Жаңалықтар

№1 қолтаңба

Әңгіме – Сейдахмет Бердіқұловтың «Үшінші по­дъезд» атты повестер мен әңгі­мелер жинағы жа­й­­лы. Неге дәл осы кітап тілге тиек болды десе­ңіз­дер, айтайын: Сә­кең негізінен, спорттық шы­ға­р­­­­­маларын топ­тастырған осы кітаптың №1 қолтаң­ба­сын маған ұсыныпты. …Қолымда – қалыңдығы бір еліден жуандау қатырма мұқабасы бар кітап. Қыса ұстағаным болмаса, оқып отырған жоқ­пын. Оқып отырмаған себе­бім, бұл кітапты әлденеше рет қайта оқып шық­қан­мын, әр сөздің десем артық болар, әр тарау­ы­ның айтар тарихы ойымда жаттаулы. Талай мәрте оқығанмын. Сонда да оқығым келе береді. Оқуға еріксіз жетелейтін күш бар секілді… «Мұңайып оянған қала» повесінің мына бір жолдарын қайталап тағы оқимын: «…Кең төсекте ты­пы­рлап аунай бердім, аунай бердім. Кеңірдекте кеп­телген қуа­ныш, көз шарасына іркілген жас. Әл­­деқайдан талып естілген СССР Гим­ні…». Мы­н­ау Рим Олимпиадасының күміс жүл­дегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Ғұсман Қоса­новтың жүрекжарды жолболсынынан бір үзік: «…Кітап мұқабасындағы екі сурет те маған ете­не жақын. Несімен дейсіз бе? Таби­ғатымен. Екі көрініс те аламан бәйгенің бәсіре бір сәтін айқайлап айтып тұрған жоқ па?! Жүйріктер жар­ы­сы ғой. Мен де жүгі­ргем, желаяқтар бәсекесіне түс­­­кем…». Бұл жинаққа сәт-сапар тілегендердің бірі рес­пу­бликаға, Одаққа танымал спортшы, футбол ма­маны, Қазақстан Рес­пу­бликасының еңбек сіңір­­­ген жат­тық­тырушысы – Тимур Сегізбаев:    «…Фут­­­­­бол өнері бір қарағанда жасыл алаңда теңбіл доп­ты жиырма екі ойыншы тынымсыз қуатын жайдақ ойын көрінгенімен, олай емес. Футбол – жанкүйерлері өлшеусіз көп, тек жампоз жігіттердің өресі жететін күрделі өнер. Міне, сондықтан да біздің өз арамызда теңбіл доп саң­лақтары сапыр­ылысып жүрген жоқ. Футбол – тек ойнауға ғана емес, түсінуге де қиын өнер. Соған қарамай, Сейдахмет Бердіқұлов әлемдік футбол додасы жайлы тамаша кітап жазды. Бұл кітапты оқыған жан автордың теңбіл доп тылсымын жақсы білетініне таңданар еді. Мен өзім кезінде осыған таң­данудан жалыққан емеспін… …Сәкеңнің футболдың қыры мен сырын кез кел­ген маманнан кем білмейтіні де кезінде мені таң­­­ғалдырғаны бар. «Қайрат» командасының бап­­­­­кері А.Севидов оны шақыр­тып жүр ек­­­ен­. А.Севи­­дов футбол өнерінің аса терең ойлы ма­­ман­­­­­да­ры­ның бірі болатын. Сол кісінің Сәкең­­мен бүгін­­гі футбол өнерінің оңы мен солы жайлы ұзақ пікі­р­­лескені есімде. Мен сол кезден-ақ Сәкеңді фут­­­бол ойынының жанкүйері деуден гөрі, ұстазы деу­­­­ге жақын тұратыным сондық­тан…» Дат, оқырман! С.Бердіқұловтың творч­ес­т­во­сына кез келген сыншы, кез келген спорт ма­ма­ны жоғарыдағы екі адамнан артық баға бере алмас де­дік. Ол рас. Бірақ кезінде кітап жарық көрі­сі­мен «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған (№49, 4 желтоқсан, 1981 жыл) қазақ әдебиетінің тар­лан­дарының бірі, қазақ поэзиясының ардагер аға­­сы деуге лайық Әбділда Тәжібаевтың ре­цен­зия­сын оқыған соң қандай таланттың қырын да бір немесе екі адам толық аша алмайтынын бай­қа­дық. Адамның жанын түсініп, жақсылығын бе­тіне айтуға үйренген ақсақал ақынымыздың жаз­­ған пікірінен соң С.Бердіқұловтың оқыр­ман­дар үшін жаңа бір қыры, қасиеті ашылды.  Бүгінде әрбір шаңырақта шағын болса да кітап­хана ұстау дәстүрге айналды. Біздегі сондай кітапхана деуге олқы соғатын кітап сөрелерінің ортан белінде тұратын С. Бердіқұловтың «Үшінші подъезд» атты кітабын қолға көп алып, оқуға сұраушылар кейінгі кезде көбейіп жүр. Қолқа салған соң, амал жоқ, бересің. Араға күн салмай оқып шығып, әкеліп берген оқырманның мына бір-екі ауыз сөзін жиі естимін: «Тамаша кітап екен. Жазушы №1 қолтаңбаны саған беріпті-ау, бұл да – абырой…» Жоғарыдағы кітапты бізден алып оқып жүр­гендер­дің пікірін бұл жерде ту етуден аулақпын. Бірақ бұл кітаптың қолдан-қол­ға тимей оқылға­нына дауым жоқ. Шы­нын айту керек, спорттық көркем әде­биет­ке тапшылығымыз әлі сол күйінде. Сон­дықтан да С.Бердіқұловтың есімі ерек­­ше, дара аталары да заңды. Қай тақырыпта да, әсіресе, спорт та­қы­ры­бында, шығарманың құндылығы ав­тор­дың осы бір керегесі кең, шаңырағы биік дүниеге қан­ша­лықты жақын, қан­ша­лықты туыс, жанашыр еке­ні­мен өлшенуге тиіс. Спорт­тың ет езіп, сүйек шы­тынатар сал­мағын, жүрек қысып, ішек созар тар­тыстылығын, бір сәтке ғана бақытты етіп, өмірлік қуат берер қасиетін білмей, сезінбей, спорт тақырыбын меңгеру мүмкін емес. «Ол үшін өз­ің де спортшы болуың керек» деген қатқыл пікір­ге қосылмаймын. «Тамаша спортшыдан тәуір бапкер шығуы міндетті емес» деген секілді, спорт тақырыбын тамаша меңгеру үшін жазушыға кезінде рекордтардан көз аштырмаған спортшы бо­лу да мүлдем міндетсіз. Тек жоғарыда ай­тыл­ған­дай, спорт әлемінің тылсымын жанымен сезетін суреткер болса болғаны. Ұстазым Сейдахмет Бердіқұлов сондай адам еді. Ғ.Қосановтың мына бір әңгімесі де жазушының спорт әлеміне сонау ба­лаң кезден балапандай тәрбиеленгеніне куә бо­ла алады. 1959 жылғы КСРО халықтарының жазғы II спартакиадасында аса қысқа қашықтықта жеңген жеңіл атлеттің фамилиясы электронды таблода жалт ете қалғанын көзі шалған сол кездегі жастар газетінің тілшісі шарқ ұрып Қосановты іздейді. Та­бады. Сол кезде Молдавия құрама коман­дасы­ның сапында өнер көрсететін солдат Ғ.Қосан­о­в­тың қазақ екенін көріп, көзіне жас алады. Мұн­­ың да еш айыбы жоқ. «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Сонау жас шағында қызыққан, сол кезде таң­да­­ған тақырыбын Секең ғұмырының соңына дейін ештеңеге айырбастаған жоқ. Әрине, біз  С.Берді­­­құловтың өзге тақырыптарға жазған әңгі­ме, по­­вес­­­терін де оқыдық. Дегенмен жазушы твор­чес­твосының әр кезеңінен спорт тақырыбы атой салып, ерекше көрініп, менмұндалап тұра­ды. Бұл тақырыпты творчествосының ат байлар қазығы десек те жарасады. Менің бұл жазғандарым – қаламдас аға жайлы сағынышты сыр. Олай болса, жазушының жас қаламгерлерге мәңгі үлгі болар бір-екі қасие­тін баса айта кеткен жөн болар. Ең әуелі С.Бердіқұловтың шығармасының тілі тамаша. Қай оқиғаны әңгімелеп отырса да одырайып тұратын бейтаныс сурет, дүрдараз диалогтар кездеспейді. Бәрі де шебер ұстаның шегесіндей, ұшы өткір, түбі тиянақты келеді. Жазушының қай шығармасын оқысаңыз да бояуы мол, рахат дүниеге кенелесіз де отырасыз. Еріксіз езу тартатын ет жақын тұстар да молынан кез­де­се­ді. Бұл жалаң юмор іздеудің жемісі емес, жазу­шының шұрайлы тілінің ең қажет деген тіркестерін ал­ған тұстары ғана. Әдетте көптеген әдеби шығар­ма­ларда автордың жоқтан күлкі іздеп тауып, оны орын­сыз зорлап қосып, жапсырғаны менмұн­далап, сыйыспай тұрады. С.Бердіқұловта ол жоқ. Бүкіл шығарманың өн бойы жазушының өз тілі, өз баяндауы, өз әңгімелеуі мәнеріне құры­лады. Әрі әлгідей әдемі қасиеттерімен ерекшеленіп тұра­ды. Кітаптың кез келген тұсын ашыңыз. Мысалы: «…Елеңдеп қалған адам бүйірі қызған бәй­ге аты секілді деңіз де қойыңыз. Байыз тауып не отырып, не жата алмайды. Аз-кем аяқ суыт­қаннан соң көшеге шықтым. Қасымда – грузин журналисі Отар Назадзе. Футболға байланысты дүн­иені сыпырып-сиырып, сатып ала береді. Бөл­месінің өзі кішігірім музейге айналған. Ауылда фут­бол жайлы мыңға тарта кітабы барын, дүние- жүзін­дегі ең ірі жарыстардың арнаулы значоктері со­дан табылатынын басқа грузин жігіттері айтты. Біз­дегі Шора Сарыбаев секілді құныққан, беті бері қарамайтын «науқас» коллекционер». Бұл – жазушының Мехико футбол чемпионаты жайлы жазылған деректі повесінің жеті жолы ғана. Мұндай жылы теңеу, жүйелі суреттеулер бүкіл шығармаларының өн бойында балбұлақтай еседі де тұрады. Республикамыздағы спорт журналистикасының марқасқасы атанған жазушы спорт әдебиетінде де сол биігінен түспеген. Бұл айтылғандарды құлақпен естіп қана қоймай, жүрекпен сезінгісі келгендер болса, Сейдахмет аға маған №1 қолтаңба қойып берген «Үшінші подъезд» жинағын тағы бір парақтасын. Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, Сәкеңнің шәкірті, республикалық «Sport»-«Спорт» газеттерінің директор-бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы
17.06.2013 13:44 4267

Әңгіме – Сейдахмет Бердіқұловтың «Үшінші по­дъезд» атты повестер мен әңгі­мелер жинағы жа­й­­лы. Неге дәл осы кітап тілге тиек болды десе­ңіз­дер, айтайын: Сә­кең негізінен, спорттық шы­ға­р­­­­­маларын топ­тастырған осы кітаптың №1 қолтаң­ба­сын маған ұсыныпты.
…Қолымда – қалыңдығы бір еліден жуандау қатырма мұқабасы бар кітап. Қыса ұстағаным болмаса, оқып отырған жоқ­пын. Оқып отырмаған себе­бім, бұл кітапты әлденеше рет қайта оқып шық­қан­мын, әр сөздің десем артық болар, әр тарау­ы­ның айтар тарихы ойымда жаттаулы. Талай мәрте оқығанмын. Сонда да оқығым келе береді. Оқуға еріксіз жетелейтін күш бар секілді…
«Мұңайып оянған қала» повесінің мына бір жолдарын қайталап тағы оқимын: «…Кең төсекте ты­пы­рлап аунай бердім, аунай бердім. Кеңірдекте кеп­телген қуа­ныш, көз шарасына іркілген жас. Әл­­деқайдан талып естілген СССР Гим­ні…». Мы­н­ау Рим Олимпиадасының күміс жүл­дегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Ғұсман Қоса­новтың жүрекжарды жолболсынынан бір үзік: «…Кітап мұқабасындағы екі сурет те маған ете­не жақын. Несімен дейсіз бе? Таби­ғатымен. Екі көрініс те аламан бәйгенің бәсіре бір сәтін айқайлап айтып тұрған жоқ па?! Жүйріктер жар­ы­сы ғой. Мен де жүгі­ргем, желаяқтар бәсекесіне түс­­­кем…». Бұл жинаққа сәт-сапар тілегендердің бірі рес­пу­бликаға, Одаққа танымал спортшы, футбол ма­маны, Қазақстан Рес­пу­бликасының еңбек сіңір­­­ген жат­тық­тырушысы – Тимур Сегізбаев:    «…Фут­­­­­бол өнері бір қарағанда жасыл алаңда теңбіл доп­ты жиырма екі ойыншы тынымсыз қуатын жайдақ ойын көрінгенімен, олай емес. Футбол – жанкүйерлері өлшеусіз көп, тек жампоз жігіттердің өресі жететін күрделі өнер. Міне, сондықтан да біздің өз арамызда теңбіл доп саң­лақтары сапыр­ылысып жүрген жоқ. Футбол – тек ойнауға ғана емес, түсінуге де қиын өнер. Соған қарамай, Сейдахмет Бердіқұлов әлемдік футбол додасы жайлы тамаша кітап жазды. Бұл кітапты оқыған жан автордың теңбіл доп тылсымын жақсы білетініне таңданар еді. Мен өзім кезінде осыған таң­данудан жалыққан емеспін…
…Сәкеңнің футболдың қыры мен сырын кез кел­ген маманнан кем білмейтіні де кезінде мені таң­­­ғалдырғаны бар. «Қайрат» командасының бап­­­­­кері А.Севидов оны шақыр­тып жүр ек­­­ен­. А.Севи­­дов футбол өнерінің аса терең ойлы ма­­ман­­­­­да­ры­ның бірі болатын. Сол кісінің Сәкең­­мен бүгін­­гі футбол өнерінің оңы мен солы жайлы ұзақ пікі­р­­лескені есімде. Мен сол кезден-ақ Сәкеңді фут­­­бол ойынының жанкүйері деуден гөрі, ұстазы деу­­­­ге жақын тұратыным сондық­тан…»

Дат, оқырман! С.Бердіқұловтың творч­ес­т­во­сына кез келген сыншы, кез келген спорт ма­ма­ны жоғарыдағы екі адамнан артық баға бере алмас де­дік. Ол рас. Бірақ кезінде кітап жарық көрі­сі­мен «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған (№49, 4 желтоқсан, 1981 жыл) қазақ әдебиетінің тар­лан­дарының бірі, қазақ поэзиясының ардагер аға­­сы деуге лайық Әбділда Тәжібаевтың ре­цен­зия­сын оқыған соң қандай таланттың қырын да бір немесе екі адам толық аша алмайтынын бай­қа­дық. Адамның жанын түсініп, жақсылығын бе­тіне айтуға үйренген ақсақал ақынымыздың жаз­­ған пікірінен соң С.Бердіқұловтың оқыр­ман­дар үшін жаңа бір қыры, қасиеті ашылды.  Бүгінде әрбір шаңырақта шағын болса да кітап­хана ұстау дәстүрге айналды. Біздегі сондай кітапхана деуге олқы соғатын кітап сөрелерінің ортан белінде тұратын С. Бердіқұловтың «Үшінші подъезд» атты кітабын қолға көп алып, оқуға сұраушылар кейінгі кезде көбейіп жүр. Қолқа салған соң, амал жоқ, бересің. Араға күн салмай оқып шығып, әкеліп берген оқырманның мына бір-екі ауыз сөзін жиі естимін: «Тамаша кітап екен. Жазушы №1 қолтаңбаны саған беріпті-ау, бұл да – абырой…»

Жоғарыдағы кітапты бізден алып оқып жүр­гендер­дің пікірін бұл жерде ту етуден аулақпын. Бірақ бұл кітаптың қолдан-қол­ға тимей оқылға­нына дауым жоқ. Шы­нын айту керек, спорттық көркем әде­биет­ке тапшылығымыз әлі сол күйінде. Сон­дықтан да С.Бердіқұловтың есімі ерек­­ше, дара аталары да заңды. Қай тақырыпта да, әсіресе, спорт та­қы­ры­бында, шығарманың құндылығы ав­тор­дың осы бір керегесі кең, шаңырағы биік дүниеге қан­ша­лықты жақын, қан­ша­лықты туыс, жанашыр еке­ні­мен өлшенуге тиіс. Спорт­тың ет езіп, сүйек шы­тынатар сал­мағын, жүрек қысып, ішек созар тар­тыстылығын, бір сәтке ғана бақытты етіп, өмірлік қуат берер қасиетін білмей, сезінбей, спорт тақырыбын меңгеру мүмкін емес. «Ол үшін өз­ің де спортшы болуың керек» деген қатқыл пікір­ге қосылмаймын. «Тамаша спортшыдан тәуір бапкер шығуы міндетті емес» деген секілді, спорт тақырыбын тамаша меңгеру үшін жазушыға кезінде рекордтардан көз аштырмаған спортшы бо­лу да мүлдем міндетсіз. Тек жоғарыда ай­тыл­ған­дай, спорт әлемінің тылсымын жанымен сезетін суреткер болса болғаны. Ұстазым Сейдахмет Бердіқұлов сондай адам еді. Ғ.Қосановтың мына бір әңгімесі де жазушының спорт әлеміне сонау ба­лаң кезден балапандай тәрбиеленгеніне куә бо­ла алады. 1959 жылғы КСРО халықтарының жазғы II спартакиадасында аса қысқа қашықтықта жеңген жеңіл атлеттің фамилиясы электронды таблода жалт ете қалғанын көзі шалған сол кездегі жастар газетінің тілшісі шарқ ұрып Қосановты іздейді. Та­бады. Сол кезде Молдавия құрама коман­дасы­ның сапында өнер көрсететін солдат Ғ.Қосан­о­в­тың қазақ екенін көріп, көзіне жас алады. Мұн­­ың да еш айыбы жоқ. «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар.

Сонау жас шағында қызыққан, сол кезде таң­да­­ған тақырыбын Секең ғұмырының соңына дейін ештеңеге айырбастаған жоқ. Әрине, біз  С.Берді­­­құловтың өзге тақырыптарға жазған әңгі­ме, по­­вес­­­терін де оқыдық. Дегенмен жазушы твор­чес­твосының әр кезеңінен спорт тақырыбы атой салып, ерекше көрініп, менмұндалап тұра­ды. Бұл тақырыпты творчествосының ат байлар қазығы десек те жарасады.
Менің бұл жазғандарым – қаламдас аға жайлы сағынышты сыр. Олай болса, жазушының жас қаламгерлерге мәңгі үлгі болар бір-екі қасие­тін баса айта кеткен жөн болар. Ең әуелі С.Бердіқұловтың шығармасының тілі тамаша. Қай оқиғаны әңгімелеп отырса да одырайып тұратын бейтаныс сурет, дүрдараз диалогтар кездеспейді. Бәрі де шебер ұстаның шегесіндей, ұшы өткір, түбі тиянақты келеді. Жазушының қай шығармасын оқысаңыз да бояуы мол, рахат дүниеге кенелесіз де отырасыз. Еріксіз езу тартатын ет жақын тұстар да молынан кез­де­се­ді. Бұл жалаң юмор іздеудің жемісі емес, жазу­шының шұрайлы тілінің ең қажет деген тіркестерін ал­ған тұстары ғана. Әдетте көптеген әдеби шығар­ма­ларда автордың жоқтан күлкі іздеп тауып, оны орын­сыз зорлап қосып, жапсырғаны менмұн­далап, сыйыспай тұрады. С.Бердіқұловта ол жоқ. Бүкіл шығарманың өн бойы жазушының өз тілі, өз баяндауы, өз әңгімелеуі мәнеріне құры­лады. Әрі әлгідей әдемі қасиеттерімен ерекшеленіп тұра­ды. Кітаптың кез келген тұсын ашыңыз. Мысалы: «…Елеңдеп қалған адам бүйірі қызған бәй­ге аты секілді деңіз де қойыңыз. Байыз тауып не отырып, не жата алмайды. Аз-кем аяқ суыт­қаннан соң көшеге шықтым. Қасымда – грузин журналисі Отар Назадзе. Футболға байланысты дүн­иені сыпырып-сиырып, сатып ала береді. Бөл­месінің өзі кішігірім музейге айналған. Ауылда фут­бол жайлы мыңға тарта кітабы барын, дүние- жүзін­дегі ең ірі жарыстардың арнаулы значоктері со­дан табылатынын басқа грузин жігіттері айтты. Біз­дегі Шора Сарыбаев секілді құныққан, беті бері қарамайтын «науқас» коллекционер». Бұл – жазушының Мехико футбол чемпионаты жайлы жазылған деректі повесінің жеті жолы ғана. Мұндай жылы теңеу, жүйелі суреттеулер бүкіл шығармаларының өн бойында балбұлақтай еседі де тұрады. Республикамыздағы спорт журналистикасының марқасқасы атанған жазушы спорт әдебиетінде де сол биігінен түспеген. Бұл айтылғандарды құлақпен естіп қана қоймай, жүрекпен сезінгісі келгендер болса, Сейдахмет аға маған №1 қолтаңба қойып берген «Үшінші подъезд» жинағын тағы бір парақтасын.

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,
Сәкеңнің шәкірті, республикалық
«Sport»-«Спорт» газеттерінің
директор-бас редакторы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Астана қаласы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға