Жаңалықтар

Нұрбике ана. Кете Ботакөз. Ақын Сара

НҰРБИКЕ АНА Орта жүз Арғын, оның ішінде Қаракесектен өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Шаншар ақылгөй, көреген адам болса керек, шежірешілер «Шаншар абыз» деп отырады. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі Нұрбикеден тараған ұрпақты «Нұрбике-Шаншар» елі деп атайды. Нұрбике болса Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы болса керек. Нұрбике-шаншар елінен әйгілі күйші-композитор Қазанғапұлы Тәттімбет шыққан. Шежіре дерегі Тәттімбетті былай таратады: Ақжол (Дайырқожа) − Мейрам − Болатқожа (Қаракесек) − Ақша − Бошан − Таз − Бұлбұл − Шаншар − Бердібек (Бертіс) − Бектемір − Мөшеке − Қазанғап − Тәттімбет. Қазанғаптың Тәттімбеттен басқа Ырсымбет, Құттымбет, Жақсымбет, Әлімбет, Дүйсембет деген балалары болған. Тәттімбеттен − Мұсатай, Қысатай, Исатай туған. Осылардың Мұсатайы мен Исатайынан ұрпақ бар. Кете Ботагөз Оқиға былай өрбіген: 1749 жылы Барақ сұлтанның қолынан Әбілқайыр хан қаза табады. Оның орнына тағына баласы Нұралының отыру рәсіміне Әжібай би елдің бас көтерер бар азаматтарын ертіп Орынборға аттанып кетеді. Соны пайдаланып, Еділ қалмақтары қорғансыз оңашадағы шал-шауқан, бала-шаға, қатын-қалаш қалған бейбіт ауылды тауып алып, қанға бөктіріп, бүкіл малды барымталап айдап кетеді. Бұндай содырлы сойқанды естіген Есет Көкұлының қызы Ботагөз - аз уақытта өз руының жігіттерін «Келбатыр» тутөбеге жиналуға үндеп, ата жауға тойтарыс беруді ұйымдастырады. 150-дей сарбазды бастап барып, оқыста Ойыл өзені бойында қамсыз жатқан қалмақтарға аш бөрідей тиіп, қанға қан, жанға жан алып кек қайтарады. Сол жерде жауын тұтқындап алып келіп, тартып алынған мал-мүлікті еліне қайтарады. Ақын Сара Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - қазақтың әйгілі айтыскер ақын қызы. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде Найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі, інжу-маржаны болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.
10.06.2013 04:51 7840

НҰРБИКЕ АНА

Орта жүз Арғын, оның ішінде Қаракесектен өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Шаншар ақылгөй, көреген адам болса керек, шежірешілер «Шаншар абыз» деп отырады. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі Нұрбикеден тараған ұрпақты «Нұрбике-Шаншар» елі деп атайды. Нұрбике болса Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы болса керек.

Нұрбике-шаншар елінен әйгілі күйші-композитор Қазанғапұлы Тәттімбет шыққан. Шежіре дерегі Тәттімбетті былай таратады: Ақжол (Дайырқожа) − Мейрам − Болатқожа (Қаракесек) − Ақша − Бошан − Таз − Бұлбұл − Шаншар − Бердібек (Бертіс) − Бектемір − Мөшеке − Қазанғап − Тәттімбет. Қазанғаптың Тәттімбеттен басқа Ырсымбет, Құттымбет, Жақсымбет, Әлімбет, Дүйсембет деген балалары болған. Тәттімбеттен − Мұсатай, Қысатай, Исатай туған. Осылардың Мұсатайы мен Исатайынан ұрпақ бар.

Кете Ботагөз

Оқиға былай өрбіген: 1749 жылы Барақ сұлтанның қолынан Әбілқайыр хан қаза табады. Оның орнына тағына баласы Нұралының отыру рәсіміне Әжібай би елдің бас көтерер бар азаматтарын ертіп Орынборға аттанып кетеді. Соны пайдаланып, Еділ қалмақтары қорғансыз оңашадағы шал-шауқан, бала-шаға, қатын-қалаш қалған бейбіт ауылды тауып алып, қанға бөктіріп, бүкіл малды барымталап айдап кетеді. Бұндай содырлы сойқанды естіген Есет Көкұлының қызы Ботагөз - аз уақытта өз руының жігіттерін «Келбатыр» тутөбеге жиналуға үндеп, ата жауға тойтарыс беруді ұйымдастырады. 150-дей сарбазды бастап барып, оқыста Ойыл өзені бойында қамсыз жатқан қалмақтарға аш бөрідей тиіп, қанға қан, жанға жан алып кек қайтарады. Сол жерде жауын тұтқындап алып келіп, тартып алынған мал-мүлікті еліне қайтарады.

Ақын Сара

Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - қазақтың әйгілі айтыскер ақын қызы. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман.

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.

Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.

Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде Найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді.

Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.

Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі, інжу-маржаны болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға