Жаңалықтар

Бата алу, пір тұту

Қазақ халқы арасында қандай да бір істі бастамас бұрын жасы үлкен сыйлы адамнан бата сұрау, рұқсатын алу дәстүрі сақталған. Осы ырымдарды балунадар да орындаған. Сонымен қатар балуан адамнан да бата алу, тәбәрік алу, олардың отырған жеріне балаларды аунату, аяғының арасынан өткізу, т.б. ырымдарды орындай кең тараған. Оған себеп балуан адамның ел ішінде үлкен беделге ие болуы. Осыған орай төменде бірнеше мысалдар келтіреміз: «... Қарағым өмірлі болар ма екен, балуанның аяғының арасынан өткізіп алайыншы», - деді Қажымұқанның аяғының арасынан баласын алып жатып. «...Өзің аман-есен өскен соң, жауырыны жерге тимеген Ержан балуанға апарып, батасын алып, ұстаздық кеңесін әперемін»,- деуші еді Мұқанның шешесі. Балуандар арасында бір нәсені пір тұту сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай ырымдарды жасау, оған сену, өздеріне қосымша күш береді деген оймен орындалады. «... Балуан Шолақ: Менің пірім - Аққошқарым», - дейді екен. ... Қажымұқан кілемге шығып бара жатып: «О, Құдай, Бәйдібек ата, Домалақ ана, сақтай гөр!» - деп дауыстай сиынды. ... 1947 жылы күш атасы Қажымұқан Созақ өңірін аралап өнер көрсетеді де, артынан өзінің сиынатын пірі Баба Түкті Шашты Әзіздің кесенесіне тәу ету үшін Қызылкөл маңындағы Жылыбұлаққа барады. Қажекең Мәлік төренің атын сырттай есітіп, бір көруге ынтығып жүреді екен. Осыны білген ел азаматттары мал сойып, үлкен жиын үстінде екеуін табақтас қылыпты. Ас үстінде Мәлікті сынамақ болған Қажымұқан оның алдына қойдың тұтас шикі құйрығын тартып: "Батыр болсаң, осыны түгелдей қылғытшы", - дейді. «Қалай жейін?», - деген Мәлікке: «Қасқырша қарпығанды көріп жүрміз, бүркітше қылғыт», - деген көрінеді. Сол кезде екі қолын арқасына айқастыра қомданып табақтағы құйрықты бүркітше толғаған Мәліктің арқасынан қаққан Қажымұқан: «Менің күшім басым болғанмен, сенің батырлығың мен жүректілігің менен асқан екен, әттең мұнан жасырақ кезде кездескеніңде, белдесіп көретін ек», - деп риза болуымен қатар өкінішін де білдіріп, осындай алып ердің ауыл-аймақ ішінен аса алмай қалғанына қатты қынжылыпты. Қажымұқан алып күш иесіне батылдық пен жүректілік те қажеттілігін жақсы байқап айта білген. Мәліктің сол кезде жетпіс жастағы кезі екен. «Әкем жауапты белдесулерге шығар алдында бірнеше күн ұйықтамай, өзімен-өзі күбірлеп сөйлесіп дайындалады екен», - дейді қажымұқанның ұлы Жанәбіл. Қажымұқан балуанның аз уақыт ішінде өзін-өзі психологиялық жағынан да және денесінің бұлшық еттерін алдағы үлкен жұмысқа бейімей білуі – сол кісінің өзіне ғана тән ерекшелік және осы қасиеттерін ол кісі өмірінің соңына дейін сақтай білген. Қажымұқанның осындай ерекшелігін білетін балуандар оны «костолом» деп атаған. Сол кездегі балуандардың ішінде күн мөлшері жағынан Қажымұқанға теңдесі болмаған. «... Боранқұл балуанға он үш жасында күш дарыған. Түсінде бұла күш қансыз қара сұр бұқа болып шабын жарып, ішіне кіріпті. Өлдім-ау», - деп айғайлап ояныпты. Сол күннен бастап екі білегі сыздап, күреспесе тұра алмайтын болған, күресуге кісі шықпаса, тас көтеріп ермек қылады екен деген сөз тараған. «...Ап!» десе, арыстандай атанды алған, қолдай гөр, ер Борекем батаңды алған», - дейді екен Молдабай балуан. «.. Битабар, - Шәке (Балуан Шолақ), мен кеше асылық айтсам керек. Қорғалап қорқып тұрғаным емес, бірақ Сіздің қасиетті жағаңызға қол апаруды артық деп білемін. Қаласаңыз батаңызды былай алғым келеді», - дейді. Балуан басын көтеріп, тіктеп қарады: -          Көрсет көпке өнеріңді! Атан түйе көлденең тартылды. Битабар бауырына кірді: -          Иә, әруақ! – түйе табаны жерден көтерілді. Битабар Шолақ балуанның алдына келіп, бір тізерлеп отыра қалды.                                               Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.
06.06.2013 08:52 11000

Қазақ халқы арасында қандай да бір істі бастамас бұрын жасы үлкен сыйлы адамнан бата сұрау, рұқсатын алу дәстүрі сақталған. Осы ырымдарды балунадар да орындаған.

Сонымен қатар балуан адамнан да бата алу, тәбәрік алу, олардың отырған жеріне балаларды аунату, аяғының арасынан өткізу, т.б. ырымдарды орындай кең тараған. Оған себеп балуан адамның ел ішінде үлкен беделге ие болуы. Осыған орай төменде бірнеше мысалдар келтіреміз:

«... Қарағым өмірлі болар ма екен, балуанның аяғының арасынан өткізіп алайыншы», - деді Қажымұқанның аяғының арасынан баласын алып жатып.

«...Өзің аман-есен өскен соң, жауырыны жерге тимеген Ержан балуанға апарып, батасын алып, ұстаздық кеңесін әперемін»,- деуші еді Мұқанның шешесі.

Балуандар арасында бір нәсені пір тұту сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай ырымдарды жасау, оған сену, өздеріне қосымша күш береді деген оймен орындалады.

«... Балуан Шолақ: Менің пірім - Аққошқарым», - дейді екен.

... Қажымұқан кілемге шығып бара жатып: «О, Құдай, Бәйдібек ата, Домалақ ана, сақтай гөр!» - деп дауыстай сиынды.

... 1947 жылы күш атасы Қажымұқан Созақ өңірін аралап өнер көрсетеді де, артынан өзінің сиынатын пірі Баба Түкті Шашты Әзіздің кесенесіне тәу ету үшін Қызылкөл маңындағы Жылыбұлаққа барады. Қажекең Мәлік төренің атын сырттай есітіп, бір көруге ынтығып жүреді екен. Осыны білген ел азаматттары мал сойып, үлкен жиын үстінде екеуін табақтас қылыпты. Ас үстінде Мәлікті сынамақ болған Қажымұқан оның алдына қойдың тұтас шикі құйрығын тартып: "Батыр болсаң, осыны түгелдей қылғытшы", - дейді. «Қалай жейін?», - деген Мәлікке: «Қасқырша қарпығанды көріп жүрміз, бүркітше қылғыт», - деген көрінеді. Сол кезде екі қолын арқасына айқастыра қомданып табақтағы құйрықты бүркітше толғаған Мәліктің арқасынан қаққан Қажымұқан: «Менің күшім басым болғанмен, сенің батырлығың мен жүректілігің менен асқан екен, әттең мұнан жасырақ кезде кездескеніңде, белдесіп көретін ек», - деп риза болуымен қатар өкінішін де білдіріп, осындай алып ердің ауыл-аймақ ішінен аса алмай қалғанына қатты қынжылыпты. Қажымұқан алып күш иесіне батылдық пен жүректілік те қажеттілігін жақсы байқап айта білген. Мәліктің сол кезде жетпіс жастағы кезі екен.

«Әкем жауапты белдесулерге шығар алдында бірнеше күн ұйықтамай, өзімен-өзі күбірлеп сөйлесіп дайындалады екен», - дейді қажымұқанның ұлы Жанәбіл. Қажымұқан балуанның аз уақыт ішінде өзін-өзі психологиялық жағынан да және денесінің бұлшық еттерін алдағы үлкен жұмысқа бейімей білуі – сол кісінің өзіне ғана тән ерекшелік және осы қасиеттерін ол кісі өмірінің соңына дейін сақтай білген. Қажымұқанның осындай ерекшелігін білетін балуандар оны «костолом» деп атаған. Сол кездегі балуандардың ішінде күн мөлшері жағынан Қажымұқанға теңдесі болмаған.

«... Боранқұл балуанға он үш жасында күш дарыған. Түсінде бұла күш қансыз қара сұр бұқа болып шабын жарып, ішіне кіріпті. Өлдім-ау», - деп айғайлап ояныпты. Сол күннен бастап екі білегі сыздап, күреспесе тұра алмайтын болған, күресуге кісі шықпаса, тас көтеріп ермек қылады екен деген сөз тараған.

«...Ап!» десе, арыстандай атанды алған, қолдай гөр, ер Борекем батаңды алған», - дейді екен Молдабай балуан.

«.. Битабар, - Шәке (Балуан Шолақ), мен кеше асылық айтсам керек. Қорғалап қорқып тұрғаным емес, бірақ Сіздің қасиетті жағаңызға қол апаруды артық деп білемін. Қаласаңыз батаңызды былай алғым келеді», - дейді.

Балуан басын көтеріп, тіктеп қарады:

-          Көрсет көпке өнеріңді! Атан түйе көлденең тартылды. Битабар

бауырына кірді:

-          Иә, әруақ! – түйе табаны жерден көтерілді. Битабар Шолақ балуанның алдына келіп, бір тізерлеп отыра қалды.

                                              Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға