Жаңалықтар

Бытығай және Әз Тәуке

            1762 жылы орыс ғалымы П. Рычаковтың Петербургте «Сочинение коллежского советника имперской Академии наук Петра Рычкова» деген кітабы жарияланды. Қазақ жерін ұзақ уақыт шарлаған ғалым Бытығай қаласынан біраз мағлұмат береді. Бытығай Әз Тәуке хан дүние салған соң қараусыз қалған, қирап бітуге айналған дейді.             Өңір тарихын қай қырынан алсаң да Әз Тәуке әулетінің ғұмыр деректері Ақмола топырағына айналып соғады. Тәуке хан алғаш рет қазақтың Үш жүзін бір биліктің астына топтастырды, тұрақты әскер құрды, алғашқы Ата Заңымыз – Жеті Жарғыны қабылдады. Ел ішіндегі малдыны емес, ақылымен алымдысын жанына жинады.             Әз Тәуке ханның тұсында қалың жоңғар ел шетіне еліріп, егіліп кетті. Елшілері елгезек болды, ресей мен Қытай аяқ баспады. Сөйткен алдияр да өмірден өтті, 1715 жылы Түркістанда жерленді. Оның тарихта табан ізі қалған ұлдары – Болат, Сәмеке және Есім хандар.             Сәмеке – Орта Жүздің тағына Болаттан соң отырған. 1723-1725 жылдардағы қазақ-ойрат соғысында Орта Жүздің рубасылары билікті оның қолына береді. 1730 жылға дейін шайқастың бел ортасында жүреді. 1720 жылы Түркістанда отырды. Кейінгі жылдары Торғай өзені мен Ерейментауды жаз жайлайды, қыс қыстайды. 1731 жылы 19 желтоқсанда Әбілхайыр ханның жолымен ресейдің қарамағына кірді.             Есім хан – Сәмекенің кіші ұлы, Әз Тәукенің немересі, XYIII ғасырдың елуінші жылдары хан тағына отырды. Көне шаһар туралы мәліметтер қалдырған тағы бір адам – кен инженері И.П. Шангин. 1816-1820 жылдары ол «Вестник Европы», «Сибирский вестник» және «Горный журнал» басылымдарында Ақмола өңірінің көне ескерткіштері, соның ішінде Бытығай қаласы туралы бірнеше зерттеу мақала жариялаған. *** Қазақ даласын зерттеуші А.И. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсцких орд и степей» деген еңбегі қазақ жерінің табиғи ерекшеліктері жайында көптеген құнды деректерге толы. Астананы қақ жарып аққан Есіл жайлы дерктен осы ежелгі арнаның дала тауынан басталып, ұлан даланы 400 шақырым кезген соң солтүстікке кілт бұрылатынын, Ертіске қарай жөңкілетінін білесің. Оған әр тұстан қосылатын Құлаайғыр, Қайрақты, Қалқұтан, жабай өзендері көктемде күркіреп тасиды да, жазда қарасуларға бөлініп қалады. А. И. Левшиннің мына бір дерегі де нзар аударады. Ол И.П. Шангинге сілтеме жасай отырып, Аққайрақ өзенінің Есілге құятын тұсында мыс кенінің екі желісі бар екенін атап көрсетеді. Алғашқысының ұзындығы 220 метр, екіншісі – 320 метр, әр пұт кеннен 2 фут таза мыс алуға болады. Ақайрақ Астанадан қашық емес, мыс желісі Сілеті өзенінің жоғары ағысына қарай уранға айналады. Астана төңірегінде сирек металдар баршылық. А.И. Левшиннің Нұра аңғарындағы көне құрылыс ескерткіштері жөніндегі деректері – қазіргі археологтар үшін баға жетпес мәліметтер. «Нұра төңірегі тарихқа бай. Қорғалжын көлінен 55 шақырымдай жерде, өзеннің оң жағасында екі қамалдың орны бар, Қант тауына қарайғы сағасында құлаған мұнараның үйіндісі жатыр, соған таяу жерден мыс өндірген. Ал осы араға таяу ағатын Жақсыкөң өзенінің бойында бір-бірінен 30 шақырым алшақтықта екі ғимарат тұр. Бірі кірпіштен, екіншісі тастан қаланған, екеуі де күмбезді, оңтүстік пен солтүстікке қаратылған терезе ойықтары бар. Қазақтар әулиелік мән беріп, осы күнге дейін дұға оқиды», - деп жазған. И.П. Шангин мен А. И. Левшин сипаттаған археологиялық ескерткіштер тарихқа құмар тағы бір адамның – генерал С.Б. Броневскийдің «О казахах средней орды» еңбегінде де келтіріледі. Генерал С.Б. Броневскийдің Татағай (Бытығай) жайындағы жазғандары қысқа. «Ұлы қала Татағайдың немесе Бытығайдың қалдығы Нұра өзенінің Қорғалжын көліне құятын жерінен 30 шақырымда, -дейді ол. Қаланың аумағы он шақырымнан астам. Орынбор губерниясының топографиялық жазбасынан білетініміз – 1745 жылы осы қалада болған қамал пішіндес, айнала орамы 600 метр төртбұрышты палата, бір мешіт, әлде одан да көне діни ғимарат қаз-қалпында екен». Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:37 4936

            1762 жылы орыс ғалымы П. Рычаковтың Петербургте «Сочинение коллежского советника имперской Академии наук Петра Рычкова» деген кітабы жарияланды. Қазақ жерін ұзақ уақыт шарлаған ғалым Бытығай қаласынан біраз мағлұмат береді. Бытығай Әз Тәуке хан дүние салған соң қараусыз қалған, қирап бітуге айналған дейді.

            Өңір тарихын қай қырынан алсаң да Әз Тәуке әулетінің ғұмыр деректері Ақмола топырағына айналып соғады. Тәуке хан алғаш рет қазақтың Үш жүзін бір биліктің астына топтастырды, тұрақты әскер құрды, алғашқы Ата Заңымыз – Жеті Жарғыны қабылдады. Ел ішіндегі малдыны емес, ақылымен алымдысын жанына жинады.

            Әз Тәуке ханның тұсында қалың жоңғар ел шетіне еліріп, егіліп кетті. Елшілері елгезек болды, ресей мен Қытай аяқ баспады. Сөйткен алдияр да өмірден өтті, 1715 жылы Түркістанда жерленді. Оның тарихта табан ізі қалған ұлдары – Болат, Сәмеке және Есім хандар.

            Сәмеке – Орта Жүздің тағына Болаттан соң отырған. 1723-1725 жылдардағы қазақ-ойрат соғысында Орта Жүздің рубасылары билікті оның қолына береді. 1730 жылға дейін шайқастың бел ортасында жүреді. 1720 жылы Түркістанда отырды. Кейінгі жылдары Торғай өзені мен Ерейментауды жаз жайлайды, қыс қыстайды. 1731 жылы 19 желтоқсанда Әбілхайыр ханның жолымен ресейдің қарамағына кірді.

            Есім хан – Сәмекенің кіші ұлы, Әз Тәукенің немересі, XYIII ғасырдың елуінші жылдары хан тағына отырды.

Көне шаһар туралы мәліметтер қалдырған тағы бір адам – кен инженері И.П. Шангин. 1816-1820 жылдары ол «Вестник Европы», «Сибирский вестник» және «Горный журнал» басылымдарында Ақмола өңірінің көне ескерткіштері, соның ішінде Бытығай қаласы туралы бірнеше зерттеу мақала жариялаған.

***

Қазақ даласын зерттеуші А.И. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсцких орд и степей» деген еңбегі қазақ жерінің табиғи ерекшеліктері жайында көптеген құнды деректерге толы. Астананы қақ жарып аққан Есіл жайлы дерктен осы ежелгі арнаның дала тауынан басталып, ұлан даланы 400 шақырым кезген соң солтүстікке кілт бұрылатынын, Ертіске қарай жөңкілетінін білесің. Оған әр тұстан қосылатын Құлаайғыр, Қайрақты, Қалқұтан, жабай өзендері көктемде күркіреп тасиды да, жазда қарасуларға бөлініп қалады.

А. И. Левшиннің мына бір дерегі де нзар аударады. Ол И.П. Шангинге сілтеме жасай отырып, Аққайрақ өзенінің Есілге құятын тұсында мыс кенінің екі желісі бар екенін атап көрсетеді. Алғашқысының ұзындығы 220 метр, екіншісі – 320 метр, әр пұт кеннен 2 фут таза мыс алуға болады. Ақайрақ Астанадан қашық емес, мыс желісі Сілеті өзенінің жоғары ағысына қарай уранға айналады. Астана төңірегінде сирек металдар баршылық.

А.И. Левшиннің Нұра аңғарындағы көне құрылыс ескерткіштері жөніндегі деректері – қазіргі археологтар үшін баға жетпес мәліметтер. «Нұра төңірегі тарихқа бай. Қорғалжын көлінен 55 шақырымдай жерде, өзеннің оң жағасында екі қамалдың орны бар, Қант тауына қарайғы сағасында құлаған мұнараның үйіндісі жатыр, соған таяу жерден мыс өндірген. Ал осы араға таяу ағатын Жақсыкөң өзенінің бойында бір-бірінен 30 шақырым алшақтықта екі ғимарат тұр. Бірі кірпіштен, екіншісі тастан қаланған, екеуі де күмбезді, оңтүстік пен солтүстікке қаратылған терезе ойықтары бар. Қазақтар әулиелік мән беріп, осы күнге дейін дұға оқиды», - деп жазған.

И.П. Шангин мен А. И. Левшин сипаттаған археологиялық ескерткіштер тарихқа құмар тағы бір адамның – генерал С.Б. Броневскийдің «О казахах средней орды» еңбегінде де келтіріледі. Генерал С.Б. Броневскийдің Татағай (Бытығай) жайындағы жазғандары қысқа. «Ұлы қала Татағайдың немесе Бытығайдың қалдығы Нұра өзенінің Қорғалжын көліне құятын жерінен 30 шақырымда, -дейді ол. Қаланың аумағы он шақырымнан астам. Орынбор губерниясының топографиялық жазбасынан білетініміз – 1745 жылы осы қалада болған қамал пішіндес, айнала орамы 600 метр төртбұрышты палата, бір мешіт, әлде одан да көне діни ғимарат қаз-қалпында екен».

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға