Жаңалықтар

Астана көшелерінің 90-92 пайызы таза ұлттық атаулар

Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы ЕРБОЛ ТІЛЕШОВПЕН сұхбат. - Ербол Ердембекұлы, жақында «Ономастика мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Бұл – бұрын осы істі өз ретімен жүргізуге қолбайлау болған мораторий алынып тасталды деген сөз. Көше атауларына қатысты жұмысты қызу қолға алған боларсыздар. Неден бастап жатырсыздар?  - Үстіміздегі жылдан бастап ономастикалық атаулар берудің тәртібі өзгерді. Қазіргі кезде қалалық ономастика комиссиясының отырысын дайындаудамыз. Жекеленген азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан 10 хат, ұсыныстар келіп түсті. Олар алдымыздағы маусым айында қаралып, оң шешім тапқандары республикалық комиссияға жолданады. Жалпы алғанда, Астанада көше атауларына қатысты айтарлықтай шешілмей жатқан қордаланған мәселелер жоқ деуге болады. Елорданың ономастикалық ажары еліміздің қай өңірінен болса да көш ілгері. Оған жазушылардан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен тұратын қалалық ономастика комиссиясы үлкен үлес қосып келеді. Қаламыздың астаналық мәртебесін ескеріп, ономастика комиссия мүшелері қашанда елордаға лайықты атауларды ғана мақұлдайды.  - Жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуінің арқасында елордамыз күннен күнге өсуде. Сол үйлер бір ауданда шоғырланғандықтан жаңа көшелер де пайда болуда. Алайда ол көшелердің аты жоқ, тек қана 187, 188 секілді сандармен белгіленген. Болашақта мұндай көшелер қандай атау алуы мүмкін? - Дұрыс айтасыз, қалада аса қарқынды құрылыс жүрудің барысында елорданың аумағы ұлғаюда, соған байланысты жаңа көшелер пайда болуда. Өзіңіз айтқан әзірге сандармен белгіленген көшелерге атау қою ойымызда. Белгілі бір көшеге атау қою үшін ол көше алдымен толық абаттандырылып сәулет және қала құрылысы басқармасы бізге қажетті рұқсат құжаттарын беруі тиіс. Сонда ғана ономастика комиссиясы атау бере алады.  - Жалпы көшелерге атау беру процедурасы қалай жүргізіледі? - Көшелерге атау берудің тәртібі мен реті биылдан бастап өзгерді. Атап айтқанда, тиісті заңға сәйкес қалалық ономастика комиссиясы өзінің отырысында мақұлданған атауларды ҚР Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясына жолдайды, егер осы комиссия қолдаса, онда ондай атаулар қала көшелеріне беріледі. Бұрынғыдай Астана көшелерінің атауын тікелей қалалық ономастика комиссиясы бекіте алмайды. Бұл мейлінше әділдік және белгілі бір тұлғалардың есімдері республика бойынша көптеп қайталана бермеуі үшін жасалған қадам.  - Көшелерге жайдан жай атау қойылмайтынын білеміз. Ондай ұсыныстарды қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар жасайды. Сіздерге келіп түскен осындай ұсыныстар бар ма? - Сұрағыңызды толықтыра кетейін, қала көшелеріне атау беру жөніндегі ұсыныстарды тек қана қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар жасамайды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сенаты және Мәжілісінің депутаттарынан, мемлекеттік мекемелерден, Қазақстанның әр аумағынан, соның ішінде Астана қаласы тұрғындарынан осындай өтініштер келіп түседі. Мысалы: Астана қалалық ономастика комиссиясына 2008 жылы - 32, 2009 жылы - 36, 2010 жылы - 37, 2011 жылы - 36, 2012 жылы 44 - хаттар түсті. Ал, 2013 жылдың басынан бері 10 хат түсті. Бұл хаттардың кейбірінде елімізге аса танымал емес, еңбегі жалпы елімізге емес, белгілі бір өңірге ғана сіңген адамдардың есімі ұсынылады. Біз хат иелеріне ондай адамдардың есімдерін жергілікті жерде, айталық, аудан, облыс төңірегінде ұлықтаңыздар деп жауап беріп жатамыз. Өйткені қаламыздың астаналық айрықша мәртебесі осыны қалайды.  Қаладағы алаңдарға, даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, парктерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне ат қою және оларды қайта атау туралы шешім қабылдау кезінде республикаға айрықша еңбегі сіңген және оның тарихына, ғылымына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне елеулі үлес қосқан адам аттарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және әлем деңгейіндегі ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің есімдері беріледі. Әсіресе, ұлтымыздың өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларға айрықша мән береміз.  - Астана – астана аталғалы Түркістан, Сауран, Сарайшық, Сығанақ, Орынбор секілді көшелердің әдемі атаулары пайда болды. Көптеген қазақ тарихында үлкен орын алатын тұлғалардың атына көшелер берілді. Бірақ ескірген, белгілі бір мағынасы жоқ көшелер әлі де кездесіп жатады. Мысалы, Косыгин, Петров, Грязнов, Вячеславский, ДЭУ-3, Западный, Колхозный, Балочный, Мостопоезд-463 деген сияқты. Осы аттары аталған және аталмай кеткен, ұлтымызға берері жоқ көшелерді кайта атау жоспарда бар ма? - Елорданың ономастикалық келбеті Қазақстанның қай қаласынан болса да қазақы, ұлттық. Қазір қалада 1100-ге жуық көше бар десек, соның 90-92 пайызы таза ұлттық атаулар. Өзіңіз атаған Қазақстанның байырғы астаналарымен қатар қаламызда ұлттық дәстүрлерге, тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға қатысты атаулар молынан кездеседі. Айталық, өз басым Аушадияр, Адырна, Ақжелең, Әлқисса, Бәсіре, Шашу, Желмая, Көкіл, Қосбасар, Назқоңыр сияқты дәстүрлі атауларды, Саққорған, Абат Байтақ, Созақ, Орбұлақ, Қозыбасы секілді тарихи атауларды, Алаштың белгілі қайраткерлерін айтпағанда, көпшілікке беймәлімдеу Уәлитхан Танашев, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Сейдалин сынды қайраткерлер атындағы көшелерді еш жерден кездестірмедім.  Ал өзіңіз атап өткен кешегі кеңес заманындағы көше атауларын бүгін ауыстыру тиімсіз. Себебі, бұл көшелердің барлығы дерлік ертең бұзылып, орнына үлкен ғимараттар салынбақ. Егер де оларға бүгін жаңа атау берсек, онда сол ұлттық мазмұндағы атаулар да көшелермен бірге жойылып кетеді ғой. Сондықтан оларға тиіспей отырмыз. Және ондай атаулар қала бойынша өте аз.  - Кейінгі кезде ұлтжанды азаматтардың аузынан қаламыздағы Мирзоян көшесінің атауын өзгерту керек дегенді естіп жүрміз. Олардың ішінде елімізде кешегі отызыншы жылдардағы қуғын – сүргінді Мирзоян бастап берген деп жазып жүрген жазушы Ғаббас Қабышұлы да бар. Осы мәселеге сіздің көзқарасыңыз қандай? - Қаладағы Мирзоян көшесінің атауына байланысты қоғамда әлі қалыптасқан пікір болмай отыр. Бұл мәселені «abai.kz» сайты да, «Айқын» газеті де көтерді. Мирзоянның Сталинге жазған өтінішімен біз де таныстық. Егер қалалық ономастика комиссиясына осыған байланысты өтініш, ұсыныс түсетін болса, онда оны қарауға дайынбыз.  - Астанада көше атауларымен бірге көпірлерге, саябақтарға да атау беріп келесіздер, осы жөнінде де айта кетсеңіз.  - Астанада қазір 7 көпірге ат қойылды. Айталық, Қабанбай батыр даңғылы басталатын көпір Астананың байырғы атауы «Қараөткел» болса, Сарыарқа және Тұран даңғылдарын түйістіретін көпір «Тұлпар», Сарайшық көшесі мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылын жалғайтын көпір «Арқарлы», Амангелді Иманов көшесін Қажымұқан көшесіне байланыстыратын көпір «Беласар», Амман көшесін Орынбор көшесіне жалғайтын көпір «Марал» деген атауларға ие болған. Саябақтарымыздың да атаулары айшықты һәм әсерлі. Мысалы, «Жерұйық», «Арай», «Президенттік саябақ», «Астана», «Ғашықтар», т.с.с. саябақтар.  Астана – еліміздің келбетін айғақтайтын мәртебелі де маңызды шаһар. Сондықтан ондағы атаулар соған толық сәйкес болуы тиіс. Бұл тұрғыда ономастика комиссиясының жұмысына тікелей қатысты ағаларым мен апаларыма, осы іске бейжай қарамайтын барлық азаматтарға сіздердің газеттеріңіз арқылы алғысымды айтқым келеді. - Әңгімеңізге рахмет! Аманғали ҚАЛЖАНОВ, «Астана ақшамы»
17.06.2013 11:32 5637

Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы ЕРБОЛ ТІЛЕШОВПЕН сұхбат.

- Ербол Ердембекұлы, жақында «Ономастика мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Бұл – бұрын осы істі өз ретімен жүргізуге қолбайлау болған мораторий алынып тасталды деген сөз. Көше атауларына қатысты жұмысты қызу қолға алған боларсыздар. Неден бастап жатырсыздар? 
- Үстіміздегі жылдан бастап ономастикалық атаулар берудің тәртібі өзгерді. Қазіргі кезде қалалық ономастика комиссиясының отырысын дайындаудамыз. Жекеленген азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан 10 хат, ұсыныстар келіп түсті. Олар алдымыздағы маусым айында қаралып, оң шешім тапқандары республикалық комиссияға жолданады. Жалпы алғанда, Астанада көше атауларына қатысты айтарлықтай шешілмей жатқан қордаланған мәселелер жоқ деуге болады. Елорданың ономастикалық ажары еліміздің қай өңірінен болса да көш ілгері. Оған жазушылардан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен тұратын қалалық ономастика комиссиясы үлкен үлес қосып келеді. Қаламыздың астаналық мәртебесін ескеріп, ономастика комиссия мүшелері қашанда елордаға лайықты атауларды ғана мақұлдайды. 
- Жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуінің арқасында елордамыз күннен күнге өсуде. Сол үйлер бір ауданда шоғырланғандықтан жаңа көшелер де пайда болуда. Алайда ол көшелердің аты жоқ, тек қана 187, 188 секілді сандармен белгіленген. Болашақта мұндай көшелер қандай атау алуы мүмкін?
- Дұрыс айтасыз, қалада аса қарқынды құрылыс жүрудің барысында елорданың аумағы ұлғаюда, соған байланысты жаңа көшелер пайда болуда. Өзіңіз айтқан әзірге сандармен белгіленген көшелерге атау қою ойымызда. Белгілі бір көшеге атау қою үшін ол көше алдымен толық абаттандырылып сәулет және қала құрылысы басқармасы бізге қажетті рұқсат құжаттарын беруі тиіс. Сонда ғана ономастика комиссиясы атау бере алады. 
- Жалпы көшелерге атау беру процедурасы қалай жүргізіледі?
- Көшелерге атау берудің тәртібі мен реті биылдан бастап өзгерді. Атап айтқанда, тиісті заңға сәйкес қалалық ономастика комиссиясы өзінің отырысында мақұлданған атауларды ҚР Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясына жолдайды, егер осы комиссия қолдаса, онда ондай атаулар қала көшелеріне беріледі. Бұрынғыдай Астана көшелерінің атауын тікелей қалалық ономастика комиссиясы бекіте алмайды. Бұл мейлінше әділдік және белгілі бір тұлғалардың есімдері республика бойынша көптеп қайталана бермеуі үшін жасалған қадам. 
- Көшелерге жайдан жай атау қойылмайтынын білеміз. Ондай ұсыныстарды қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар жасайды. Сіздерге келіп түскен осындай ұсыныстар бар ма?
- Сұрағыңызды толықтыра кетейін, қала көшелеріне атау беру жөніндегі ұсыныстарды тек қана қоғамдық ұйымдар немесе жеке адамдар жасамайды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сенаты және Мәжілісінің депутаттарынан, мемлекеттік мекемелерден, Қазақстанның әр аумағынан, соның ішінде Астана қаласы тұрғындарынан осындай өтініштер келіп түседі. Мысалы: Астана қалалық ономастика комиссиясына 2008 жылы - 32, 2009 жылы - 36, 2010 жылы - 37, 2011 жылы - 36, 2012 жылы 44 - хаттар түсті. Ал, 2013 жылдың басынан бері 10 хат түсті. Бұл хаттардың кейбірінде елімізге аса танымал емес, еңбегі жалпы елімізге емес, белгілі бір өңірге ғана сіңген адамдардың есімі ұсынылады. Біз хат иелеріне ондай адамдардың есімдерін жергілікті жерде, айталық, аудан, облыс төңірегінде ұлықтаңыздар деп жауап беріп жатамыз. Өйткені қаламыздың астаналық айрықша мәртебесі осыны қалайды. 
Қаладағы алаңдарға, даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, парктерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне ат қою және оларды қайта атау туралы шешім қабылдау кезінде республикаға айрықша еңбегі сіңген және оның тарихына, ғылымына, мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне елеулі үлес қосқан адам аттарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және әлем деңгейіндегі ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің есімдері беріледі. Әсіресе, ұлтымыздың өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларға айрықша мән береміз. 
- Астана – астана аталғалы Түркістан, Сауран, Сарайшық, Сығанақ, Орынбор секілді көшелердің әдемі атаулары пайда болды. Көптеген қазақ тарихында үлкен орын алатын тұлғалардың атына көшелер берілді. Бірақ ескірген, белгілі бір мағынасы жоқ көшелер әлі де кездесіп жатады. Мысалы, Косыгин, Петров, Грязнов, Вячеславский, ДЭУ-3, Западный, Колхозный, Балочный, Мостопоезд-463 деген сияқты. Осы аттары аталған және аталмай кеткен, ұлтымызға берері жоқ көшелерді кайта атау жоспарда бар ма?
- Елорданың ономастикалық келбеті Қазақстанның қай қаласынан болса да қазақы, ұлттық. Қазір қалада 1100-ге жуық көше бар десек, соның 90-92 пайызы таза ұлттық атаулар. Өзіңіз атаған Қазақстанның байырғы астаналарымен қатар қаламызда ұлттық дәстүрлерге, тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға қатысты атаулар молынан кездеседі. Айталық, өз басым Аушадияр, Адырна, Ақжелең, Әлқисса, Бәсіре, Шашу, Желмая, Көкіл, Қосбасар, Назқоңыр сияқты дәстүрлі атауларды, Саққорған, Абат Байтақ, Созақ, Орбұлақ, Қозыбасы секілді тарихи атауларды, Алаштың белгілі қайраткерлерін айтпағанда, көпшілікке беймәлімдеу Уәлитхан Танашев, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Сейдалин сынды қайраткерлер атындағы көшелерді еш жерден кездестірмедім. 
Ал өзіңіз атап өткен кешегі кеңес заманындағы көше атауларын бүгін ауыстыру тиімсіз. Себебі, бұл көшелердің барлығы дерлік ертең бұзылып, орнына үлкен ғимараттар салынбақ. Егер де оларға бүгін жаңа атау берсек, онда сол ұлттық мазмұндағы атаулар да көшелермен бірге жойылып кетеді ғой. Сондықтан оларға тиіспей отырмыз. Және ондай атаулар қала бойынша өте аз. 
- Кейінгі кезде ұлтжанды азаматтардың аузынан қаламыздағы Мирзоян көшесінің атауын өзгерту керек дегенді естіп жүрміз. Олардың ішінде елімізде кешегі отызыншы жылдардағы қуғын – сүргінді Мирзоян бастап берген деп жазып жүрген жазушы Ғаббас Қабышұлы да бар. Осы мәселеге сіздің көзқарасыңыз қандай?
- Қаладағы Мирзоян көшесінің атауына байланысты қоғамда әлі қалыптасқан пікір болмай отыр. Бұл мәселені «abai.kz» сайты да, «Айқын» газеті де көтерді. Мирзоянның Сталинге жазған өтінішімен біз де таныстық. Егер қалалық ономастика комиссиясына осыған байланысты өтініш, ұсыныс түсетін болса, онда оны қарауға дайынбыз. 
- Астанада көше атауларымен бірге көпірлерге, саябақтарға да атау беріп келесіздер, осы жөнінде де айта кетсеңіз. 
- Астанада қазір 7 көпірге ат қойылды. Айталық, Қабанбай батыр даңғылы басталатын көпір Астананың байырғы атауы «Қараөткел» болса, Сарыарқа және Тұран даңғылдарын түйістіретін көпір «Тұлпар», Сарайшық көшесі мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылын жалғайтын көпір «Арқарлы», Амангелді Иманов көшесін Қажымұқан көшесіне байланыстыратын көпір «Беласар», Амман көшесін Орынбор көшесіне жалғайтын көпір «Марал» деген атауларға ие болған. Саябақтарымыздың да атаулары айшықты һәм әсерлі. Мысалы, «Жерұйық», «Арай», «Президенттік саябақ», «Астана», «Ғашықтар», т.с.с. саябақтар. 
Астана – еліміздің келбетін айғақтайтын мәртебелі де маңызды шаһар. Сондықтан ондағы атаулар соған толық сәйкес болуы тиіс. Бұл тұрғыда ономастика комиссиясының жұмысына тікелей қатысты ағаларым мен апаларыма, осы іске бейжай қарамайтын барлық азаматтарға сіздердің газеттеріңіз арқылы алғысымды айтқым келеді.
- Әңгімеңізге рахмет!

Аманғали ҚАЛЖАНОВ, «Астана ақшамы»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға