Ел жасөспірімдері Астана қаласының Кубогы үшін тоғызқұмалақтан сайысқа түсті
Оған 25 командадан 156 спортшы қатысты. Астана Кубогының иегері жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанған жарыс қожайындары болды. Ал Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының тоғызқұмалақшылары сәйкесінше екінші және үшінші орынды иеленді.
Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жекелей сында 9 жастағы спортшылар арасында Ж.Ақбар мен А. Оралбекова (ОҚО), 11 жастағылар арасында А. Жағапаров (Семей) пен Г.Нұрлыбекова (Ақтөбе), 14 жастағылар арасында С. Жандарбек (ОҚО) пен Қ.Әбілда (Семей) жеңімпаз атанды. Алматылықтардан 11 жастағылар арасында А. Тұрлықұл мен Ж.Смайлова - күміс, 9 жастағылар арасында А. Рахматуллаева қола жүлденің иесі болды.
ҚазАқпарат.