Жаңалықтар

Baq.kz ақпараттық порталы «Бұрымды қыз» атты фотобайқау жариялайды

Baq.kz ақпараттық порталы «Бұрымды қыз» атты фотобайқау жариялайды.   Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін, – деп дана Абай жырлағандай, қазақ қыздарының бұрым қою салты ұлтымыздың ежелден келе жатқан кереметтей құндылықтарының бірі. Ал, осынау дәстүрді бұзбай, бұрымын беліне түсірген қаракөздеріміз қазірдің өзінде аз емес. Осы орайда, "Қазконтент" АҚ дәл осындай көрікті қазақтың қыздары үшін байқау жариялап отыр. Талабымыз көп емес, тек шашыңыз ұзын және қолыңызда фотоаппаратыңыз болса жетіп жатыр. Жасыңыздың 16 мен 35 аралығында болуы да шарт. Өрілген бұрымыңызды және шашыңызды жайып (шашыңыздың шынайы екендігіне көз жеткізуіміз үшін), бірнеше фотосуретке түсіп, Baq.kz порталының электронды поштасына (a-baqkz@inbox.ru) салып жіберіңіз. Ең көрікті бұрымды қызды дауыс беру арқылы оқырмандарымыздың өздері таңдамақ. Байқауымыз 30 тамызға дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығында өз бағыңызды сынап, ұйымдастырушы тарап - "Қазконтент" АҚ ұсынып отырған құнды сыйлықтарды ұтып алатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ, бұл шара жайында достарыңызды да әлеуметтік желілер арқылы хабардар еткеніңіз жөн. Өйткені, ең көп дауыс жинаған он арудың арасынан жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Ендеше, іске сәт! Байқау басталды. Сіздерден сурет күтеміз.   P.S. Құрметті қатысушы! Өз суреттеріңізді жіберу үшін міндетті түрде Baq.kz порталына тіркелуіңіз керек.
06.06.2013 07:40 6118

Baq.kz ақпараттық порталы «Бұрымды қыз» атты фотобайқау жариялайды.

 

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін, – деп дана Абай жырлағандай, қазақ қыздарының бұрым қою салты ұлтымыздың ежелден келе жатқан кереметтей құндылықтарының бірі. Ал, осынау дәстүрді бұзбай, бұрымын беліне түсірген қаракөздеріміз қазірдің өзінде аз емес.
Осы орайда, "Қазконтент" АҚ дәл осындай көрікті қазақтың қыздары үшін байқау жариялап отыр. Талабымыз көп емес, тек шашыңыз ұзын және қолыңызда фотоаппаратыңыз болса жетіп жатыр. Жасыңыздың 16 мен 35 аралығында болуы да шарт.
Өрілген бұрымыңызды және шашыңызды жайып (шашыңыздың шынайы екендігіне көз жеткізуіміз үшін), бірнеше фотосуретке түсіп, Baq.kz порталының электронды поштасына (a-baqkz@inbox.ru) салып жіберіңіз. Ең көрікті бұрымды қызды дауыс беру арқылы оқырмандарымыздың өздері таңдамақ.

Байқауымыз 30 тамызға дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығында өз бағыңызды сынап, ұйымдастырушы тарап - "Қазконтент" АҚ ұсынып отырған құнды сыйлықтарды ұтып алатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ, бұл шара жайында достарыңызды да әлеуметтік желілер арқылы хабардар еткеніңіз жөн. Өйткені, ең көп дауыс жинаған он арудың арасынан жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
Ендеше, іске сәт! Байқау басталды. Сіздерден сурет күтеміз.

 

P.S. Құрметті қатысушы! Өз суреттеріңізді жіберу үшін міндетті түрде Baq.kz порталына тіркелуіңіз керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға