Жаңалықтар

Бытығай

Ғұн империясы берік орныққан Ұлы дала одан бергі ұзақ заманда  Дешті Қыпшақтың қасиетті мекені болды. «Дешті Қыпшақ» деген сөздер Қыпшақ даласы, Қыпшақ мекені деген ұғымды білдіреді. Ресей мен Орта Азияға, одан асып бүкіл Шығыс Еуропаға сол дәуірдегі әскери-тұрмыстық және қалалық мәдениетті молынан таратқан қыпшақтар қазіргі Астана маңында небір тамаша шаһарларға ғұмыр берген. Солардың бірі – Елордадан қол созым жерде Нұраың бойындағы Бытығай қаласы.             Франция королі IX Людвиктің тапсырысымен 1253-1255 жылдары фламанд саяхатшысы Рубрик Виллем қазақ даласына аттанады. Ол Ұлы даланы әбден шарлап қайтқан соң, IX Людвикке көрген-білгенін әскери барлаушы секілді тактикалық тұжырымдар түрінде баяндайды. Ертіс, Есіл, Нұра, Кеңгір, Сарысу, Қорғалжын, Балқаш секілді өзен-көлдердің дала халқы үшін аса маңызды екенін мәлімдейді. Анжатам, Болған-ана, Жұбан-ана қалаларын суреттеп береді.             Дәл осындай деректерді Испан короліне 1271-1295 жылдары қазақ жері арқылы Қытайға өткен атақты саяхатшы Марко Поло да жеткізеді. Аталған саяхатшылардың көрген-білгендерін Италияға да белгілі болған, олардың деректері 1375 жылы Италияда кұрастырылған «Каталон картасында» молынан пайдаланылған. Карта Итаиядан Дешті Қыпшақ жеріне саудамен келген көпестердің жолбастар құнды құралы болған.             Осындай карта 1459 жылы Венецияда Фра-Маура деген атпен жарық көреді. 1742 жылы Францияда өңделіп, тың деректермен байыпталып шығарылады. Соның бәрінде Солтүстік және Орталық Қазақстан назарға алынған. Сарай, Сүзген-тұра, Қашлық, Ақтоғай, Іскер, Қайнақ, Ханыкей, Бытығай қалаларының географиялық орналасу реті, халқы туралы мәліметтерге бай.             Ежелгі Қараөткел – Ақмола дүниенің төр бұрышына осылай мәлім болыпты.             «Чертежная книга Сибири» кітабында Арқа аймағының географиялық бедері дәл түсірілген, табиғаты, жер асты байлығы туралы мол мәліметтер келтірілген. Тағы бір ерекшелігі – көне мәдениет ескерткіштеріне де тыңғылықты сипаттама жасалады. Тобыл, Есіл, Қорғалжын атауларын табасыз, Нұраның сағасындағы Бытығай қаласының орыны туралы нақты мәліметке қанасыз.             Бытығай қаласы ресей картасына алғаш рет 1694 жылы түсірілген. Бұл картаның авторлары – Ресейден сол жылы әз Тәуке ханға келген елшілер Ф. Скибин мен М. Трошин. Карта 20 парақтан тұрады, «Казачья орда» деген ат берілген. Аса құнды осы мұрағатта Әз Тәуке Нұра өзенінің бойында орда тігіп отырғаны, оған бару үшін Есілден өтуге тура келгені баяндалады. Сол жерден Қорғалжын көлі алыс емес делініп, орда мен көлдің аралығында, Нұраның жағасында бытығай атты қала бар екені әңгімеленеді. Әз Тәукенің қаланы ерекше қамқорлықпен күтіп ұстап отырғанын айта келіп, елшілер шаһарда салтанатты діни орындардың көп екендігіне таңқалады. Жібек жолын пайдаланағн керуендер Бытығайда тоғысып жататынын хабарлайды. Ресей елшілері Ф. Скибин мен М. Трошиннің мәліметіне назар аударсақ, аақты Әз тәуке ханның – Қазақ мемлекеттігінің керегесін кеңейтіп, алғашқы Ата заңы – «Жеті жарғыны» өмірге әкелген кемеңгер ханның жазғы ордасы қазіргі астананың түбінде болғандығы. Жазғы орда құрылыс салынған қала емес. Хандардың жазғы ордасында арнайы жасалған киіз үйлер болған. Келіп тігеді, кеткенде жинап әкетеді. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:35 5632

Ғұн империясы берік орныққан Ұлы дала одан бергі ұзақ заманда  Дешті Қыпшақтың қасиетті мекені болды. «Дешті Қыпшақ» деген сөздер Қыпшақ даласы, Қыпшақ мекені деген ұғымды білдіреді. Ресей мен Орта Азияға, одан асып бүкіл Шығыс Еуропаға сол дәуірдегі әскери-тұрмыстық және қалалық мәдениетті молынан таратқан қыпшақтар қазіргі Астана маңында небір тамаша шаһарларға ғұмыр берген. Солардың бірі – Елордадан қол созым жерде Нұраың бойындағы Бытығай қаласы.

            Франция королі IX Людвиктің тапсырысымен 1253-1255 жылдары фламанд саяхатшысы Рубрик Виллем қазақ даласына аттанады. Ол Ұлы даланы әбден шарлап қайтқан соң, IX Людвикке көрген-білгенін әскери барлаушы секілді тактикалық тұжырымдар түрінде баяндайды. Ертіс, Есіл, Нұра, Кеңгір, Сарысу, Қорғалжын, Балқаш секілді өзен-көлдердің дала халқы үшін аса маңызды екенін мәлімдейді. Анжатам, Болған-ана, Жұбан-ана қалаларын суреттеп береді.

            Дәл осындай деректерді Испан короліне 1271-1295 жылдары қазақ жері арқылы Қытайға өткен атақты саяхатшы Марко Поло да жеткізеді. Аталған саяхатшылардың көрген-білгендерін Италияға да белгілі болған, олардың деректері 1375 жылы Италияда кұрастырылған «Каталон картасында» молынан пайдаланылған. Карта Итаиядан Дешті Қыпшақ жеріне саудамен келген көпестердің жолбастар құнды құралы болған.

            Осындай карта 1459 жылы Венецияда Фра-Маура деген атпен жарық көреді. 1742 жылы Францияда өңделіп, тың деректермен байыпталып шығарылады. Соның бәрінде Солтүстік және Орталық Қазақстан назарға алынған. Сарай, Сүзген-тұра, Қашлық, Ақтоғай, Іскер, Қайнақ, Ханыкей, Бытығай қалаларының географиялық орналасу реті, халқы туралы мәліметтерге бай.

            Ежелгі Қараөткел – Ақмола дүниенің төр бұрышына осылай мәлім болыпты.

            «Чертежная книга Сибири» кітабында Арқа аймағының географиялық бедері дәл түсірілген, табиғаты, жер асты байлығы туралы мол мәліметтер келтірілген. Тағы бір ерекшелігі – көне мәдениет ескерткіштеріне де тыңғылықты сипаттама жасалады. Тобыл, Есіл, Қорғалжын атауларын табасыз, Нұраның сағасындағы Бытығай қаласының орыны туралы нақты мәліметке қанасыз.

            Бытығай қаласы ресей картасына алғаш рет 1694 жылы түсірілген. Бұл картаның авторлары – Ресейден сол жылы әз Тәуке ханға келген елшілер Ф. Скибин мен М. Трошин. Карта 20 парақтан тұрады, «Казачья орда» деген ат берілген. Аса құнды осы мұрағатта Әз Тәуке Нұра өзенінің бойында орда тігіп отырғаны, оған бару үшін Есілден өтуге тура келгені баяндалады. Сол жерден Қорғалжын көлі алыс емес делініп, орда мен көлдің аралығында, Нұраның жағасында бытығай атты қала бар екені әңгімеленеді. Әз Тәукенің қаланы ерекше қамқорлықпен күтіп ұстап отырғанын айта келіп, елшілер шаһарда салтанатты діни орындардың көп екендігіне таңқалады. Жібек жолын пайдаланағн керуендер Бытығайда тоғысып жататынын хабарлайды. Ресей елшілері Ф. Скибин мен М. Трошиннің мәліметіне назар аударсақ, аақты Әз тәуке ханның – Қазақ мемлекеттігінің керегесін кеңейтіп, алғашқы Ата заңы – «Жеті жарғыны» өмірге әкелген кемеңгер ханның жазғы ордасы қазіргі астананың түбінде болғандығы. Жазғы орда құрылыс салынған қала емес. Хандардың жазғы ордасында арнайы жасалған киіз үйлер болған. Келіп тігеді, кеткенде жинап әкетеді.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға