Жаңалықтар

Елордадағы медициналық туризм

Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленді. Жобаның мақсаты – қазақ­стан­дық және шетелдік азамат­тар­ға жоғары технологиялық ме­ди­циналық қызмет көр­сету. Бүгінде Астананың меди­ци­на­лық мекемелері үдемелі кар­­дио­логия, аритмология жә­не кар­­диохирургия, шағын ин­ва­­­­­­зи­втік эндобейнехирургия,­ check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады. Мамандардың айтуынша,­ атал­ған мекемелерде көрсе­тілетін медициналық қыз­мет­тер­дің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жаб­дықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш іл­ге­рі болады.
10.06.2013 04:53 3611

Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленді.

Жобаның мақсаты – қазақ­стан­дық және шетелдік азамат­тар­ға жоғары технологиялық ме­ди­циналық қызмет көр­сету. Бүгінде Астананың меди­ци­на­лық мекемелері үдемелі кар­­дио­логия, аритмология жә­не кар­­диохирургия, шағын ин­ва­­­­­­зи­втік эндобейнехирургия,­ check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады.

Мамандардың айтуынша,­ атал­ған мекемелерде көрсе­тілетін медициналық қыз­мет­тер­дің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жаб­дықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш іл­ге­рі болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға