Әбіш Кекілбайұлы
Кекілбайұлы Әбіш (1939 ж.т.) — ірі ойшыл, жазушы, публицист, ірі қоғам және мемлекет қайраткері. Маңғыстау облысында дүниеге келген. Халықаралық жазушылар қауымдастығына кең танымал тұлға. Шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, жоғары баға алған.
Жолбарыстың жонын шымшылап ойнағандай - жүрек жұтқан қайсаршыншылдыққа, тереңнен суырып айтатын, таңдайды қуырып айтатын -азаматтық уытқа не жетсін, шіркін!
Батырлық, ерлік туралы
Жанкешті батылдық: «Жарға біткен жантақты жаннан безген нар жейді».
Батырлық, ерлік туралы
Намыс пен жігер бізге біреудің сыбағасына көз аларту үшін емес, өзсыбағамыздан айырылып қалмау үшін керек.
Батырлық, ерлік туралы
Қазіргі цивилизацияның - көптеген техникалық жетістіктеріне адамзат жеткілікті әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдай жасап бағатынқоғамның әзінде де - кез-келген жұмыр басты пенденің бақытты болабермеуі мүмкін.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Менің кешіре алмайтыным - қоғамдық, партиялық, ұлттық ұлықағидаларды, қасиетті ұрандарды бір басының мерейін асыру үшін оңды-солды желеулетіп бағатын «ішкі рыноктағы» идеологиялық алыпсатарлық.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Азаматтық белсенділік - ол тек елдің ең алдымен білегін түрініп шығакелетін елгезектік емес. Ол - бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектіңкөкейкесті мүддесін тапжылтпай танып барып қайратқа жүгініп, әрекетке
жүгіретін қапысыз көрегендік.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қоғамға сипаттама: арман арналанып үлгергенімен - заман арналаныпүлгерген жоқ.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Өз басым қазақ қоғамдық пікірі баяғы екі ғасыр тоғысынан бермен қарай қалғып жатты деген ұғымға қосыла алмаймын.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Заманасипаты:өтірік пен шынды айыра алмай,бір-біріміздің жағамызажармасып жүріп, бөгденің шылауында кеттік. Қайтадан отаршылдық кебінкидік. Қайтадан кеңге шықпай, көңге оралдық. Жалпымыз шетте қалыпжалқымыз ғана топқа кірдік. Өз жерімізде өркеңдеп жатқан өркениетке не алыстан көз саттық, не ішіне ене алмай, есік-терезесінен сығалапжүргенімізге мәз болдық. Жетпіс жыл бойы соныдан жол табамыз депжүріп, сол баяғы тоғыз жолдың торабынан бір-ақ шыктық. Тағы да - жол айырығында тұрмыз. Тағы да - тағдырымыз талқы үстінде.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Зар заман сыны: ата қонысыңнын шөлі - сенікі де, көлі - басқаныкішаңдағы - сенікі де, астыңдағы қазынасы - басқанікі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Заман сипаты: темірқұрсау тоталитаризм әлеуметтік бүгежектіккеұрындырды, әлеуметтік бүгежектік - саяси көлгірлікке ұрындырды, саясикөлгірлік - эстетиқалық алақолдылыққа ұрындырды.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Замана сипаты: өтпелі кезең десек те, айналмалы кезең десек теқателеспейміз. Меніңше, соңғысы дұрысырақ сияқты. Сынықсшылар бүгін салып кеткен сынығы ертең бұзылып қалса - «сынығың айналмалы екен» дейді.Қазіргі көп құбылыс соны еске салады.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Замана сипаты: біреулерге - кешегі дәуренмен қоштасуға тура келеді. Олар үшін бұл - «күйреу кезеңі». Екінші біреулерге - қалыптаса бастаған жаңа жағдайға икемделуге тура келеді: олар үшін бұл - «өтпелі кезең».
Ал үшінші біреулердің - өлгені тіріліп, өшкені жанбақшы, басынан ауыпкеткен бақ қайтып оралмақшы: олар үшін бұл - «қайта өрлеу», «қайта түлеу кезеңі». Ал төртінші біреулер үшін, атымен жаңа ұрпақтар үшін, -
бұл шын мәніндегі «дәурендеу» кезеңі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы