Жаңалықтар

Әл-Фараби

Әл-Фараби Әбу Нәсір (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлаг Тархани Әбу Нәсір Әл-Фараби, 870-950) - ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым, ақын. Әлемдік өркениет тарихыңда Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанған аса ірі тұлға. Қазақ даласындағы әйгілі Отырар қаласында әскер басы отбасында дүниеге келген. Өз заманының ең таңдаулы оқу орындарында (Бағдат, Мысыр, Шам, т.б.) білім алған. Еңбектерін негізінен араб тілінде жазған. Ә. еңбектері - әлем тілдеріне көп аударылып, көп зерттелген шығармалар қатарына жатады. Европада ХҮІІ ғасырға дейін тұрақты оқулық ретінде қолданылып келді. XX ғасырдың аяғында «Фарабитанудың» қазақстандық мектебінің негізі қаланды. 70-жылдары Алматыда арнайы әлемдік ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Ә. философиялық көзқарастары Шығыс пен Батыс өркениетінің құндылықтарын терең зерделеу мен синтездеу нәтижесі ретінде ерекшеленеді.   Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.   Ар-намыс, ұят туралы Шыншылдық адалдықпен ағзалас. Адамгершілік туралы Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Достық туралы Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,  Кезде дағы әзәзілдер азғырған.  Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Ақыл-ой туралы Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады. Мінез-құлық туралы Өзгенің пікірін иемденіп кету - надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс. Мінез-құлық туралы Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу. Ғылым-білім, өнер туралы Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады. Ғылым-білім, өнер туралы Шын білім - ақиқат, анық білім. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдардыорнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолындаболуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Ғылым-білім, өнер туралы Мінез - жанның айнасы. Мінез-құлық туралы Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады. Мінез-құлық туралы Ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.  Ақыл-ой туралы Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалыққұндылықтар мен өнер қуатын дарыту. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш - денінің саулығы. Денсаулық туралы Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өнер біткеннің бәрі бірдей - бір адамның құшағына сыймайды. Ғылым-білім, өнер туралы Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру. Ғылым-білім, өнер туралы Музыка - рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.Музыканың негізгі міндеті - адамның эстетикалық қажетін өтеу. Ғылым-білім, өнер туралы Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. Қадір-қасиет туралы Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық - шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.  Мінез-құлық туралы Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние - ғажап, сен - есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние - қоқыс, сен - меншік. Дүние туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
29.05.2013 12:01 8780

Әл-Фараби Әбу Нәсір (Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлаг Тархани Әбу Нәсір Әл-Фараби, 870-950) - ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым, ақын. Әлемдік өркениет тарихыңда Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанған аса ірі тұлға. Қазақ даласындағы әйгілі Отырар қаласында әскер басы отбасында дүниеге келген. Өз заманының ең таңдаулы оқу орындарында (Бағдат, Мысыр, Шам, т.б.) білім алған. Еңбектерін негізінен араб тілінде жазған. Ә. еңбектері - әлем тілдеріне көп аударылып, көп зерттелген шығармалар қатарына жатады. Европада ХҮІІ ғасырға дейін тұрақты оқулық ретінде қолданылып келді. XX ғасырдың аяғында «Фарабитанудың» қазақстандық мектебінің негізі қаланды. 70-жылдары Алматыда арнайы әлемдік ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Ә. философиялық көзқарастары Шығыс пен Батыс өркениетінің құндылықтарын терең зерделеу мен синтездеу нәтижесі ретінде ерекшеленеді.

 

Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.  

Ар-намыс, ұят туралы

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.

Адамгершілік туралы

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Достық туралы

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, 

Кезде дағы әзәзілдер азғырған. 

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Ақыл-ой туралы

Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.

Мінез-құлық туралы

Өзгенің пікірін иемденіп кету - надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Мінез-құлық туралы

Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.

Ғылым-білім, өнер туралы

Шын білім - ақиқат, анық білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдардыорнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолындаболуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Ғылым-білім, өнер туралы

Мінез - жанның айнасы.

Мінез-құлық туралы

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады.

Мінез-құлық туралы

Ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. 

Ақыл-ой туралы

Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалыққұндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш - денінің саулығы.

Денсаулық туралы

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өнер біткеннің бәрі бірдей - бір адамның құшағына сыймайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

Ғылым-білім, өнер туралы

Музыка - рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.Музыканың негізгі міндеті - адамның эстетикалық қажетін өтеу.

Ғылым-білім, өнер туралы

Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

Қадір-қасиет туралы

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық - шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. 

Мінез-құлық туралы

Ғақлия көзбен қарасаң,

Дүние - ғажап, сен - есік.

Жаһлы көзбен қарасаң,

Дүние - қоқыс, сен - меншік.

Дүние туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға