Жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» атты ғылыми журналын ашуды тапсырд

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» ғылыми журналын ашуды тапсырды, деп  хабарлайды Bnews.kz тілшісі. Марат Тәжин отырыста ұлттық тарихты зерделеу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастыру үшін ғылыми тұғырнама құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар тартылады. «Мұнымен қатар «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» ғылыми журналын ашу қажет. Ол онлайн және баспа нұсқасында шығарылады. Бұл өз кезегінде талқылау алаңын құруға мүмкіндік береді», - деді Марат Тәжин.   
05.06.2013 13:38 2846

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» ғылыми журналын ашуды тапсырды, деп  хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Марат Тәжин отырыста ұлттық тарихты зерделеу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастыру үшін ғылыми тұғырнама құру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар тартылады.

«Мұнымен қатар «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» ғылыми журналын ашу қажет. Ол онлайн және баспа нұсқасында шығарылады. Бұл өз кезегінде талқылау алаңын құруға мүмкіндік береді», - деді Марат Тәжин. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға