Жаңалықтар

Парсы кілемі аукционда 34 миллион долларға сатылды

XVII ғасырда парсы тоқымашыларының қолынан шыққан туынды әлемдегі ең қымбат кілемге айналды. Sotheby's аукционында күні кеше айтулы жәдігер 33,7 миллион долларға сатылды. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс хабарлап отыр. Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Аукциондағы соңғы нүктені ол телефонмен хабарласып қойған. Нәтижесінде рекордтық баға орнап, ол 2010 жылы Лондонда сатылған парсы кілемінің бағасынан үш есе асып түсті. "Мен алдын ала бұл кілемді 10-15 миллион долларға сатылады деп болжаған болатынмын" дейді Sothebys-дің аға консультанты Мари Жо Отси. Бұған дейін құнды жәдігер Вашингтондағы Corcoran Gallery of Art мұражайында сақталып келді. Бұл жерге оны XX ғасырдың басында белгілі магнат Уильям Кларк өткізген болатын.  Baq.kz
06.06.2013 03:51 2942

XVII ғасырда парсы тоқымашыларының қолынан шыққан туынды әлемдегі ең қымбат кілемге айналды. Sotheby's аукционында күні кеше айтулы жәдігер 33,7 миллион долларға сатылды. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс хабарлап отыр.

Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Аукциондағы соңғы нүктені ол телефонмен хабарласып қойған. Нәтижесінде рекордтық баға орнап, ол 2010 жылы Лондонда сатылған парсы кілемінің бағасынан үш есе асып түсті.
"Мен алдын ала бұл кілемді 10-15 миллион долларға сатылады деп болжаған болатынмын" дейді Sothebys-дің аға консультанты Мари Жо Отси.
Бұған дейін құнды жәдігер Вашингтондағы Corcoran Gallery of Art мұражайында сақталып келді. Бұл жерге оны XX ғасырдың басында белгілі магнат Уильям Кларк өткізген болатын. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға