Білге қаған, Базар Оңдасұлы
Білге қаған
|
Білге (684-734) — көне түркі мемлекетінің билеушісі. Есімі — Мерген (қытайша Могилан). Әкесі — ел төресі Құтлұғ қаған. Алты жасында жетім қалады. Байсалдылығымен, ақылдылығымен және зор әскери дарынымен ерте ел көзіне түсіп, түрік-қытай билеушілерінің ықыласына бөленген. 715 жылы қаған тағына отырып, 19 жыл ел биледі. Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Түркіні бұзар - тәтті сөз. Асыл сөз туралы Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды. Мінез-құлық туралы Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады. Мінез-құлық туралы Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. Мінез-құлық туралы Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы. Отан, туған жер туралы Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тастағы жазудан тағлым алғайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар. Батырлық, ерлік туралы Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
|
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

