Мемлекеттік хатшы отандық тарихшылардың алдында тұрған міндеттерді айқындады
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин отандық тарихшылардың алдында тұрған міндеттерді айқындады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Қазақстанның жаңа тарихы - тарих ғылымындағы жаңа бағыт деп айтуға болады. Осыған байланысты ол оқу-әдістемелік жағынан қамтылған толыққанды ғылыми пән емес. Қысқа уақытта осы олқылықтың орнын толтыру біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті Тәжин.
Оның айтуынша, Қазақстанның жаңа тарихының ерекшелігі бір жағынан, ол тәуелсіздік алу мен жаңа мемлекеттің қалыптасуының тарихы болып табылады. Екінші жағынан, ол адамзат дамуының жаңа кезеңімен және әлемдегі түбегейлі жаңа құрылыммен сәйкес келді.
«Осы уақытта Қазақстан тарихында орын алған оқиғалардың тарихи маңызы қандай? Бұл оқиғалардың өзгеше даму мүмкіндігі қандай болды? Бұл оқиғалардың қазіргі үдерістердің қалыптасуындағы рөлі қандай? Қазіргі толқын тарихшылардың нақты жауап беруіс тиіс сұрақтардың бірқатары осылар», - деді Тәжин.