Жаңалықтар

Тың игеру

Қазақстанда кеңес дәуірінде тың жерлерді игеру 1920 жылдардан басталды, жазықсыз сотталған адамдардың маңдай терімен көтеріліп, кейін одан да жоғары қарқынмен жалғасты деуге негіз бар. Тұтқындар қолымен игерілетін жер көлемі жыл санап ұлғая берді. 1940 жылдың басында Алтайдан – Бетпақдалаға, одан Іле Алатауына қарай қанат жайды. Көптеген тамаша ғалымдардың еріксіз жер ауып келуі агротехникалық ғылыми станциялардың ашылуына, астықтың, бақша дақылдарының жаңа тұқымы өсірілуіне себеп болды. Мал тұқымын асылдандыру да қолға алынды. КСРО Ішкі істер министрлігі КарЛагтың керемет жетістігін дәріптеп жүрді. Тұтқындағылар АЛЖИР-де Ақмола мен Петропавлдағы ет комбинаттары үшін мал өсірілді, фермалар ұйымдастырылды. Әр әйелге 100-ден астам бұзау бекітіліп берілді. Төлдің біреуі өлсе, бағушы атылатын. 1954 жылы Компартия, ел басшылығын қолына нық алған Н.С. Хрущевтің бастамасымен тың және тыңайған жерлерді Одақтың күшімен жаппай игеру науқаны басталды. Республика жерді өз күшімен бірті-бірте кезең-кезеңмен иегере алады деп қарсылық білдірген Қазақстан басшысы Ж. Шаяхметов орнына алынып, Қазақстанға басшылық жасауға Мәскеу П. Понамаренко мен Л. Брежневті жіберді. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда мәскеулік тың игеруші эшелоны келді. 1952-1958 жылдар кезеңінде Ақмола облысына КСРО-ның басқа республикаларынан 270 мың адам келеді. Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн га тың жер көтерілді. Есесіне жергілікті халық азшылыққа айналып, қазақ мектептері жабылды, жер-су атаулары адам танымастай өзгеріп кетті.. 1960 жылы 26 желтоқсанда солтүстік бес облыстан Тың өлкесін құру туралы жарлық шықты. Н. Хрущевтің ұсынысымен 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград аталды. Тың өлкесін құру арқылы осы астықты солтүстік шұрайлы өңірді Мәскеуге тікелей бағынатын аймақ ретінде Ресейге қосу астарлы жымысқы саясатын іске асыру көзделді. Тұтас қазқа даласын бөлшектеп жіберу қатері анық төніп тұрды. Мәскеудің осы құйтұрқы саясатына сол кездегі Қазақстан Үкіметінің төрағасы Жұмабк Ахметұлы тәшенов арыстанша атылып ашық қарсы шықты, осы жүрек жұтқан ерлігі үшін биік мансабынан айрылса да қазақ даласының тұтастығын қорғап қалды. Астанада оның есімі үлкен көшеге берілген. 1965 жылы 19 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының Тың өлкесін тарату туралы Жарлығы шықты. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:57 13293

Қазақстанда кеңес дәуірінде тың жерлерді игеру 1920 жылдардан басталды, жазықсыз сотталған адамдардың маңдай терімен көтеріліп, кейін одан да жоғары қарқынмен жалғасты деуге негіз бар. Тұтқындар қолымен игерілетін жер көлемі жыл санап ұлғая берді. 1940 жылдың басында Алтайдан – Бетпақдалаға, одан Іле Алатауына қарай қанат жайды. Көптеген тамаша ғалымдардың еріксіз жер ауып келуі агротехникалық ғылыми станциялардың ашылуына, астықтың, бақша дақылдарының жаңа тұқымы өсірілуіне себеп болды. Мал тұқымын асылдандыру да қолға алынды. КСРО Ішкі істер министрлігі КарЛагтың керемет жетістігін дәріптеп жүрді. Тұтқындағылар АЛЖИР-де Ақмола мен Петропавлдағы ет комбинаттары үшін мал өсірілді, фермалар ұйымдастырылды. Әр әйелге 100-ден астам бұзау бекітіліп берілді. Төлдің біреуі өлсе, бағушы атылатын.

1954 жылы Компартия, ел басшылығын қолына нық алған Н.С. Хрущевтің бастамасымен тың және тыңайған жерлерді Одақтың күшімен жаппай игеру науқаны басталды. Республика жерді өз күшімен бірті-бірте кезең-кезеңмен иегере алады деп қарсылық білдірген Қазақстан басшысы Ж. Шаяхметов орнына алынып, Қазақстанға басшылық жасауға Мәскеу П. Понамаренко мен Л. Брежневті жіберді. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда мәскеулік тың игеруші эшелоны келді. 1952-1958 жылдар кезеңінде Ақмола облысына КСРО-ның басқа республикаларынан 270 мың адам келеді. Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн га тың жер көтерілді. Есесіне жергілікті халық азшылыққа айналып, қазақ мектептері жабылды, жер-су атаулары адам танымастай өзгеріп кетті..

1960 жылы 26 желтоқсанда солтүстік бес облыстан Тың өлкесін құру туралы жарлық шықты. Н. Хрущевтің ұсынысымен 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград аталды. Тың өлкесін құру арқылы осы астықты солтүстік шұрайлы өңірді Мәскеуге тікелей бағынатын аймақ ретінде Ресейге қосу астарлы жымысқы саясатын іске асыру көзделді. Тұтас қазқа даласын бөлшектеп жіберу қатері анық төніп тұрды. Мәскеудің осы құйтұрқы саясатына сол кездегі Қазақстан Үкіметінің төрағасы Жұмабк Ахметұлы тәшенов арыстанша атылып ашық қарсы шықты, осы жүрек жұтқан ерлігі үшін биік мансабынан айрылса да қазақ даласының тұтастығын қорғап қалды. Астанада оның есімі үлкен көшеге берілген.

1965 жылы 19 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының Тың өлкесін тарату туралы Жарлығы шықты.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға