Жаңалықтар

VI бөлім

Iлияс Есенберлин /1913 – 1983/ (10.1.1915, қазiргi Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 5.10.1983, Алматы) — жазушы. Қазақ тау – кен және металлургия институтын (қазiргi ҚазПТИ) бiтiрген (1940). Отан соғысына қатысқан. 142 – 47 ж. Қазақстан КП ОК – нiң нұсқаушысы, 1947 – 51 ж. Қазақ Мемлекеттiк филармониясының директоры. 1953 – 54 ж. ҚР Геология министрлiгiнде аға инспектор; 1954 – 55 ж. Берсүгiр шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955 – 57 ж. Қазақ мемлекеттiк көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958 – 67 ж. “Қазақфильм” киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесi; 1967 – 71 ж. “Жазушы” баспасының директоры; 1971 – 75 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2 – хатшысы. Есенберлиннiң алғашқы шығармалары баспасөз бетiнде 1940 жылдан бастап жарық көрдi. Ол поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында жемiстi еңбек еттi. Алғашында ақын ретiнде танылды. 1945 ж. “Сұлтан”, “Айша” дастандары жарық көрдi. Одан кейiнгi кезеңдерде “Адамгершiлiк туралы жыр” өлеңдер жинағы (1949), “Большевик туралы поэма” (1957), “Бiржан сал трагедиясы” (1959) дастандары жарияланды. 60 – жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. “Өзен жағасында” (1960), “Толқиды Есiл” (1965), орыс тiлiнде жазылған “Адам туралы ән” (1957) атты повестерi жарық көрдi. Жазушы қазақ әдебиетiнде роман жанрын дамытуға елеулi үлес қосты. “Айқас” (1966), “Қатерлi өткел” (1967), “Ғашықтар” (1968), “Қаһар” (1969), “Алмас қылыш” (1971), “Алтын құс” (1972), “Жанталас” (1973), “Көлеңкеңмен қорғай жүр” (1974) романдары, “Көшпендiлер” трилогиясы (1976), “Маңғыстау майданы”, “Аманат” (1978) романдары, “Алтын орда” трилогиясы (1982, 1983), “Махаббат мейрамы”, “Алыстағы аралдар” (1983), “Аққу құстың қуанышы” (1984) романдары жарияланды. Тарихи тақырыпқа арналған “Көшпендiлер” мен “Алтын орда” трилогияларында қазақ халқының басынан өткен елеулi тарихи кезеңдерi қамтылады. Трилогияда 15 – 19 ғасырлардағы қазақ өмiрi тарихи нақтылықпен және реализм әдiсi тұрғысынан үлкен суреткерлiк шеберлiкпен көрсетiлген. Жазушының “Айқас”, “Қатерлi өткел” романдары—қазақ ұлтық интеллигенцияның қалыптасу жолындағы күрделi әлеуметтiк және рухани құбылыстарды суреттеген патриоттық рухтағы шығармалар. Таптық күрес, танымдық көзқарастар тартысын шынайы бейнелеген “Айқас” романы үшiн жазушыға 1968 ж. Абай атындағы ҚР мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Есенберлиннiң “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, “Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдарында бүгiнгi жұмысшылар өмiрi суреттеледi. “Таудағы тартыс” (1962) пьесасы балалар мен жасөспiрiмдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бiрiгiп жазған “Құйма” (1961) киносценарийi бойынша түсiрiлген фильм елiмiзде және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетiлдi. 1977 ж. “Жұлдыздар” атты поэмалар жинағы жарияланды. Есенберлин 40 – тан астам ән текстерiнiң авторы. Есенберлин прозасы түгел дерлiк орыс тiлiне аударылды. Олар “Опасная переправа” (1970), “Влюбленные” (1970), “Схватка” (1957), “Хан Кене” (1971), “Заговоренный меч” (1973), “Отчаяние” (1974), “Прикрой своим щитом” (1976), “Золотые кони” (1981), “Мангистауский фронт” (1981), “Золотая орда” (1985) деген атпен орталық және республикалық баспалардан жарық көрдi. Есенберлиннiң жекелеген шығармалары украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, болгар, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, немiс, араб, испан тiлiнде жарияланды. Олардың iшiнде “Көшпендiлер” трилогиясы, “Адам туралы ән”, “Қатерлi өткел”, “Ғашықтар”, “Айқас” романдары бар. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгiсi” ордендерiмен және медальдарымен наградталған. Атбасар қаласындағы бiр мектепке, Алматыдағы бiр мектеп пен көшеге Есенберлиннiң есiмi берiлген.  
18.06.2013 04:42 3309

Iлияс Есенберлин

/1913 – 1983/

(10.1.1915, қазiргi Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 5.10.1983, Алматы) — жазушы. Қазақ тау – кен және металлургия институтын (қазiргi ҚазПТИ) бiтiрген (1940). Отан соғысына қатысқан. 142 – 47 ж. Қазақстан КП ОК – нiң нұсқаушысы, 1947 – 51 ж. Қазақ Мемлекеттiк филармониясының директоры. 1953 – 54 ж. ҚР Геология министрлiгiнде аға инспектор; 1954 – 55 ж. Берсүгiр шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955 – 57 ж. Қазақ мемлекеттiк көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958 – 67 ж. “Қазақфильм” киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесi; 1967 – 71 ж. “Жазушы” баспасының директоры; 1971 – 75 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2 – хатшысы. Есенберлиннiң алғашқы шығармалары баспасөз бетiнде 1940 жылдан бастап жарық көрдi. Ол поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында жемiстi еңбек еттi. Алғашында ақын ретiнде танылды. 1945 ж. “Сұлтан”, “Айша” дастандары жарық көрдi. Одан кейiнгi кезеңдерде “Адамгершiлiк туралы жыр” өлеңдер жинағы (1949), “Большевик туралы поэма” (1957), “Бiржан сал трагедиясы” (1959) дастандары жарияланды. 60 – жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. “Өзен жағасында” (1960), “Толқиды Есiл” (1965), орыс тiлiнде жазылған “Адам туралы ән” (1957) атты повестерi жарық көрдi. Жазушы қазақ әдебиетiнде роман жанрын дамытуға елеулi үлес қосты. “Айқас” (1966), “Қатерлi өткел” (1967), “Ғашықтар” (1968), “Қаһар” (1969), “Алмас қылыш” (1971), “Алтын құс” (1972), “Жанталас” (1973), “Көлеңкеңмен қорғай жүр” (1974) романдары, “Көшпендiлер” трилогиясы (1976), “Маңғыстау майданы”, “Аманат” (1978) романдары, “Алтын орда” трилогиясы (1982, 1983), “Махаббат мейрамы”, “Алыстағы аралдар” (1983), “Аққу құстың қуанышы” (1984) романдары жарияланды.

Тарихи тақырыпқа арналған “Көшпендiлер” мен “Алтын орда” трилогияларында қазақ халқының басынан өткен елеулi тарихи кезеңдерi қамтылады. Трилогияда 15 – 19 ғасырлардағы қазақ өмiрi тарихи нақтылықпен және реализм әдiсi тұрғысынан үлкен суреткерлiк шеберлiкпен көрсетiлген. Жазушының “Айқас”, “Қатерлi өткел” романдары—қазақ ұлтық интеллигенцияның қалыптасу жолындағы күрделi әлеуметтiк және рухани құбылыстарды суреттеген патриоттық рухтағы шығармалар. Таптық күрес, танымдық көзқарастар тартысын шынайы бейнелеген “Айқас” романы үшiн жазушыға 1968 ж. Абай атындағы ҚР мемлекеттiк сыйлығы берiлдi. Есенберлиннiң “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, “Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдарында бүгiнгi жұмысшылар өмiрi суреттеледi. “Таудағы тартыс” (1962) пьесасы балалар мен жасөспiрiмдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бiрiгiп жазған “Құйма” (1961) киносценарийi бойынша түсiрiлген фильм елiмiзде және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетiлдi. 1977 ж. “Жұлдыздар” атты поэмалар жинағы жарияланды. Есенберлин 40 – тан астам ән текстерiнiң авторы. Есенберлин прозасы түгел дерлiк орыс тiлiне аударылды. Олар “Опасная переправа” (1970), “Влюбленные” (1970), “Схватка” (1957), “Хан Кене” (1971), “Заговоренный меч” (1973), “Отчаяние” (1974), “Прикрой своим щитом” (1976), “Золотые кони” (1981), “Мангистауский фронт” (1981), “Золотая орда” (1985) деген атпен орталық және республикалық баспалардан жарық көрдi. Есенберлиннiң жекелеген шығармалары украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, болгар, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, немiс, араб, испан тiлiнде жарияланды. Олардың iшiнде “Көшпендiлер” трилогиясы, “Адам туралы ән”, “Қатерлi өткел”, “Ғашықтар”, “Айқас” романдары бар. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгiсi” ордендерiмен және медальдарымен наградталған. Атбасар қаласындағы бiр мектепке, Алматыдағы бiр мектеп пен көшеге Есенберлиннiң есiмi берiлген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға