Жаңалықтар

"Астананың ең үздік келбеті" фотоконкурсы

Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Астана – еліміздегі барша қазақстандықтардың қастерлі құбыласына айналып кетті. Астананың ертегіде батырлар құсап сәт санап өсуі, көркеюі патшакөңіл халықтың мерейін одан әрмен үстем етіп отырады. Астана абаттанса, мұқым қазақ қуанады. Биыл абаттанған, мәтебесі артқан Астанаға 15 жыл! Осыған байланысты, El.kz жастар әлеуметтік желісінде Елордамыз Астананың 15 жылдығына арналған «Астананың ең үздік келбеті» атты фотоконкурсы өтеді. Аталмыш конкурстың мақсаты – жастар арасында Астана күнін кеңінен таныту, қала тұрғындары арасында елорданың оң имиджін қалыптастыру, Астананың көрнекті жерлерінің танымалдылығын арттыру болып табылады. Конкурс аяқталды. Жүлделі орынға ие болғандар: 1. Астаналық Сұлтан Сейітов; 2. Солтүстікқазақстандық Талғат Мухитдин; 3. Астаналық Руслан Қарсамов   Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 22-шілде күні өтеді.     Слайдшоу-раздел
05.06.2013 09:51 4867

Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Астана – еліміздегі барша қазақстандықтардың қастерлі құбыласына айналып кетті. Астананың ертегіде батырлар құсап сәт санап өсуі, көркеюі патшакөңіл халықтың мерейін одан әрмен үстем етіп отырады. Астана абаттанса, мұқым қазақ қуанады. Биыл абаттанған, мәтебесі артқан Астанаға 15 жыл!

Осыған байланысты, El.kz жастар әлеуметтік желісінде Елордамыз Астананың 15 жылдығына арналған «Астананың ең үздік келбеті» атты фотоконкурсы өтеді. Аталмыш конкурстың мақсаты – жастар арасында Астана күнін кеңінен таныту, қала тұрғындары арасында елорданың оң имиджін қалыптастыру, Астананың көрнекті жерлерінің танымалдылығын арттыру болып табылады.

Конкурс аяқталды.

Жүлделі орынға ие болғандар:

1. Астаналық Сұлтан Сейітов;
2. Солтүстікқазақстандық Талғат Мухитдин;
3. Астаналық Руслан Қарсамов
 
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 22-шілде күні өтеді.
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға