Жаңалықтар

Ахмет Йгүнеки

Йгүнеки Ахмед (Әдиб Ахмед ибн Махмұд Йгүнеки, ХІІ-ХІІІғ.ғ.) ойшыл, ақын. Түркістан маңында дүниеге келген. Көп оқып, білімдар (әдиб — «оқымысты, жазушы» деген ұғымды білдіреді) атанған, түркі, араб және парсы тілдерін жетік білген. «Ақиқат сыйы» атты әйгілі  дидактикалық поэма жазған. Дастанның түпнұсқасы жойылып кеткен, үш қолжазбасы және олардың үш түрлі үзінділері сақталған (Стамбул). Оның біреуі Сауран қаласы әмірінің бұйрығымен көшірілген. Қазақшаға аударылып, араб тіліндегі нұсқасымен қоса 1985 жылы «Ғылым» баспасында жарық көрген.   Көп сөйлеген сөз - арзан. Асыл сөз туралы Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа. Асыл сөз туралы Тіл мен жақтың көркі - сөз. Асыл сөз туралы Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп. Асыл сөз туралы Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды, Сөздері білімдардың қартаймайды. Асыл сөз туралы Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр. Асыл сөз туралы Қайырсыз адам - жеміссіз ағаш. Адам өмірі туралы Жақсы мінез - жомарттық. Мінез-құлық туралы Сараң - малдың құлы. Сараңдық туралы Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды. Сараңдық туралы Берместің қолы бермеске бекем келер. Сараңдық туралы Сараңның жиған малы - арам. Сараңдық туралы Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кеуде керіп, халықты тілдемес болар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тәкаппардың тонын киме! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Кішіпейілдің - абыройы асар, Тәкаппардың - құты қашар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өз ашуын өзі баса білген адам - күшті адам. Сабырлық туралы Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе, Сабырлық туралы Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе. Сабырлық туралы Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет. Сабырлық туралы Сабыр - сауап. Сабырлық туралы Жақсыға жақсы жарасар. Жақсы мен жаман туралы Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да - жауапсыз қалмайды. Жақсы мен жаман туралы Жаман мінез жанға опа бермес. Жақсы мен жаман туралы Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар. Достық туралы Мың досты - көп демегейсің, Бір дұшпанды - аз демегейсің. Достық туралы Жақсы жолдас - бауырың. Достық туралы Сүйеуі бардың - сөзі де басым. Достық туралы Заман емес - адам ренжітеді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Таза жүрген жол таба алмай торығып, Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер Қоғам, мемлекет, заман туралы Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар. Адам өмірі туралы Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді. Бақыт туралы Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады. Бақыт туралы Кедейлік - кемдік емес. Байлық-кедейлік туралы Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі. Байлық-кедейлік туралы Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді, Ақылмен іс істеген өкінбейді. Білмеген талай жұмыс істей жүріп, Амал жоқ түбінде сол опық жейді. Ғылым-білім, өнер туралы Біліксіз білмей де сөйлей береді. Ғылым-білім, өнер туралы Өнерлінің - өкініші көп, Өнерсіздің - өкініші жоқ. Ғылым-білім, өнер туралы Бұ дүние - өнерліге өгей-ді, Қамсыз адам өнері жоқ көбейді. Өнер дәулет әкелмейді кісіге, Сол-ақ  қиын, сонда кімдер жебейді. Ғылым-білім, өнер туралы Жарлының жалғыз байлығы - білім. Ғылым-білім, өнер туралы Бақыттың жолын білім ашар. Ғылым-білім, өнер туралы Кедейдің кертіп жер малы - білім. Ғылым-білім, өнер туралы Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады. Ғылым-білім, өнер туралы Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді. Ғылым-білім, өнер туралы Білімдіге білімсіз тең бола алмас. Ғылым-білім, өнер туралы Білікті біліп айтар. Ғылым-білім, өнер туралы Әдептің басы - байқап сөйлеу. Әдептілік, сыпайылық туралы Тіл біреуді - көтереді, біреудің - түбіне жетеді. Тіл туралы Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді. Адам өмірі туралы Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде, Удай ащы - ертең тастап кеткенде. Қоғам, мемлекет, заман туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
14.05.2013 07:57 8041

Йгүнеки Ахмед (Әдиб Ахмед ибн Махмұд Йгүнеки, ХІІ-ХІІІғ.ғ.) ойшыл, ақын. Түркістан маңында дүниеге келген. Көп оқып, білімдар (әдиб — «оқымысты, жазушы» деген ұғымды білдіреді) атанған, түркі, араб және парсы тілдерін жетік білген. «Ақиқат сыйы» атты әйгілі  дидактикалық поэма жазған. Дастанның түпнұсқасы жойылып кеткен, үш қолжазбасы және олардың үш түрлі үзінділері сақталған (Стамбул). Оның біреуі Сауран қаласы әмірінің бұйрығымен көшірілген. Қазақшаға аударылып, араб тіліндегі нұсқасымен қоса 1985 жылы «Ғылым» баспасында жарық көрген.

 

Көп сөйлеген сөз - арзан.

Асыл сөз туралы

Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.

Асыл сөз туралы

Тіл мен жақтың көркі - сөз.

Асыл сөз туралы

Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп.

Асыл сөз туралы

Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,

Сөздері білімдардың қартаймайды.

Асыл сөз туралы

Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.

Асыл сөз туралы

Қайырсыз адам - жеміссіз ағаш.

Адам өмірі туралы

Жақсы мінез - жомарттық.

Мінез-құлық туралы

Сараң - малдың құлы.

Сараңдық туралы

Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.

Сараңдық туралы

Берместің қолы бермеске бекем келер.

Сараңдық туралы

Сараңның жиған малы - арам.

Сараңдық туралы

Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тәкаппардың тонын киме!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кішіпейілдің - абыройы асар,

Тәкаппардың - құты қашар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өз ашуын өзі баса білген адам - күшті адам.

Сабырлық туралы

Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,

Сабырлық туралы

Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.

Сабырлық туралы

Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.

Сабырлық туралы

Сабыр - сауап.

Сабырлық туралы

Жақсыға жақсы жарасар.

Жақсы мен жаман туралы

Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да - жауапсыз қалмайды.

Жақсы мен жаман туралы

Жаман мінез жанға опа бермес.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Достық туралы

Мың досты - көп демегейсің,

Бір дұшпанды - аз демегейсің.

Достық туралы

Жақсы жолдас - бауырың.

Достық туралы

Сүйеуі бардың - сөзі де басым.

Достық туралы

Заман емес - адам ренжітеді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Таза жүрген жол таба алмай торығып,

Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.

Адам өмірі туралы

Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.

Бақыт туралы

Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.

Бақыт туралы

Кедейлік - кемдік емес.

Байлық-кедейлік туралы

Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.

Байлық-кедейлік туралы

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,

Ақылмен іс істеген өкінбейді.

Білмеген талай жұмыс істей жүріп,

Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Біліксіз білмей де сөйлей береді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Өнерлінің - өкініші көп,

Өнерсіздің - өкініші жоқ.

Ғылым-білім, өнер туралы

Бұ дүние - өнерліге өгей-ді,

Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.

Өнер дәулет әкелмейді кісіге,

Сол-ақ  қиын, сонда кімдер жебейді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Жарлының жалғыз байлығы - білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Бақыттың жолын білім ашар.

Ғылым-білім, өнер туралы

Кедейдің кертіп жер малы - білім.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білімдіге білімсіз тең бола алмас.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білікті біліп айтар.

Ғылым-білім, өнер туралы

Әдептің басы - байқап сөйлеу.

Әдептілік, сыпайылық туралы

Тіл біреуді - көтереді, біреудің - түбіне жетеді.

Тіл туралы

Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.

Адам өмірі туралы

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,

Удай ащы - ертең тастап кеткенде.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға