiң сыры мен сипатын екшеп көрсетуге болатын жайлардан хабар айту тәсiлiн жазушы қазақ әдебиетiнде алғашқы қолданушылардың бiрi. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидiң бала кезiн көрсеткен тұста оның келешектегi мансабы мен атағын да қоса ескертiп қою шығармаға оқушы ықыласын өсiре түседi. Мұның өзi “Алмас қылыш” өз жанрында елеулi туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенiн дәлелдейдi.

Осындай көп ұнамды сипаттары бар шығармадан iздеген кiсi жекелеген кемшiлiктi көруi мүмкiн. Солардың кейбiреуiн бiз де байқадық. Кейде автор тарихи деректердi үйiп-төгiп берудi мақсат тұтып, негiзгi идеяны ашуға, не толықтыруға дiлгiрлiгi жоқ қосалқы деректердi, адам аттарын көбiрек тiзедi. Осыған байланысты қайталау ұшырып отырады. Мәселен, кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде Әбiлхайырдың 17 жасында таққа отырғаны үш рет қайталанады. Бағзы бiр тұстарда нанымсыз, жасанды оқиғалар ұшырайды. Бұған Тараз әкiмiнiң тойында Бұрындық ханның тұрпайы, ерсi шарт қоюын айтуды алсақ та болады.

Шығарманың тiлi жөнiнде бiрер сөз. Жалпы алғанда, роман тiлi тартымды, табиғи, жатық. Әңгiме тек жекелеген қонымсыз сөздер мен тiркестер (“Мадақтау о да бiр паш өнеге”, “сыймай бастаған соң”, “жан аямас қас-тын”, “ғажайып қан төгiспен” т.б.) жөнiнде болса бiр сәрi… Әрi жазушының тiл кестесi, жазу мәнерi, сөз талғамы басқа-басқа. Оның үстiне тiлдiң ағыны мен ажары әрдайым нақтылы оқиғаға, идеяға байланысты өзгерiп отырмақ. Оңды тiл – айтылмақ ойды неғұрлым дәл, табиғи, үйлесiмдi бере бiлген тiл.

I.Есенберлиннiң “Алмас қылыш” романы – оның қазақ халқының ХV-ХVIII ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бiр бөлiгi. Архив тереңiнде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректi ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежiре, тартымды роман Ұсынған автордың азаматтық еңбегi қалың оқырманын – шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшiн бұдан артық мәртебе жоқ /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 114-120 беттер/.

Шығарманың жанр ерекшелiгiн материалдың сипаты, авторлық аңсар, эстетикалық мұрат секiлдi шарттар белгiлейтiнi аян. Сол үшiн қандай да болсын көркем туындыны сөз еткенде оның өзiнен бұрынғы шығармаларға ұқсастығын емес, қайталанбас ерекшелiгiн алдымен iздеген абзал. Мұнсыз ондай туындының әдебиеттегi орны мен салмаған ажыратыптану қиын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға