Мемлекеттік хатшы тарихи веб-портал құруды тапсырды
05.06.2013 11:15
3008
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының тарихына арналған веб-портал құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының тарихы туралы арнайы веб-портал құруды тапсырамын. Кез келген адам осы портал арқылы тарих оқулықтарын, тарихи кітаптарды түрлі сандық форматта тегін ала алатын болсын», - деген Мемлекеттік хатшы бұл міндетті Ақпарат министрлігіне тапсырды.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бұл портал «интернеттегі қазақстандық сегменттің үлкен құрамдасына айналуы керек».
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
В Японии успешно испытан самый быстрый поезд в мире
Келесі жаңалық
Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, бір адам қайтыс болды