Бегім ана. Рабиа Сұлтан бегім
Бегім ана
Бегім ана мұнарасы ІХ-ХІ ғасырларда салынған. Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс кеңшарында орналасқан. "Казпроектреставрация" институты 1979 жылы паспортын жасаған. Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш.
Бегім ана - аңыз деректері бойынша оғыз-қыпшақ заманындағы әрі батыр, әрі діндар болған Қарабура әулиенің қызы болады. Қарабураның қасиеті осы қызына дарыған екен.
Бұл аңыз Ұлжан Шайхы Назардың "Ордалы" хикаясынан алынды: "Қарабураның қызы Бегім елді аузына қаратар сұлу болып өседі. Сұлулығына қызыққан талай жанның қол жетпес арманына айналады. Бірақ жар болу тек Шаншарға (Санжар сұлтан) ғана бұйырады. Қырсық шаларда адам жаңылады емес пе. Қызғаныштың кесірінен ханның бір беткей әрекеті, адам заты кешірмес күнәға әкеп соқтырады. Бегім сұлудың адалдығына күмән келтірген Шаншар хан ашу үстінде қылышпен оның оң қолы мен бұрымын кесіп тастайды. Бұл кезде әкесі Қарабура қартайған кезі еді, бірақ қызының жағдайын естігеннен, жедел Жанкентке келеді. Қарабураның хан алдына келіп, істің мән жәйына қаныққан. Қаhарланған қарт ханға: «Қызымда күнә болса, сенікі жөн, ал күнәсіз болса ертеңге дейін қолы мен шашы орнына келсін, азабын өзің тарт!» деп теріс бұрылып кете берген. Қарабура әулиелігі тірісінде елге мәлім болған, айтқан сөзі бос кетпеген таманың аузы дуалы әулиесі еді. Қарттың налып айтқан сөзінен қала халқы қатты секем алып қалады. Енді істің артын бағудан басқа қолдарынан еш нәрсе келмеді, ел ертеңгі күнді қауіппен күтті. Халық Бегім сұлудың жағдайын өз көздерімен көруге хан сарайына қарай таң ата шұбырай бастайды. Жиналған жұрт Қарабураның жаны пәк қызының шашы мен қолы өз жәйында тұрғанын көреді. Жазықсыздығына ел куә болады. Есесіне қарғысқа ұшыраған хан Шаншардың жазасына, Жанкент шаhары сол жылғы күзінде үлкен апат күтіп тұрған еді. Қалаға адам сембес көп жылан қаптап, жаулап алады. Жұрт үдіре көше бастайды, бір сәтте құжынаған халқы бар қала жұт жерге айналады. Қаптаған жыланды ел «Ордалы жылан» деп, қоныстарын іргесінен аулақ көшіреді".
Рабиа Сұлтан бегім
Дешті-Кыпшактың ханы болған үлкен Абілқайыр ханның жары. Бұл хандық тарихта "көшпенді өзбектер мемлекеті" деген атпен белгілі. Керей мен Жәнібек хандар осы Әбілқайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрған.
Рабия Султан Бегім - Ұлыкбек хакімнің кызы, яғни Әмір Темірдің немересі. Әбілқайыррмен 16 жыл отасып, 1468 жылы кайтыс болганда, Әбілқайырдан Сүйініш жане Кішкене деген 2 ул табады. Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Кожа Ахмет Иассауи ғимаратынын онтүстік шығысында соғылған күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен кираткан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған.