ҰБТ: Үшінші күн қорытындысы - талапкерлердің 28,9 пайызы шекті деңгейді еңсере алмады
06.06.2013 09:36
3652
Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, маусымның 3-і мен 5-і аралығында өткізілген тестілеуге 71592 бітіруші қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 49058 бітіруші, орыс тілінде - 22534 бітіруші. Ең жоғары нәтиже - 125 балды 3 бітіруші жинады. Олар: Әсел Айткенова, Аида Искак және Ботагөз Құспанғалиева.
Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 99565 бітіруші тілек білдірген, оның ішінде: 68316 бітіруші қазақ тілінде, 31249 бітіруші орыс тілінде. 2012 жылы тестілеуге 121059 өтініш берілген, оның ішінде қазақ тілінде 82383 бітіруші, орыс тілінде 38676 бітіруші.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Лебединое озеро» в 3D скоро увидит мир
Келесі жаңалық
Қостанайда қыстақтан шыққан малшы табылды