Жаңалықтар

Ақмола: өңір жаңалықтары

Ақмола біртіндеп өзінің әуелгі әскеристратегиялық маңызын әлсіретіп, қазақ даласының Арқа өңіріндегі негізгі сауда орталығы ретінде көріне бастайды. Ақмоланың қалаға айналуына алғышарттар пайда болады. 1861 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы ішкі істер министрлігіне Ақмола тұрағына аймақтық қала дәрежесін беру және онда полицейлік басқарма құру туралы ұсыныс жасайды. 1862 жылы 23 қазанда Сенаттың жарлығымен Ақмолаға округтік қала дәрежесі берілді. Ақмола осылай қала атанды. Есілдегі шаһардың жаңа дәуірі басталды. Оның маңызды жол торабында тұруы және сауданың дамуы болашағын айқындап берді. Жылдар өтіп жатты. Ақмолаға Ресей мен Шығыстың сауда қатынасының көпірі іспеттес Сібір, Орал, Орта Азия көпестері қоныс аудара бастады. 1863 жылдың өзінде, Ақмолада 50-ден астам ресейлік, 100-ге жуық шетелдік көпес тұрақты өмір сүретін. Саудагерлердің жалпы саны 1236 адамды құрады. Көпестердің келуімен жаңа сауда ұйымдары, мануфактуралар мен банктер ашылды. Қаланың негізгі кәсібі ұзақ уақыт сауда болды. 1865 жылы сауда айналымы біржарым миллион рубльге жетеді. Ташкент саудагерлері 1864 жылы ғана осында мал айдап келетін қазақ байларынан 30 мың қой сатып алыпты. XIX ғасырдың жетпісінші жылдары Ақмола көпестері Бұхара, Қоқан, Түркістанмен сауда байланыстарын дамытты. Ақмола гербі (1868), 2 үшкір мұнаралы, ортасында күмбезі бар, жасыл қалқанға орнатылған күміс түсті ескерткіш. Қалқанның жоғарғы жағында оңға қаратылған жарты ай бейнесі орнатылған. Қалқанға алтын тәж кигізіліп, жан-жағы Александр таспасымен біріктірілген алтын дән масақтарымен көмкерілген. Гербте Ақмола бекінісін салуға алғашқы отряд келген кезде сол жерде тұрған Нияз бидің (Абылай ханның кеңесшісі) кесенесі бейнеленген деп есептеледі. 1868 жылы 21 қазанда ресей патшасының қазақ даласын басқаруға қатысты кезеңі жарлығы шықты. Хандықтан кейін енді аға сұлтандық, округ жойылып, олар басқарған өңірлер Ресейдің аумақтық бөліктеріне айналды. Ел бөлшектеніп, облыстарға, ал облыстар уездерге бөлінді. Осы ереженің мән жайын белгілі тарихшы, саясаткер П.П.Румянцев былай деп ашып жазады: «Енді қырғыз (қазақ) халқының тарихы жоқ, ауыл тұрғындарының ғана тарихы бар». Г.И. Спасский билік жүйесінің бұлай өзгеруін анархиямен теңестірді. 1868 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге сай аталған облыстар құрылды. Ақмола облысы Сібір қазақтарының Көкшетау, Атбасар, Ақмола округтерін және сібір казак әскері округтерін біріктіріп ұйымдастырылды, олыс құрамына Омбы мен Петропавл қалалары енгізілді. Ақмола қаласы облыс орталығына айналды. 1869 жылғы 13 наурызда Батыс Сібір генерал-губернаторы ішкі істер министріне Ақмола және семей облыстарының ашылғаны туралы мәлімет берді. Жаңа ереже бойынша облыстар уездерге бөлінді. Ақмола уезіне Омбы, Ақмола, Атбасар, петропавл, Көкшетау өңірлері енді. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:44 4188

Ақмола біртіндеп өзінің әуелгі әскеристратегиялық маңызын әлсіретіп, қазақ даласының Арқа өңіріндегі негізгі сауда орталығы ретінде көріне бастайды. Ақмоланың қалаға айналуына алғышарттар пайда болады. 1861 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы ішкі істер министрлігіне Ақмола тұрағына аймақтық қала дәрежесін беру және онда полицейлік басқарма құру туралы ұсыныс жасайды. 1862 жылы 23 қазанда Сенаттың жарлығымен Ақмолаға округтік қала дәрежесі берілді. Ақмола осылай қала атанды. Есілдегі шаһардың жаңа дәуірі басталды. Оның маңызды жол торабында тұруы және сауданың дамуы болашағын айқындап берді.

Жылдар өтіп жатты. Ақмолаға Ресей мен Шығыстың сауда қатынасының көпірі іспеттес Сібір, Орал, Орта Азия көпестері қоныс аудара бастады. 1863 жылдың өзінде, Ақмолада 50-ден астам ресейлік, 100-ге жуық шетелдік көпес тұрақты өмір сүретін. Саудагерлердің жалпы саны 1236 адамды құрады.

Көпестердің келуімен жаңа сауда ұйымдары, мануфактуралар мен банктер ашылды.

Қаланың негізгі кәсібі ұзақ уақыт сауда болды. 1865 жылы сауда айналымы біржарым миллион рубльге жетеді. Ташкент саудагерлері 1864 жылы ғана осында мал айдап келетін қазақ байларынан 30 мың қой сатып алыпты.

XIX ғасырдың жетпісінші жылдары Ақмола көпестері Бұхара, Қоқан, Түркістанмен сауда байланыстарын дамытты.

Ақмола гербі (1868), 2 үшкір мұнаралы, ортасында күмбезі бар, жасыл қалқанға орнатылған күміс түсті ескерткіш. Қалқанның жоғарғы жағында оңға қаратылған жарты ай бейнесі орнатылған. Қалқанға алтын тәж кигізіліп, жан-жағы Александр таспасымен біріктірілген алтын дән масақтарымен көмкерілген. Гербте Ақмола бекінісін салуға алғашқы отряд келген кезде сол жерде тұрған Нияз бидің (Абылай ханның кеңесшісі) кесенесі бейнеленген деп есептеледі.

1868 жылы 21 қазанда ресей патшасының қазақ даласын басқаруға қатысты кезеңі жарлығы шықты. Хандықтан кейін енді аға сұлтандық, округ жойылып, олар басқарған өңірлер Ресейдің аумақтық бөліктеріне айналды. Ел бөлшектеніп, облыстарға, ал облыстар уездерге бөлінді. Осы ереженің мән жайын белгілі тарихшы, саясаткер П.П.Румянцев былай деп ашып жазады: «Енді қырғыз (қазақ) халқының тарихы жоқ, ауыл тұрғындарының ғана тарихы бар». Г.И. Спасский билік жүйесінің бұлай өзгеруін анархиямен теңестірді.

1868 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге сай аталған облыстар құрылды. Ақмола облысы Сібір қазақтарының Көкшетау, Атбасар, Ақмола округтерін және сібір казак әскері округтерін біріктіріп ұйымдастырылды, олыс құрамына Омбы мен Петропавл қалалары енгізілді. Ақмола қаласы облыс орталығына айналды. 1869 жылғы 13 наурызда Батыс Сібір генерал-губернаторы ішкі істер министріне Ақмола және семей облыстарының ашылғаны туралы мәлімет берді. Жаңа ереже бойынша облыстар уездерге бөлінді. Ақмола уезіне Омбы, Ақмола, Атбасар, петропавл, Көкшетау өңірлері енді.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға