Магистратурада оқуға арналған гранттар саны 2,5 есеге артты - ҚР БҒМ
Қазақстанда соңғы 3 жылда магистранттарды даярлауға бөлінген гранттар саны 2,5 есеге артып, 6 959 орынды құрады, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің білім беру және кадрлар даярлау басқармасының басшысы Гүлзат Көбенова.
«Айта кету керек, магистратура мен докторантурадағы кадрлар даярлауға баса назар аударылады. Соңғы 3 жылда ғылыми, және де ғылыми-педагогикалық кадрлардың магистрлері мен докторларын даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі айтарлықтай артқан. Егер 2010 жылы магистратурада кадрлар даярлау көлемі 2 739 орынды құраса, бүгінгі таңда ол 6 959 орынды құрады, яғни 2,5 есеге өскенін байқап отырмыз», - деді Г.Көбенова.
Сонымен бірге, PhD докторантурасындағы мемлекеттік тапсырыс артқан, егер 2010 жылы 200 доктор даярланса, ағымдағы жылы докторанураға мемлекеттік тапсырыс көлемі 500 орынды құрады.
Baq.kz